Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет118/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
Бұл тұста (жалпы Батыс саясатында) әзірге Иранды бөлшектеудің орнына, 
оған қатысты саясаттың тек қана босаңси бастағанын ғана байқауға болады. 
Әлбетте, барша бастамалар мен мәлімдемелер де, болжамдар да ең алдымен 
АҚШ-тың мүдделеріне жауап беретін үрдістерді әзірлеуге жұмсалатынын 
білеміз. Бүгінде Әзербайжан Республикасының өзінің тәуелсіз саясатын 
жүргізе отыра АҚШ пен өзге де елдердің қолындағы олардың мүдделеріне 
қызметтер жасайтын саяси құралға айналмайтыны анық. Халықаралық және 
өңірлік саясаттардың дамуындағы келешекте біздерге ұлт ретінде әзербайжан 
проблемасы мен өзге де жайларды «саяси құрал ету» маңызды. Болашақта 
Иранды бөлшектеу емес, Әзербайжанның бірігуі біздер үшін басым бағыт 
болуы керек. Замануи халықаралық саяси үрдіс Әзербайжанның 185 жыл 
бұрын бөлінуін қалпына келтіру және осынау саясаттың түрленуінің оң 
кезеңіне айналуы тиіс. Келесі ақиқаттар да заманауи халықаралық саясат пен 
халықаралық құқықтарда үнемі ескеріліп отыруы заңды.
Әзербайжанның тарихи тұтастығы:
1. 1828 жылы Ресей мен Иранның екеуара Түркіменчай шарты арқылы 
біртұтас Әзербайжанды екіге бөлуі:
2. Оңтүстік Әзербайжанның кең байтақ аумағында 25 миллион әзерилердің 
тарихи тұтастықта тұрып жатқандығы:
3. Оңтүстік Әзербайжан тұрғындарының өзінің ұлттық құқығы мен 
бостандығы жолындағы жүздеген жылғы күрестері.
4. Халықаралық құқықтағы Әзербайжанды кез келген бірлескен мемлекет 
секілді біртұтас мемлекет ретінде тану мен қабылдауға қарсы дәлелдердің 
жоқтығы.
Егер Әзербайжан мен Иранның шекара алды аумақтарын қарасаңыз, оның 
ұзына бойының Түрікменстанға дейінгі шегінен бірде-бір парсыны көрмейсіз, 
тек тұратындар әзерилер. Бұлай болуы себепті ол жерлерде ықылым замандардан 
бері тек әзерилер тұрған. Тебриздің өзі де, тарихқа үңілсек, әуелден-ақ 
Әзербайжанның астанасы болған. Бір тілде сөйлейтін миллиондаған әзербайжан 
ұлтының неліктен біртұтас мемлекеті жоқ болуы керек. Бұл сауалдар үнемі 
жаңғырғып, көңілдерге оралады да, осы заманнан өз жауабын күтеді. Оған 
жауап бермеу әділетсіздік болар еді. Осынау әділетсіздікті жою Әзербайжан 
елінің біртұтас ел болуына және түркі жұртының да бірігуіне жол ашар еді. 
Бір сөзбен айтқанда, түркі жұртының бірігуі бүгіндегі Иранның қолындағы 
оңтүстік Әзербайжаннан және Ресей басып алып, армяндарға берген Таулы 
Қарабақтан, яғни барша біртұтас Әзербайжан мемлекетінен өзек тартады.


201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет