67
Түркі бірлігі идеясының эволюциясы
және қайта жаңғырудың жолын тұтастай іздей бастаған тұстармен сәйкес
келді. Бұл өз кезегінде
түркі әлеміндегі классикалық түркизмді бірте-бірте
әмбебаптандыру үдерісіне алып келді.
Азияны және сонымен қатар Ислам
мен Үнді әлемдерін де қоса түгелдей дерлік құрсаулап алған ұлттық-азаттық
қозғалыстар толқынында Түркі әлемін ояту үшін екі маңызды беталыс шешуші
идеологиялық факторларға айналды, оларды;
панисламизм мен пантүркизм
деп
атауға болады.
Уақыт өте келе исламдық және түркілік идеологтардың атқарған
жұмыстарының барысында жоғарыда қатар аталған екі ұғым да түрленуге
түсіп, исламдық және түркілік деп айтылатын болды.
Шығыс елдерінде осы
түсініктердің келісімділігі мен айырмашылықтары мәселелеріне байланысты
көптеген айтыс-тартыстар мен пікірталастар өткізіліп келеді. Әзербайжанда
Шығысты модернизациялау идеясы Мирза Фатали Ахунзаденің (1812-1878
жылдар) шығармашылығында мейлінше демократиялық сипатта көрсетілген.
Бүкіл Шығыс бойынша ол тұңғыш рет өзінің
туған әзербайжан тілінде
философиялық трактаттар жаза отырып, түркі мәдениетінің еуропалық үлгіден
ешқандай да кемдігі жоқ екендігіне көз жеткізе алды. Мұны аз десеңіз, ол
түркі тілінің драмалық эстетикасын да жасай алатындығын толық дәлелдеп
берді. Сондықтан да оның есімі түркизмнің негізін қалаушылардың алдыңғы
қатарынан орын алады. Мирза Фатали Ахундзаденің жас замандасы – Джама-
ладдин Афгани (1838-1897 жылдар), исламды модернизациялауға байланысты
бүкіл Шығысты және Еуропаның да түкпір-түкпірін аралап шықты. Сөйтті де
тың діни-саяси дүниетанымға
негізделген, қазіргі заманға лайықталған жаңа
мемлекет құрудың қажеттігіне қолдау іздеді(263, 108-112 беттер; 302, 30-31
беттер).
Түркизм ХХ ғасырда исламизмнің беталысын алдымен екінші кезекке қояды
да, соңынан тіпті оның бар-жоғын ешкім де елемейтіндей күйге түсіреді және сол
арқылы түркі әлемінің идеологиялық-саяси, мәдени дүниетанымында өздерінің
орындарын белгілеп алады. Тұжырымдалудың бұдан кейінгі үдерісі барысында,
осы дүниетанымның өзіне тән жүйелік сипатына сәйкес,
идеологиялық түркизм,
саяси түркизм және мәдени түркизм
деп аталатын өзара тығыз байланысқа ие
осындай кезеңдерге бөлінді. Осман империясы тәуелсіздікке ие болғанмен, осы
кездегі Ресей империясының, бұдан да басқа мемлекеттердің құрамында болып
бостандықты аңсаған түркілер, бір ғана идеяның маңына топтасты, ол: түркілік
идеологияға бірігудің жолдары еді.
Империялық әмбебап саясатты жариялаған Осман империясын Түркі мем-
лекетіне айналдыру, басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүріп жатқан түркі
қауымдастығының (кезінде өз мемлекеттері болған!) мәдени-саяси тәуелсіздігін
қайта қалпына келтіру, сайып келгенде олардың әлемдік бірігуіне қол жеткізу
– міне, осы айтылғанның барлығы да
Достарыңызбен бөлісу: