111
Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер
қалаларымыздың тез арада гүлденіп, дамуына ықпал етті;
олар өсті, шығыс
сәулетінің тасқа түсірілген классикалық шеберлігімен байыды, халықаралық
сауда қалаларына тән сапаларға ие болды. (сөз реті келіп тұрғанда айта кетерлік
жайт, біз пайдаланатын «қытай ыдыс-аяғы» сөзі «Қытайдан жеткізіліген ыдыс-
аяқтар» деген түсінік береді). Шығыс пен Батыс арасында қарым-қатынас
орнатқан Ұлы Жібек жолы жетістіктің жоғары деңгейіне алып шығатын және
осыдан тиімділікті ажыратып алуға ықпал ететін тәжірибелер алмасудың мол
мүмкіндігін ашты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі еуропалық империализм
трансқұрлықтық көлік жүйесі ретіндегі
Ұлы Жібек жолын қиратып, оның
орнына тек өздерінің ғана мүдделерін көздейтін жаңа халықаралық желіні
қалыптастырады. Осы уақыттардан бастап Батыс құрлықтың келесі бағытындағы
Шығысқа «отарланушы аумақ» ретіндегі пиғылмен қарап, ондағы байлықты
тасымалдауға көшті. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың арасындағы
«метрополия – периферия» аталатын әлемдік сауда режимінен туындаған
сауда тепе-теңдігінің өрескел бұзылуы ахуалды
драмалық шиеленісушілікке
дейін алып келді. ХХ ғасырдың ортасына таман халықаралық сауда құқығы
нормативтері аясында жүзеге асырылған халықаралық сауда қатынастарын
жетілдіру шарасы сауда қызметі түрлерін жүйелендірді. Кеңес Одағы күй-
регеннен кейін Еуразиядағы тәуелсіз түркі мемлекеттерінің құрылуы әлемдік
сауданың кең жиынтығын құрайтын Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту идея-
сын қайтадан көтере бастады. Шындығында да, мыңжылдықтардың
өркениеттерін бойына жинақтап сіңірген Ұлы Жібек жолы адамзаттың өркен
жайып, дамуына зор үлесін қосты. Бұл жол
тек тауарлар алмасуын ғана
қамтамасыз етумен шектеліп қалған жоқ, инновацияларды, технологияларды,
діндегі жетістіктерді, ғылым мен білімді де таратты.
Ұлы Жібек жолы әлемдегі ең ұзаққа созылған трансөркениетті сауда
желісі ретінде тек қана Шығыс пен Батыс бағыты арасындағы ғана емес,
кері бағыттағы сауда істерін де жүзеге асыра алды. Сонымен қатар Шығыс
қоғамына Батыстың көптеген жаңа дәстүрлерін де алып келді: «Орнаған
мықты мәдениетаралық қарым-қатынастардан парсы, қытай, соғды және түркі
мәдениеттерінің синкретизмі көрініс беріп, олардың бойынан табылатын бірегей
өнер туындылары өмірге келді» (169, 148 бет). Жалпы, Ұлы Жібек жолы қазіргі
уақытқа дейін әлем халықтары мен мемлекеттерінің экономикалық және мәдени
ықпалдастықтарын жүзеге асырды.
Сондай-ақ, олардың өз араларындағы
қарым-қатынас түрлерінің бай тәжірибелеріне сүйене отырып, оның бүгінгі
таңдағы жаһандану қозғалысына қатысатындығын дәлелдейтін мәдени-тарихи
үдерістерді де басынан өткерді.
Ұлы Жібек жолы өзінің ішкі болмыстары мен өзіндік құрылымдық
сипаттары кешендеріне сәйкес, Шығыс пен Батысты және Батыс пен Шығысты
өте жақын етіп таныстырды. Сондықтан да ІІ және ІІІ мыңжылдықтар