Көктүріктер Империясы(
кейбір
дереккөздерде тек Түріктер империясы деп қана аталады
)
құрылып, ол
Римдіктердің басына бұрынғыдан да қоюлана түскен қара бұлттай шүйлікті.
46
I ТАРАУ
Тарихтан туындаған болашақ
Өздерінің шыққан тегін
Ашина
тегімен (аңыздарға қарағанда бұл түркілер
көкбөрілерден тараған) байланыстырған
көктүріктер (
немесе
көктүркүттер)
өздерінің екі баласы, Ту-у көшбасшылары, қағандар атанған
Бумын және
Истемидің
көмегімен Көктүріктер империясының негізін қалады (241, 80-140,
152 беттер). Жапон теңізінен Каспий теңізіне дейінгі аралықта құшағын кеңге
жайып жатқан аса қуатты империя 552-745 жылдары (билік күшті кезінде жер
көлемі – 14 млн.шаршы шақырым болды) пайда болды. Ол құдды бір Ұлы
Ғұндардың дәстүрін одан әрі жалғастырып жатқандай (естеріңізге сала кетейік:
ғұндардың Шығыс және Батыс империялары) әсер беретін еді. Кейіннен Бумын
қағанның басқаруымен
Шығыс Көктүріктер қағанаты
(552-640 жылдар)
және қаған Истемидің басқаруымен
Батыс Көктүріктер қағанаты
(552-560
жылдар) болып екіге бөлінді.
Сондай-ақ, қаған Истеми Еуразиядағы түркілік
суперэтностың іштен бүлінуіне және ыдырауына әкеп соқтырмайтын, сондай-ақ
олардың руаралық дүрдараздыққа баруына жол бергізбейтін, тек өздеріне ғана
тән саяси-идеологиялық бірлестік тұжырымдамасы саналатын ғұндық-түркілік
мұраны одан әрі жалғастыруға тырысты. Шығыс түркі қағанатының саясаты
мен әскері үнемі Қытай империясына қарсы тұрып, олардың бетін қайтарып
отырды, ал Батыс түрік қағанатының саясаты мен әскері болса, Каспий мен Қара
теңіздерінің маңайындағы аумақтарға қатер төндірген Сасанидтер империясына
қарсы шығып, олардың адуынды арындарын «шаңға су сепкендей» етіп басып
тастап отырды.
Түркілердің басқа жерлерді жаулап алудағы талпынысы мынада: егер де
олардың өзге жерлерді жаулап алуға бағытталған әскери әрекеттері саяси-
дипломатиялық күштермен толықтырылмағанда, олар өздері басып алған
жерлерде көп уақыттар бойы нық отыра алмаған болар еді, тіпті иеліктеріндегі
басқа жерлердің өзінен де айрылып қалулары әбден мүмкін болатын. Осындай
қабілеттерге ие Көктүріктер Империясы айналасында жатқан алыс-жақын
көршілерімен олардың өздеріне тән мүдделеріне сәйкес қарым-қатынастар
орната алды. Сол кезеңдегі геосаяси үдерістерді басқаруға ықпалды болу үшін
Сасанидтер мен Византия империяларымен дипломатиялық бағыттағы қарым-
қатынастар орнату да ауадай қажет саясаттың бірі еді (230, 39 бет).
Pax Turcicа-
ның сабақтастығының келесі ғасырлардағы жолын Ұйғыр-
түркі (745-840 жылдары) және Түркі-моңғол (1230-1310 жылдар) империялары
жалғастырды. Дегенмен,
Pax Turcica,
геосаяси кеңістікті шешетін бағытқа
– Еуразияның Еуропамен түйісетін тұсына қарай жылжи отырып, көптеген
жетістіктерге қол жеткізеді. Түркі Ислам Одағы мен
Pax Turcica
өздеріне
тиісінше
Pax Turanica
және
Pax Ottomanica
болып қайта түрленуінен кейін түркі
суперэтносы империялық өмірінің жаңа кезеңін бастайды. Сол уақыттың ХІ
ғасырында Үлкен Салжұқ сұлтанаты ислам әлемінің ең жетекші империясына
айналады. Егер де, Оңтүстік-Шығыс Азияның геосаяси ахуалынан мағұлмат
беретін 1094 жылғы картаға назар аударар болсақ, онда біз Үлкен Салжұқ
47
Империяның патшалығында
сұлтанатының Индия шекарасы маңындағы Ғазнеуи сұлтанатынан бастап,
батысында Константинопольға дейін, ал солтүстігінде Арал теңізінен бастап
Араб жеріне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені иемденіп жатқанын көреміз (241, 156
бет). Түркілер исламды, ал ислам – түркілердің басқару әдісін қабылдады.
Түркілер өздеріне Жерді де және Дінді де бір уақытта тапты деп айтуға болады.
Жердегі билік дінге, ал осы жердегі дін билікке, яғни қай кезеңде де болмасын
олар бір-біріне нағыз сүйеніш те таяныш та бола алды. Р.Груссенің «дала
империялары» деп атап кеткен патшалықтың мұрагерлері түркілер, кімнің
болмасын геосаяси мүдделері қатаң түрде түйісіп жататын, қайнаған ыстық
нүкте Еуразияда этникасы мен саясаты байланысып жатқан мықты мемлекет
құра алды және оларды империя деңгейіне дейін көтерді. Әйгілі Шыңғысхан
басшылық еткен түркі-моңғол империясы 1230-1255 жылдар аралығында Корея
жартылай аралынан бастап Арал теңізіне дейінгі, сондай-ақ Оралдан бастап
Хинди өзеніне дейінгі алып аймақты мекен еткен ондаған мемлекеттер мен
жүздеген халықтардың басын қосып, оларды бір тудың астына біріктірді (241.
150, 156, 278-279 беттер). VІ ғасырдан бері Таяу Шығысты жаулап алып, оған
өз билігін жүргізіп келе жатқан араб-ислам халифаты болса, әрине бұған көнгісі
келмеді. Дегенмен, қанша жерден қарсылық жасамаққа әрекеттеніп көргенімен
олардың бұл істерінен түк те өнбеді, өйткені алып империяның үлкен күшіне
қарсы шыдас беру мүмкін емес еді. Араб тарихшылары мен шежірешілері
түркі-моңғолдардың әскери жорықтарын бұған дейін орын алған қасіреттердің
ішіндегі ең ауыры болды деп жазды. Осы дереккөздерге сілтеме жасаған
еуропалық бірқатар кертартпа авторлардың, «түркілердің әлсіз экономикасы»
Парсылар мен Месопотамияның өркендеген қуатты мәдениеттеріне айтарлықтай
шығындар келтірді, «аталған мәдениеттер түркі билеушілерінің қолындағы
ойыншықтарына айналды», деген секілді қортындыларға келулері қарапайым
логикаға жат пайымдау еді (100, 198-199 беттер). Бірақ, өзінің кейінгі жазған
қорытындыларында К.Броккельман жоғарыда келтірілген пікірлердің шын-
дыққа келмейтіндігін көрсетіп, есесіне түркілердің саяси басымдығының
арқасында ғана күндері бітуге жақындап, әлсірей бастаған ислам аман қалды деп
айтады, сондай-ақ түркілердің «исламның оң қолы» болғандығынан да хабар
береді (100, 212-281 беттер) . Шынында да бұл солай. Бірақ, түркілердің бойына
бітіп, олардың қанына дейін әбден сіңіп кеткен әскери-саяси дарын Азияның
көптеген мемлекеттерін империялық деңгейге дейін жеткізгенімен, шындығында
олардың барлығы да конфедерациялар болды. Түркілер оларға Парсылар мен
Месопотамия құндылықтарына деңгейлес материалдық-өнегелілік игіліктерді
ғана емес, сонымен қатар әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары саяси басқарудың
мәдениетін де қоса ұсынды. Түркі мен моңғол тілдерінің өзара генетикалық
байланысы жоқтығына қарамастан, олар мәдени ынтымақтастықтың
конфедеративтік бәтуаластығы тұрғысында көп уақыттар бойына империяны
басқара алды (230, 77-89 беттер). Түркілер мен моңғолдар, оларды ұлт ретінде
|