IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
Германияға неміс болмау үшін қоныс аударатын болса, онда адамдар қайда
барса, өз ұлттығын сонда апарады» дейді ол өз пайымында (262.с.190-192).
Демек, тіпті шағын ғана мемлекет өз ұлттық біртектілігінен және діни
сенімінен барып, өрениетті таңдау жасайтын болса, онда АҚШ секілді алып
мемлекет олай істемеуі керек. Сондықтан аталған ғалым «біз кімбіз» деген
заңды сұрақ қояды. С.Ф. Хантингон өзі бұған былай деп жауап береді:
«америкалықтар тәңір мен өз еліне берілген. Олар ұлттық біртектілігін діннен
іздейді...» Бұл қате пікірлер. АҚШ-қа соғысты Ирак ашқан жоқ, керсінше
АҚШ өзі бастап отыр. Профессордың пайымынша, Түркия 2002 жылдан бері
Ататүріктің жолынан ауытқып, вестернизациялануға бет алуда. Бұл елде
исламның саяси қозғалысына ұмтылу бар /262,с.356/. Бұл да олай емес. Түркия
батыстана бастаған жоқ, керсінше, жаңғырып, анағұрлым түркілене бастауда.
Бұл түркілену тек Түркиямен ғана шектеліп қалмайды, ол жалпытүркілік
көлемде жүре береді. Түркия өзінің түркілермен және ислам әлемімен тарихи
байланыстарын мүлдем жаңа деңгейлерде жүргізіп, Шығыс пен Батыстың
қарым-қатынастарын өңірлік елдер үшін пайдалы арнаға бұрады /235.с.67-162./.
Өңірдегі барлық түркілік мемлекеттерде осынау үрдістер ғаламдық
көлемдерде белең алуда. Бұл дегеніңіз халықаралық саясатта күштердің бірегей
ортақ кіндігі ретінде өз шеңберінде қажетті кескіндемесін жасайды. Тек қана
Түркиядағы ғана емес, бүкіл Түркі әлеміндегі түркілендіру қозғалысы өзінің
көріністері мен қызметтері жағынан идеологиядан нақты істерге көшуді
байқатады. Түркілендіру түркі мемлекеттерінің ұлттық идеологияларын
айқындап, нақтылай және тереңдете отыра, олардың қасиетті сапынан өз орнын
иеленеді. Мұндай әмбебап ұлтшылдық, яғни тамырлары тарихи тереңде жатқан
жалпы түркілік өзінің адамгершілік-өркениеттік мақсаттарымен ұлтшылдықтан
мүлдем өзгешелікте болады. Американың табиғатынан С.Ф. Хангтинтон көргісі
келетін американизм өзінің субсаясаттық табиғатында бір ғана мемлекеттің
әлемдік үстемдігінен тұрса, Еуразияның негізін құрайтын ұлттар құратын
Түркі мемлекеттерінің ОДАҒЫ мүлдем басқаша мазмұнда болмақшы. Жалпы
алғанда, бір ғана мемлекеттің біртіндеп әлемге билік жасауы (тіпті зорлықпен
құрылған одақ болса да) өзінің ұлттық идеологиясы мен саясаты тұрғысынан
да өмір сүруі мүмкін емес. Неге десеңіз, әлемдік қауымдастықтың мұраттарына
қайшы шығатын ахуалға жатады. Қазіргі заманғы дәуірде әлем елдерінің
жалпыұлттық, өңірлік, лингвистикалық, діни және өркениеттілік ұстанымдары
бойынша ішкі ынтымақтасуға кіруі және осы ынтымақтасуға сәйкес алыс
келешектерде олардың саяси және экономикалық мүдделері осынау одақтарды
құрудағы мықты кепілге айналады. Түркі мемлекеттерінің ішкі ынтымақтасуын
қамтитын бұл үрдістер де халықаралық құқықтармен реттеліп отыратын
халықаралық саясатқа және жаңа өркениетті-анархиялық кезеңге көшуін
білдіреді.
Тарихта тұңғыш рет халықаралық саясат пен халықаралық құқық бірігіп,
принципті ұстанымға аяқ басуда. Неге десеңіз, бұл үрдістерде халықаралық
205
Түркі мемлекеттерінің одағы – халықаралық саясаттың көшбасшысы және ...
саясат пен халықаралық құқықтардың заңдары керек. Соңғы жүзжылдықтағы
халықаралық қатынастарды халықаралық заңдылықтармен және ұлттық
заңдармен сәйкестендіре реттеу мемлекеттераралық заңдардың дамуындағы
адамзаттың табысы саналады /237.с.124-144/. Халықаралық саясаттың өзі де
осынау үрдістерді туындатушы саналады. Сондықтан бүгінде халықаралық
саясат халықаралық қатынастар және мемлекеттераралық байланыстарды
орнату мен дамытудың «ғаламдық жауапкершілігін» өзіне алуда. Бұл
қарым-қатынастар өз дамуының табиғи қажеттілігі жағынан ықпалдастық
пен одақтастықтың белгілі бір деңгейдегі ұймдастырушылық үлгілерін
қалыптастыруда. Мемлекеттераралық халықаралық құқықтың ең басты
ұстанымы барлық жағдайларда да «мемлекеттердің егемендігі мен теңдіктерін»
қорғау болып табылады/212.с.289-298/. Олардың одақ құрудағы қызметтері осы
қағидаттарға арқа сүйейді.
Сондықтан екі тарапты және көп тарапты келісімдер негізінде мемлекеттер
арасындағы одақтар ешуақытта да егемендік пен теңдікке қатысты құқықтарға
нұқсан келтірмейді. Осынау құқықтардың тағанында құрылған одақтар,
керісінше, әр мемлекеттің мүмкіндіктерін оңтайландыра түседі.
Өзінің негізгі ұстанымдарына халықаралық құқықтардың жоғарғы
заңдылықтарын енгізген Біріккен Ұлттар Ұйымы өз Жарғысының бірінші
бабында «Біріккен Ұлттар Ұйымы», теңдік пен өз тағдырын өзі шешу
ұстанымдарын негізге ала отыра, ұлттардың өзара достық қарым-қатынастарын
дамыта беруді мақсат етеді және жалпыға ортақ бейбітшілікті бекіте түсуге
қатысты шаралар қолданады» – деп атап көрсеткен /207, с.3/. Сондықтан
ықпалдастықтар мен халықаралық қатынастарды қолдайтын БҰҰ өз Жарғысына
сай халықаралық құқықтардың негізгі ұстанымдары тағанында қызметтерін
жасай беруі керек.
«Саяси және құқықтық одақ құру туралы акт» тәуелсіз мемлекеттердің
ғаламдық қоғам құрудағы тәжірибесінің бастапқы кезеңі ретінде керек /22-
26.7270-271б./, неге десіңіз, осынау үрдістерде ол еркін қызметтер жасап,
өзгелердің айтуынсыз, өзіне анағұрлым қолайлы жолдарды таңдап ала алады.
Әлемдік экономиканы либерализациялаудың жалғасуы мемлекетерге аса сақ
болуды, саяси және экономикалық қатынастардың себеп-салдарларын дұрыс
тарзылай алуды талап етеді. Егемендіктің ұлттық мүдделері мен одақтар
құрудың әмбебап ұстанымдарына сай ынтымақтастыққа қол жеткізу өзіне
қатысты терең зерттеулерді қажет етеді. Бүгінгі заманғы халықаралық құқық
мемлекеттер арасындағы тұрақты қарым-қатынастар мен қауіпсіздіктің кепілдігі
күштерді біріктіруге өңірлік және ғаламдық деңгейлерде блоктар емес, сондай-
ақ, одақтастықтың саясатын бірлесе жүргізуге мүмкіндіктер береді. Олардың
институциялық бірлестігі де белгілі бір өңірдегі қауіпсіздік үшін жауаптылықты
мойынына алып, халықаралық құқықтың субьектісіне айналады /265.746-749б,
309. 226-228б/.
206
Достарыңызбен бөлісу: |