ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
Бекуизидің (АҚШ) «Жібек жолы империясы. Қола ғасырдан қазіргі заманға
дейінгі Орталық Азияның тарихы» (281, 208 бет) атты сүбелі шығармаларында
түркі мемлекеті мен империясының Ұлы Жібек жолына қосқан үлестері жан-
жақты зерттелген.
Сонау «ғұндар дәуірі» кезеңінің өзінде түркі этностарының Алтайдан
Еуропаға дейін таралуының өзі Ұлы Жібек жолының келешегін ашқан тарихи
үдерістердің бастауы болған еді (208, 93-111 беттер).
Азиалықтар мен еуропалықтар бір-бірімен алғаш рет тек найза түйістіріп қана
емес, сонымен қатар мәдениеттерімен, салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен,
сондай-ақ өздері күнделікті тұрмыста қолданатын бұйымдары арқылы да
танысты.
Ғұндық түркі империясы бақылайтын аумақтағы алғашқы сауда жолдары-
ның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысқан Қытайдың Хан империясы,
айналып келгенде ғұндық түркілермен есептесуге мәжбүр болды. Ғұндық
түркінің императоры Мөде Қағанның кезінде (біздің дәуірімізге дейінгі 208-
175 жылдар) Ұлы Қытайдан Байкалға дейінгі құлашын жайып жатқан аумақ,
ал Чичи Қағанның кезінде (біздің дәуірімізге дейінгі 55-34 жылдар) мүмкіндік
шегі бұдан да кеңейіп, Еділ мен Жайық өңірінің барлығы да ғұндық түркілердің
бақылауында болды. Ғұндық түркілерден кейінгі Еуразияда екінші үлкен
әскери-саяси күштің қалыптасып, көктүріктердің басымдық жағдайға ие болуы
Ұлы Жібек жолының шекарасын Қара теңізден Жерорта теңізіне дейін кеңейтті.
Қытайдың тауарларын Орталық Азия мен Түркістанда танымал еткен соғдылық
бас саудагер Маниахтың ұсынысы негізінде Көктүрік империясының елшісі
Сизабу 571 жылы саясат, дипломатия және сауда салаларында келіссөздер
жүргізу үшін Византияға аттанады (281, 82 бет).
Ал Византияның елшісі Земарх екі ел арасындағы саяси және сауда жөніндегі
байланыстарды жолға қою мақсатында түркілерге сапармен келді.
Осылайша
түркілер Ұлы Жібек жолы дипломатиясының негізін қалады.
Дәл осы
уақыттан бастап Ұлы Жібек жолының «Алтын ғасыры» басталады. Қытайдың
жібекпен қоса өзге де тауарлары түркілердің төтенше әскери-саяси кепілі
арқасында Византияға жеткізіледі де, сол жерден Еуропаның көптеген басқа
елдеріне таратылады. Бұл мемлекеттердің бір-біріне әскери артықшылықтарын
көрсетулерінен кейін, олардың көшпелілер мен отырықшы өркениеттері
арасындағы бейбітшілік үдерісіне жалғасатын кездері болды: «Түркілер
тәжірибе жүзінде бұл қағидатты толығымен жүзеге асырды» (169, 144 бет).
V-VІІ ғасырларда Қиыр Шығыс аумағы мен Жерорта теңізін біріктірген
Көктүріктер империясы сауда жолдарына бақылау жүргізуді өз қолдарында
ұстады. Сол кезеңнің жетекші мемлекеттері – Византия, Қытай және Сасанидтер
империясы Көктүріктер империясымен келісілген Ұлы Жібек жолының саяса-
тын жүзеге асыруға мәжбүр болысты. Соғдылық саудагерлердің көмегімен түркі
(немесе Көктүрік) империясының Еуразияда құрған геосаяси жағдайы қытай
109
Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер
тауарларын Еуропаға тасымалдауға мүмкіндіктер берді. Дегенмен, кейінірек
аталған империя Шығыс көктүрік және Батыс көктүрік қағанаттары болып екіге
бөлінгенімен де, түркілер (оңтүстік бағытта – оғыздар, солтүстікте – бұлғарлар,
хазарлар мен ұйғырлар) сол бір тарихи кезеңде жетекші өркениет орталықтары
арасындағы сауда-мәдениет байланыстарды жетілдіру жөніндегі ең басты
делдалдар болып табылды. Біздің дәуіріміздегі 600-1000 жылдары шығысында
Жапониядан батысында Ұлыбританияға дейінгі аралыққа құшағын жайған Ұлы
Жібек жолы сол уақыттың негізгі көлік магистралы болып қалыптасты. Осы
жол бойына орналасқан түрлі мемлекетінің қалаларындағы «Сауда қоймалары»,
өзіндік реттеулер тәртібі бойынша жұмыс істеді (281, 70-71 беттер).
Ұлы Жібек жолы аясына кіретін елдер, аймақтар мен қалалар жедел түрде
ырғақты дами бастады. «Еуразиялық рынокты жібек саудасымен өзгерту» (281,
87 бет) экономикалық қарым-қатынастың кең және жан-жақты дами түсуіне
жаңа мүмкіндіктер ашты. Ортағасырлық қалаларда сол уақыттың халықаралық
сауда талаптарына сәйкес арнайы өндірістік және шаруашылық қажеттіліктерге
арналған учаскелер ашылды.
Әскери қуаттылықпен қатар экономикалық әлеует те, халықтың өмір сүру
деңгейінің көрсеткіші де салық төлеудің қабілеттілігіне сәйкес, мемлекеттің
қаржылық негізі халықаралық саясатта салмақты факторға айналды;
мемлекеттер, қалалар мен сауда орталықтары арасындағы бәсекелестік арта
түсті. Қуатты мемлекеттер Ұлы Жібек жолы үшін «үлкен күрестерге» бел
шешіп кірісе бастады. Түркілік салтанаттың үшінші толқынында, яғни осы
суперэтностың Ислам өркениетінің алдыңғы қатарына шығуына байланысты,
Ұлы Жібек жолының стратегиясында оңтайландырудың бұрынғыдан да
сергек әрі әбжіл қадамдарын игерудің қажеттіліктері туындады. Ұлы Жібек
жолының араб әлемі арқылы өтетін бөліктеріне бақылау жүргізу бірте-бірте
түркілердің қолына өтеді. Осы аумақта құрылған түркі-салжұқтар мемлекеті.
Араб халифатының ұзақ ғасырлық тоң-мұзын ерітіп, Ұлы Жібек жолымен
жалғасатын сауда және экономиканың жаңа бағыттарын енгізді. Арабтардың
басымдығына нүкте қойған түркілер бастары бытырап кеткен ислам әлемін
біріктіру үшін жаңа жағдайлар жасай бастады. Олар сауда және мәдени әлеуеті
күшті қалалар салумен қатар, осы қалаларға жеткізілетін тауарлары одан әрі
әлемнің бұрыш-бұрышына қарай тасымалдайтын кәсіби саудагерлердің пайда
болуына ықпал туғызды. «Ұлы Жібек жолының шығыс бағытын бақылауда
ұстаған түркі-салжұқтар, саудагерлерге арнайы кепілдіктер берумен қатар,
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде де лайықты қызмет түрлерін
көрсетті» (281, 106 бет).
Еуразиядағы ондаған мемлекеттер мен жүздеген халықтардың басын қол
астына біріктірген түркі-моңғол империясы (ХІІІ-ХV ғасырлар) адам айтқысыз
жылдамдықпен құрлықтағы барлық бәсекелестерін саяси үстемдіктерінен
айырып, «ортақ» (делдал) деп аталатын халықаралық сауда және салық жүйесін
110
Достарыңызбен бөлісу: |