Ұлы Жібек жолы мәдениетінің де сүйеу
болғандығын әркімнің де ұмытпағаны абзал.
Бұған тарихи мәнмәтінде қарайтын болсақ, онда түркі әлемінің Ұлы Жібек
жолымен табиғи байланысы тарихтың барлық кезеңінде үш деңгейде өтті деген
қорытынды жасауға болады:
1. Ұлы Жібек жолының түркі мемлекетінің үстімен мыңдаған шақырымдарға
созылып өтуіне байланысты, түркі этногеографиясының топономикалық іздері
осы жолдың бойына сіңіп қалған.
Түркіден шыққан топонимдер – мекендердің географиялық атаулары Ұлы
Жібек жолының ізін көрсететін теңіз шамшырағы секілді көрініп тұрады:
Алтай, Тұрфан, Үш Тұрфан, Тарим, Такла-Макан, Жаркент, Қара қала (Енкі),
Куча, Ақсу, Қызыл су, Қашқар және Түркістан... (241, 39-41 беттер).
2. Тарихи ұзақ кезеңдерде негізгі әріптестер де, қатысушылар да, сондай-
ақ ұйымдастырушылар мен делдалдар да (түркіше «ортақ» сол кезеңнің
барлық мемлекеттерінде бұл сөз «делдал» сөзінің түсінігін береді және солай
пайдаланылады) түркілер болды.
3. Түркі мемлекеті мен империясы Ұлы Жібек жолының тарихи қызметін
трансеуразиялық коммуникациялық жүйе ретінде жүзеге асырды және де осы
жолдың екі мың жылдан асқан тарихи кезеңінде, белгілі аймақтық шекараларына
бақылау жүргізуді өз міндеттеріне алды.
Ұлы Жібек жолының саясаты түркі өркениетінің
фундаменталдық құндылықтарының қатарынан өз орнын ойып тұрып алды. Ол түркілік
дүниетанымның жан-жақты болуына жол ашты, ал түркілердің әскери-саяси
қабілеттілігін – Ұлы Жібек жолының ілгерілеуі мен пәрменіне жеткізді. «Әлем-
дік тарихтағы Орталық Азия» монографиясының авторы, профессор Петер
Голден Жібек жолы тарихына арналған тарауында, Жапониядан Бельгияға дейін
созылып жатқан Жібек жолының дәлізінде қытай, тибет, тохар, үнді, грек, араб
және парсы тілдерінің арасында түркі тілі кең қолданымдағы ең танымал тіл
ретінде қалыптасты, деп атап көрсетеді (238, 50-60 беттер). Ұлы Жібек жолының
тарихына арналған іргелі еңбектерде, соның ішінде профессор Хинру Льюидің
(Қытай, АҚШ) «Әлемдік тарихтағы Жібек жолы» және профессор Кристофер