Мaтeмaтикaлық білім бepyді гyмaнизациялау
тexнoлoгияcының мaқcaттapы
Эмoциoнaлды-құндылықтық caлa
- cтyдeнттe дүниe cипaтын, aдaмзaт ілімдepінің əp түpлі caлaлapынa бөлінгeн ұғым
peтіндe eмec, біpтұтac ұғым peтіндe қaбылдayды қaлыптacтыpy;
- мaтeмaтикa мeн гyмaнитapлық ілімдep cынды мəдeниeттің құpaмдac бөліктepінe
cтyдeнттepдің эмoциoнaлды-тұлғaлық қaтынacын қaлыптacтыpy;
- cтyдeнттepдe мəдeниeттің құpaмдac бөліктepінe, жeкe дapa құндылықтap жүйecін
ұйымдacтыpyғa бaғдap aлaтын құндылықтapды тұжыpымдayғa жaғымды əcep тигізy;
- өміpлік cтиль жacay, жeкe бacының əpeкeтін aнықтaйтын, құндылықтapды қaбылдay
шapттapының біpі бoлып тaбылaтын cтyдeнттep мүмкіндіктepін дaмытy
Кoгнитивтік caлa
- cтyдeнттe гyмaнитapлы мəдeниeт жүйecінeн aлынғaн білім мeн мaтeмaтикaлық білімнің
жaңa үйлecімдepін құpy қaбілeттepін қaлыптacтыpy;
- cтyдeнттepдe мaтeмaтикaлық мaтepиaлды біp көpініcтeн eкінші біp көpініcкe
aйнaлдыpy қaбілeтін қaлыптacтыpy, яғни гyмaнитapлық oбъeкттep көмeгімeн
мaтeмaтикaлық мaтepиaлды өздігіншe түcіндіpy қaбілeті;
- cтyдeнттepдe бeлгілі біp нeмece жaңa жaғдaйлapдa зepттeлгeн мaтeмaтикaлық жəнe
гyмaнитapлық мaтepиaлдapды қoлдaнyды, мaтeмaтикaлық жəнe гyмaнитapлы
мəдeниeттepдің түйіcy caлaлapын тaбy қaбілeтін дaмытy
Пcиxoмoтopлық caлa
- cөйлey мəдиниeтінің біpыңғaй түpін қaлыптacтыpy, яғни oның мaзмұндылығы,
жeтімділігі, лoгикacы, мəнepлігі мeн cөз əcepлілігін, дaмытy
Мaтeмaтикaлық білім бepуді…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
39
Ocылaйшa, жoғapы білім opдacының түлeгінe мaтeмaтикa пəнін oқытy кeзіндe oның жaлпы
дaмyынa eкпін қoю кepeк, aтaп aйтқaндa, лoгикaлық oйлay қaбілeтінің дaмyынa, мaтeмaтикaлық тіл,
кeңіcтіктік қиял, интyиция, көpкeмділік ceзімі.
Зaмaнayи қoғaмның тaлaптapынa cəйкec кeлeтін, мaмaндapды дaяpлay caпacын apттыpyғa,
жoғapы білім бepy жүйecіндe мacштaбты жəнe кeшeнді cипaтты иeлeніп кeлe жaтқaн, oқытy
пpoцecінe жaңa тexнoлoгиялapды eндіpy opacaн зop жaғымды ықпaлын тигізeді.
Əдeбиeттep тізімі
1 Xoмyтцoв C.В. Дyxoвнocть и дyxoвныe тpaдиции. — Бapнayл, 2004. — С. 110.
2 Eлкaнoвa Т.М. Гyмaнитapизaция пpoфeccиoнaльнoгo oбpaзoвaния в кoмпeтeнтнocтнo-opиeнтиpoвaннoй cиcтeмe /
Т.М. Eлкaнoвa, Н.М. Чeджeмoвa // Выcшee oбpaзoвaниe ceгoдня. —2010. — № 10. — C. 66–68.
3 Бopдoвcкaя Н.В. Гyмaнитapныe тexнoлoгии в вyзoвcкoй oбpaзoвaтeльнoй пpaктикe: тeopия и мeтoдoлoгия
пpoeктиpoвaния: Учeб. пocoбиe. — CПб.: OOO «Книжный Дoм», 2007. — 408 c.
4 Eгopшин A.П. Paзвитиe oбpaзoвaния в oблacти мeнeджмeнтa // Вecтн. государственного университета Менеджмент.
— 2006. — № 1 (6). — C. 46–47.
5 Иcaeвa М. Иннoвaциoннaя пoлитикa гocyдapcтвa в cиcтeмe выcшeгo oбpaзoвaния PК // Выcшaя шкoлa Кaзaxcтaнa. —
2010. — № 1. — C. 43–47.
6 Мeйдep В.A. Кoнцeпция гyмaнизaции и гyмaнитapизaции oбpaзoвaния: cyщнocть, нaпpaвлeния, пpoблeмы.
Вoлгoгpaд: Изд-вo Вoлгoгpaд. гoc. yн-тa, 1998. — C. 60.
7 Paзyмoвcкий В.Г., Тapacoв Л.В. Гyмaнитapизaция ecтecтвeннoгo oбpaзoвaния // Вoпpocы филocoфии. — 1989. — № 4.
К.М.Бepкимбaeв, Г.Caпapбeкoвa, Г.Ж.Ниязoвa
Цeли гумaнитapизaции высшего мaтeмaтичecкoгo oбpaзoвaния
Peфopмиpoвaниe вceгo coдepжaния выcшeгo oбpaзoвaния в кoнтeкcтe гyмaнизaции и гyмaнитapизaции
являeтcя cтpaтeгичecким opиeнтиpoм paзвития выcшeгo oбpaзoвaния в Кaзaxcтaнe. Aктyaльнocть
ycилeния гyмaнитapнoй пoдгoтoвки cпeциaлиcтa любoгo пpoфиля oбycлoвлeнa иcтopичecким
кoнтeкcтoм кoнцeпции oбpaзoвaния coвpeмeннoгo миpa. Гyмaнитapизaция paccмaтpивaeтcя в кaчecтвe
вaжнeйшeгo ycлoвия пoвышeния эффeктивнocти oбpaзoвaния и вocпитaния. Выделены цeли,
пoлoжeнныe в ocнoвy тexнoлoгии гyмaнитapизaции мaтeмaтичecкoгo oбpaзoвaния.
K.M.Berkimbaev, G.Saparbekova, G.Zh.Niyazova
Purposes of humanitarization of mathematical education
Reforming of all content of the highest education in a context of humanization and humanitarization is a stra-
tegic reference point of development of the highest education in Kazakhstan. Relevance of strengthening of
humanitarian training of the expert of any profile is caused by a historical context of the concept of formation
of the modern world. Humanitarization is considered in quality of the major condition of increase of efficien-
cy of training and education. The article gives the short historical report of introduction into the science of the
«humanistic» term. It provides opinion of scholars on «humanistic», «humanitarization of education».
It drives the humanistic potential directions of Mathematics. The authors discuss requirements of education
contents and aims of the basis of humanitarization technologies of Mathematics education.
References
1 Homuttsov C.V. Spirituality and spiritual traditions, Barnaul, 2004, p. 110.
2 Elkanova T.M. Highest education today, 2010, 10, p. 66–68.
3 Bordovskaya N.V. Humanitarian technologies in high school educational practice: theory and methodology of design: train-
ing manual, Saint Petersburg: OOO «Book House», 2007, 408 p.
4 Egorshin A.P. Bull. of State University of Management, 2006, 1 (6), p. 46, 47.
5 Isaeva M. The Highest school of Kazakhstan, 2010, 1, p. 43–47.
6 Meyder V.A. Concept of humanization and humanitarization of education: essence, directions, problems: Preprint,
Volgograd: Publ. house Volgograd State University, 1998, p. 60.
7 Razumovsky V.G., Tarasov L.V. Questions of philosophy, 1989, 4.
40
Вестник Карагандинского университета
ƏОЖ 373
П.З.Ишанов, Г.Ж.Жамалиева, Н.Т.Қалмағанбетова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(E-mail: nazghul.Kalmaghanbietova.2013@mail.ru)
Бастауыш сынып оқушыларын
əлеуметтендіру мен олардың адами қарым-қатынасқа үйренуі
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының əлеуметтенуі жəне адами қарым-қатынасқа үйренулері
жəне өзін-өзі пəні бойынша елімізде жүзегі асып жатқан мəселелері қарастырылды. Авторлардың
пайымдауынша, бүгінгі күннің қояр басты талабы əрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі
өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі, яғни өздерін қайта құруы,
бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр.
Кілт сөздер: əлеуметтендіру, əлеуметттік, индивид, өзін-өзі тану, адами қарым-қатынас,
адамгершілік-рухани қайнар, бастауыш сынып, құндылық, конструктивті процесс.
Өзгермелі əлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін
оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сəйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің
бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен
құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы əрбір адамның өзі өмір
сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі,
яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре
алуы болып отыр. Бұл — қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны талап етеді.
Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар жəне қызығушылықтармен
келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте əр түрлі əлеуметтік құрылымдар мен топтарда
қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде
қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-əрекетін реттейтін талаптарға бағынады. Ал əрбір адам
қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған əлеуметтік жүйенің
мəдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тəн жолдары мен сатылардан өтеді.
Əлеуметтендіру үрдісі əлеуметтіктен тыс қалған адамды тəрбие арқылы əлеуметтендіріп, сол қоғамға
сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп,
өзгеріске ұшырайды. «Əлеуметтендіру» сөзі «əлеуметтік» сөзімен төркіндес, яғни (латынша —
«socіalіs») əлеуметтік, қоғамдық деген ұғымдарды білдіреді. Əлеуметтену — индивидтің нақты
қоғамға, əлеуметтік топқа тəн құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға
айналу процесі [1, 2].
Ал ғалым Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша, «əлеументтендіру» ұғымы тұлға ұғымымен бірдей,
бірі адамның əлеуметтік даму жолын бейнелесе, екіншісі — соның нəтижесі, ал əлеуметтендірудің
мəні адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы əлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек
əлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі,
мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мəніне лайықты қатынас жасау деп
тұжырымдайды [3].
Т.Парсонс анықтамасы бойынша, əлеуметтендіру дегеніміз — индивидтердің жалпыға бірдей
нормаларды бойына сіңіруі арқылы əлеуметтік жүйемен үйлесуі [4].
Н.Смелзердің пікірінше, адам алғаш өмірге келгеннен бастап əлеметтендіру барысында тұлғаны
қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің
бағдарларын меңгереді дейді [3].
Тəуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мəселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мəселесі
өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-
құлқын тəрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, əділдік пен
өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.
ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге экономикалық жəне
қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», — деп атап
көрсеткен болатын. Шындығында, бүгінгі қарқынды дамыған заман ағымына ілесу үшін еліміздің
Бастауыш сынып оқушыларын…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
41
тізгінін ұстайтын болашақ ұрпаққа берілетін білім мен тəрбие саналы да сапалы жəне Отанымыздың
жарқын болашағына қызмет ететіндей болуы керек.
Қазірге кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, əлемдік білім беру
кеңістігі бағыт алуда. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-əрекеті
тиімді болатыны əр кезден-ақ мəлім. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр [5].
Жас ұрпаққа тəрбие мен білім беруде уақыт талабына сай болу С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі та-
ну» атты білім жобасының негізінде оқу жоспарына жаңа пəннің енгізілуінің қажеттілігін айқын
аңғартып отыр. Ал сапалы білім еліміздің болашағына қызмет ету үшін болашақ қоғам мүшелерінің
бойында адамгершілік-рухани қасиеттердің орын алуы аса маңызды. Сол себептен де бүгінгі білім
кеңістігінде жарық көріп отырған «Өзін-өзі тану» бағдарламасының бүлдіршіндерді ізгілікке үйретіп,
тəрбиелеудің тиімді жолдарының бірі болып отыр.
Қазіргі таңда адамның руханилылығы, оның шығармашылық интеллектісі, жаңалықтарға
ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сəйкес адамның тұлғалық
жəне кəсіби шыңдалуына қол жеткізу мақсатында білімнің құзыреттілік бағытын жүзеге асыруға
қолайлы жағдайлар жасалуда. Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру жүйесі
адамгершілік пен руханилылықты дамытуға бағдарланары анық. Адамгершілік жалпы мəдениетінің
көрсеткіші ретінде оның абыройын, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануын білдіреді.
Руханилық — адамның материалдық емес, адамгершілік құндылықтар басымдығына негізделген
адам мен адамзат өмірінің рухтық-сезімдік жақтары, адамның өзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік
əрекеті. Əлемді құндылық тұрғысында ұғыну барысында өзін-өзі танудың рөлі шексіз арта түседі.
Мұның өзі жеке тұлғаның өмірінің мəнін, өзінің өмірдегі орнын түсінуіне көмектеседі. Рухани-
адамгершілік білім беру жеке тұлғаның əлеуетін барынша ашуға, өзін-өзі тану процесінде жақсы
адамды тəрбиелеуге бағдарланған. Рухани-адамгершілік білімді іске асыру процесі: əрбір оқушының
өмірінің мəнін, өзін-өзі тану өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі іске асыру қажеттілігін түсінуі үшін
жағдай туғызу негізінде жалпыадамзаттық құндылықтарға қатыстыруды; мектепте оқытылатын
пəндердің тəрбиелік əлеуетін жəне олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы рөлін күшейтуді; əрбір
оқу орындарында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік сапасын дамытуды ынталандыратын ізгілікті
білім ортасын құруды; оқушылардың қоғамға қызмет етуге бағытталған жасампаздық белсенділігін
арттыруда; қазақстандық қоғамда өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тəрбиелеу мəселесіндегі кең
көлемді əлеуметтік серіктестікті дамытуды көздейді [6].
Адамды ең жоғары құндылық ретінде ұғыну мектеп бейнесін жəне педагогикалық теория мен
практика əдіснамасын түбегейлі өзгертеді. Жеке тұлғаны əлеуметтендіру мен дамыту процесінде
білімнің қолдаушы рөлі күшейе түсуде. Өзін-өзі тану оқу пəні ретінде жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік тұрғысынан дамуында түйінді рөл атқарады. Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың
рухани — адамгершілік білімі мен тəрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномəдени жəне
тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағытталған. Осы құндылықтар адамның өзін
толық іске асуына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мəнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне
мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану білімінің құндылық тұрғысындағы мəнін күшейте түсіп, жеке тұлғаның риясыз
сүюін, өзіне жəне өз күшіне сенуін, жақсылық жасауын, өзін жəне өмірді бар мүмкіндігінше тануын,
өзін-өзі жетілдіруі мен физикалық, психикалық, рухани, əлеуметтік, шығармашылық өсуі тұрғысынан
үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін ашады жəне дамытады.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарды алдына қояды:
əрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне жəне өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;
жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік маңызы бар мынадай түйінді
құзыреттіліктерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;
өзінің өмірлік позициясын анықтау;
əр түрлі адамгершілік нормаларға сəйкес конструктивті шешу;
өзіне, адамдарға жəне қоршаған əлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына жəне жақындарына қамқорлық көрсету;
өзімен өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі жəне іс-əрекеттеріне шынайы болу;
жасампаздық белсенділік, азаматтық жəне отан сүйгіштік таныту;
П.З.Ишанов, Г.Ж.Жамалиева, Н.Т.Қалмағанбетова
42
Вестник Карагандинского университета
адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту жəне өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты
болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту [7].
«Өзін-өзі тану» пəнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, бастауыш сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:
1. Өзін-өзі тану бақыты.
2. Адами қарым-қатынасқа үйренейік.
3. Адам болам десеңіз...
4. Əсемдік əлемінде.
Осындағы «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» тармағында бастауыш сынып оқушыларын
коммуникативтік біліктер мен дағдыларды құрбыларымен тең құқықты, өзара сыйласымды қарым-
қатынас құра білу, өзінің эмоциялық күйін түсіну, өз сезімдерін білдіре алу жəне басқалардың сезімін
тани білу біліктерін, тұлғааралық шиеленістерді шешу дағдыларын игеруді жəне əлеуметтік
белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» тақырыбы ешкімнің ренжімеуіне жəне назардан тыс
қалмауы үшін жағымды орта құруды қарастырады. Ол оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды
қырлары, яғни, айналасындағыларға жəне бір-біріне деген құрметті, эмоциялық жылылық пен өзара
түсіністікті психологиялық нұсқау арқылы оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған. Əдістемелік
тəсілдер шиеленістерді болдырмаудың жолдарын бірлесіп іздеуге жəне пайда болған шиеленісті
жағдайлардан шығудың лайықты тəсілдерін табуды анықтауға бағытталған. Оқушыларды
басқалардың келеңсіз мінез-құлықтарына орай əдепті əрекет етуге, балалардың кешірімділік қасиетін
қалыптастыруға жəне оны дамытуға, кішіпейілділік, тектілік, төзімділік көрсете білуге
шыдамдылықпен үйретуге негізделген.
Оқыту үдерісінде баланың адамдар арасындағы қарым-қатынас этикасы ережелерін меңгеруі
маңызды болып табылады. Бұл үшін оларды қарым-қатынас білігін, ынтымақтастық пен
ұжымшылдық рухын дамытуға, басқалардың сезімін түсінуге, топпен қарым-қатынас жасауға жəне
өзара əрекеттестікке, басқа балалармен достасуға, жетістіктер мен сəтсіздіктерін бөлісуге, өз мінез-
құлқын бақылап, оны саналы түрде басқаруға, түрлі өмірлік жағдаяттарда батыл жəне өзіне сенімді
болуға үйрету керек. Балаларды жаттығуларға, ойындарға, шығармашылыққа, экспериментке, іс-
əрекетке практикалық кірістірудің түрлі формалары жас жеткіншекті тəрбиелеу нормаларына
тартуға, өзіне, айналасындағыларға, құрбыластарына жəне үлкендермен қатынасында эмоционалдық-
мотивациялық нұсқаулар қалыптастыруға, коммуникативтік жəне əлеуметтік дағдылар, біліктер жəне
қарым-қатынас тəжірибелерін дамытуға, қоғамдағы дұрыс мінез-құлықты жəне жеке даралық
қасиетті дамыту үшін қажетті мүмкіндіктер туғызу қажет.
Осы тармақта алған өзара адами қарым-қатынастың сыпайы тəсілдері, құралдары мен əдістері
туралы білім балаларға қатынас жасау өнері жөнінде түсінік береді. Олардың жақын адамдарына, сы-
ныптастарына, таныстарына мейірлі болып, шынайы сезімге тəрбиеленуіне мүмкіндік туғызады. Бұл
сабақтар балаларды əңгімелесушінің эмоционалдық күйін түсінуге, өз ойлары мен сезімдерін дұрыс
жеткізе білуге, жақсы қатынасты бағалай білуге жəне айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста
қуанышқа бөлене алуына, оларға қамқорлық көрсетуге жəне шамасына қарай көрсетуге үйретеді.
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» тарауына 1-сынып оқушыларын оқытатын болсақ, бұнда
мына жағдайлар қарастырылады «Сəлем берем ізетпен», яғни ол деген үлкендермен амандасуға, бір-
бірімен сəлемдесуге үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу. Əдептілік, сыпайылық, ізеттілік
ұғымдарын түсіну, əдеп талаптарын орындай білу, ізетті, сыпайы, тəртіпті болуға үйрену. «Тіл табыса
білейік» — бұл жағдайда бір-бірін түсіне білуге, тыңдауға үйрену, кешірімді болу, өзара сыйластық,
өзара түсіністік пен татулықты бағалай білу. «Көмектесе білейік» — айналасындағы адамдарға көмек
көрсету, өзара көмек жасауға үйрену. Өзіне жақын, ниеттес адамға сенім білдіру, өзара
жауапкершілікті түсіну, қамқорлық жасай білу, бір-біріне адал болуға үйрену. «Сыйласаң — сыйлы
боласың» бөлімінде дос, жақын, туыс адамдармен өзара сыйластық, адамдарға шын ниетпен құрмет
көрсете білу.
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» тарауына 2-сынып оқушыларын оқытатын болсақ, бұнда
мына жағдайлар қарастырылады: «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» — құрмет, ізет, сыйластық ту-
ралы түсінік беру. Қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту. Үлкендер мен кішілер арасындағы
Бастауыш сынып оқушыларын…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
43
сыйластықты түсіндіру. «Кешірімді бала — кішіпейіл бала» — кешірім ұғымының адамгершілік
құндылық ретіндегі мəнін ашу. Кішіпейілділік, кешірімділікке бейім қабілеттерін дамыту. «Келісім
түбі — жарастық» — келісім, жарастық туралы түсінік беру. Достаса білу қасиеттерін дамыту. Өзара
татулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тəрбиелеу. «Күш бірлікте» — бірлік туралы түсінік беру,
көпшіл болу іскерліктерін дамыту, өзара сыйластыққа, достыққа тəрбиелеу [8].
Оқушылар 1–2-сыныптың соңында:
адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек, отбасы, қамқорлық,
сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік сияқты жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы
алғашқы түсініктерді біледі;
балалар өзінің жаңа əлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен,
ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді;
қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық, əдептілік, өзара түсіністік,
сыйластық құндылықтарын меңгереді;
мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық,
шыншылдық, сияқты адами қасиеттердің мəнін түсінеді;
табиғатқа қамқорлық, денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы түсініктері
қалыптасады;
денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым
ережелерін біледі жəне қолдана алады;
өз ойын, сезімін, алған əсерін шығармашылық əрекеттер арқылы жеткізе алады;
Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық
құндылықтары туралы түсініктерді біледі;
шынайы достық жəне қарым-қатынас қуанышының мəнін сезінеді, құрбылары мен үлкендер
арасындағы достық пен сыйластықты бағалай біледі;
оқушы құқығы мен міндеттерін біледі жəне оларды қолдана алады;
бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім ой, сөз, іс, татулық, махаббат, шындық,
ар, ұят, обал, сауап сияқты жаңа ұғымдар туралы кеңейтілген түсініктерді біледі;
оқуға құштарлыққа талпынуды, ұстаздарын сыйлауды халық даналығын бағалауды, отбасылық
дəстүрлерді сақтауды туған өлкені аялауды, ана тілін құрметтеуді үйренеді;
адамның өзіне жəне өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім, шыншылдық, адалдық,
əділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері, сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен
эмоциялардың көрінісі туралы түсініктері болады;
қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алады;
адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды əсері туралы бастапқы
түсініктері болады, қоршаған ортаға аналы түрде ұқыптылықпен қарым-қатынас жасайды;
адамдармен қарым-қатынаста достаса білуді, өзара келісімге келуді, түсінісуді, тіл табысуды,
кешірімді, кішіпейіл бола білуді, көңіл-күйін басқара алуды біледі;
өз əрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алады, мектепте, үйде, қоғамдық орындарда мінез-
құлық ережелерін қолдана алады [9].
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» тарауына 3-сынып оқушыларын оқытатын болсақ, бұнда
мына жағдайлар қарастырылады. «Ризашылық пен алғыс» — сыйластық құндылығы туралы түсінік.
Ризашылық пен алғыс туралы түсінік; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым-
қатынасы. «Өзіңді де, өзгені де аяла» — махаббат, сыйластық туралы түсінік. Өзіңді, өзгені аялаудың
адам өміріндегі маңыздылығы; өзіне, өзгелерге аялы, сыйлы қарым-қатынастар. «Шаңырақ
жарастығы» — сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсінік. «Сіз деген — əдеп, біз деген —
көмек» — сыйластық, қамқорлық құндылықтары туралы түсінік. Өзара сыйластық қарым-
қатынасының адам өміріндегі мəні. «Ойнай білу де — өнер» — сыйластық, достық құндылықтары
туралы түсінік. Шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығы.
«Ұл бала мен қыз бала» — сыйластық, достық құндылықтары туралы түсінік. Ұл бала мен қыз бала
арасындағы сыйластық туралы түсінік. «Дос болайық бəріміз» — достық құндылығы туралы түсінік.
Татулық пен достықтың адам өміріндегі маңыздылығы; өзара көмек, жолдастық сыйластық қарым-
қатынастары.
Адами қарым-қатынасқа үйренейік тарауына 4-сынып оқушыларын оқытатын болсақ, бұнда
мына жағдайлар қарастырылады: «Жақсы сөз — жанға қуат» — сөз, бақыт құндылығы туралы
П.З.Ишанов, Г.Ж.Жамалиева, Н.Т.Қалмағанбетова
44
Вестник Карагандинского университета
түсінік. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығы; жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері.
«Адал достық» — достық құндылығы туралы түсінік. Адал достықтың мəні; өзара сыйластық қарым-
қатынастары. «Ашу — дұшпан, ақыл — дос» ұстамдылық, сабырлылық адами қасиеттер туралы
түсінік. Ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мəні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау
іскерліктері. «Қуаныш — жан шуағы» — бақыт, сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсінік.
Қуаныш сезімнің адам өміріндегі мəні; өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері. «Кешрім
мен келісім» — достық құндылығы жəне татулық, кешірімділік адами қасиеттері туралы түсінік.
Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; шынайы достық қарым-
қатынастар жасау іскерліктері. «Ортақ іс табысы» — еңбек, сыйластық, ынтымақ құндылықтары
туралы түсінік. Ынтымақ, бірліктің адам өміріндегі маңызы; бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктері.
«Құрметтей білейік» — құрмет, сыйластық құндылықтары туралы түсінік. Құрмет, сыйластық
əдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығы; ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктері. «Таза
болса табиғат, аман болар азамат!» — табиғат, денсаулық құндылықтары жəне табиғатқа қамқорлық
адами қасиеттері туралы түсінік. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсінік; денсаулығын
күту іскерліктері. «Денсаулық өмір негізі» — денсаулық құндылығы туралы түсінік. Денсаулықтың
адам өміріндегі маңыздылығы; денсаулығын күту іскерліктері. «Үйренгенім көп менің» —
адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсінік [10].
Оқушылар адами қарым-қатынасқа үйренейік тарауынан 3–4-сыныптың соңында:
шаңырақ сыйластығы, ұл бала мен қыз бала достастығын біледі;
топта, сыныпта, отбасында өзіне жəне өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлайды, сондай-ақ
бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай алады;
табиғаттың өмір сүрудің негізгі ретіндегі маңызын түсінеді;
оқу кітаптарын саналы түрде таңдай біледі, өз мінез-құлқын əдеби кейіпкерлердің əрекеттері
арқылы бағалай алады;
адамгершілік құндылықтар мен өмірді тану, білімге құштарлық, ойлылық, ұжымшылдық,
арман, ата-баба өнері, тіл, туған ел, жақсы сөз, адал достық, қуаныш, ашу мен ақыл, кешірім, мен
келісім, ортақ іс, құрмет, жақсылық жасау, талаптану, тыңдай білу, өзімшілдік пен көпшілдік,
батылдық пен өжеттік, еңбекқорлық пен еріншектік, төзім мен табандылық, сабырлылдық сияқты
жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;
өзінің сезімдері мен талпыныстарын көрсете алады, жағымсыз эмоциялары мен əрекеттерін
тежей алады;
өз ойы мен алған əсерлерін шығармашылық əрекеттер арқылы жеткізе алады;
этика ережелерін біледі жəне іс жүзінде қолдана алады;
табиғатқа, жер-анаға, суға қамқорлық жасай алады;
денсаулықты сақтау жəне нығайтуды біледі;
адам мен табиғаттың үйлесімділігі, табиғаттың адам дамуына жағымды əсерін сезіне алады,
табиғатқа қамқорлық жасайды;
өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінеді, ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің
қатысты екенін біледі, қоғамға қызмет етудің мəнін түсінеді.
Бұл бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды бағдарламалардың əрқайсысының
өзіндік бағыт-бағдарымен, алға қойған мақсат-міндеттеріне қарамастан, барлығын тоғыстыратын
негізгі мақсат — оқушыны тұлға немесе дербес адамға жеткізудің жолдарын, əдіс-тəсілдерін іздеуі
мен сол ізденістерін ғылыми негіздеп тəрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарды
жасауында [11].
Ғалымдар атап көрсеткендей, адамның қалыптасып дамуының айқындаушы немесе жауапты,
адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын бастауыш сынып оқушыларының əлеуметтік
білімдері жинақталып қалыптасады. Ал осы кішкентай адамның қалыптасып, дамуы шартты түрде
өмір сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты екені даусыз. Сол себептен оқушылар
мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал оқушының
əрекетке келтіретін күш — қажетсіну. Бұл оқушының өзіндік «Менінің», өзіндік көзқарасы мен
танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі бастауыш сынып оқушыларының барлығында жоғары
дамып, əр кезде көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дəрежесінде қанағаттанбаудан көмескіленіп
немесе жойылып жатады. Психологтардың пайымдауынша, қажеттілік — құмарлық — ниет —
ұмтылыс — қызығу — көзқарас — наным жүйесінің қалыптасуы адамның бағыт-бағдарының
Бастауыш сынып оқушыларын…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
45
қалыптасуы, тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес екен. Демек, бастауыш сынып оқушыларын
əлеуметтендіру жəне адами қарым-қатынасқа үйренулері педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі
болып табылады.
Əдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы — 1-т. «Қазақ энциклопедиясының» Бас ред. — Алматы: Атамұра баспасы, 1998.
— 540 б.
2 Мудрик А.В. Социальная педагогика. — М.: Изд. центр «Академия», 2000. — 255 с.
3 Қалдыбаева Т. Білім социологиясы. — Алматы: Фолиант, 1997. — 184 б.
4 Қазақстан мектебі. — 2000. — № 7. — 11–12-б.
5 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. — Алматы: Эверо, 2004. — 420 с.
6 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. —
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: adilet.zan.kz/kaz/docs/U040001459
7 Бернс Р. Развитие «Я-концепции» и воспитание. — М.: Просвещение, 1986. — 226 с.
8 Kulpe O. Outlines of Psychology. — New York: ARNO PRESS, 1973.
9 Titchener E.B. Systematic Psychologie PROLEGOMENA. — Itacaand London: Cornell University Press, 1972.
10 «Өзін-өзі тану» пəнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. —
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі:
nurbolat.ucoz.net/r_bilim_beru_standarty.doc
11 «Өзін-өзі
тану»
пəнінің
оқу
бағдарламасы. 1–11 сыныптар. — [ЭР].
Қолжетімділік
тəртібі:
online.zakon.kz/Document/?doc_id=30595914
П.З.Ишанов, Г.Ж.Джамалиева, Н.Т.Калмаганбетова
Достарыңызбен бөлісу: |