Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


Ұлы Жібек жолы көне дәуірде басталғанымен, ол болашақтың жолы



Pdf көрінісі
бет65/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

Ұлы Жібек жолы көне дәуірде басталғанымен, ол болашақтың жолы
(курсив біздікі – Дж. Ф). Біздің осы жолдағы әріптестігіміз, біздің халқымызды 
молшылық пен ілгерілеушілікке алып келеді деп үміттенемін» – деп айтқан 
болатын (11, 4 бет). Ұлы Жібек жолының қазіргі заманның халықаралық өмірінде 
қайта өзектілікке ие бола бастауы – әлем дамуының тарихи заңдылығының 
көрінісі. Бұл түркі әлемінің Үлкен Саясатқа қайта орала бастағанын дәлелдеп, 
қазіргі заманғы Еуразияның саяси, экономикалық және мәдени өмірдегі рөлінің 
жанданып келе жатқандығын растайды.
Осылайша, Ұлы Жібек жолының кешегі тарихи сақтаушысы болған түркілер, 
бүгін оны қайта 
жасаушы 
деген міндетті мойнына алып отыр. Немістің ұлы 
философы М.Хайдеггер, «үлкен дүние қашан да үлкеннен басталады» деп 
айтып кеткен. Жібек жолы да үлкен жол болғандықтан, оны бастап жүргізу де 
тек ұлы түркілердің ғана қолынан келді. Тарих – осы ұлылыққа куә.


114
8. ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САПАСЫ: 
МӘДЕНИЕТТЕР АЛУАНДЫҒЫ АЛАҢЫНДАҒЫ ТҮРКІ 
ТІРШІЛІГІ
Түркі өркениеті мыңдаған жылдар бойына Орталық Азиядағы негізгі 
өркениет болып саналғандықтан, ол Қиыр Шығыста Қытай және Жапония 
өркениеттерімен, оңтүстік-батыста – Үнді өркениетімен, Таяу Шығыста – Ислам 
(негізі парсы және араб) өркениетімен, ал Батыста – Еуропалық және славяндық 
өркениеттермен бекем де баянды қатынаста болды, дегенмен жоғарыда аталған 
өркениеттерге қарағанда, оның мәдениеттер алуандығы кеңістігін көбірек 
құруға қабілеттілігі жоғары еді. Алтай мен оның шегінде, одан әрі – Азия мен 
Еуропаның географиясын жеткілікті дәрежеде кесіп өтіп, үлкен мемлекет пен 
империя құру түркі суперэтносының ғана қолынан келетін іс. Сонымен қатар, 
күні бүгін тіршілік етіп жатқан халықтардың мемлекеттігінің мызғымас берік 
дәстүрлерін жалғастырып қана қоймай, оны одан әрі жетілдіре түсу, сондай-
ақ олардың әлемдік тарихтағы ұлы рөлі мен алып мәдениетін дамыту – міне, 
осылардың барлығы да түркі өркениетінің этномәдениеттану мен этносаяси 
әлеуетінің сарқылмас қуатының көрсеткіші болып табылады. Тарихи даму 
үдерісінде әлемдік мәдениетті өзіне қарай және өзінен кері түркілік қарқынмен 
өзгерте алатын, дәл осындай екінші суперэтносты (этнос тудыратын суперэтнос) 
кездестіру тіпті де мүмкін емес шығар. 
«Түркі өркениеті» секілді аса құнды шығарманың авторы Метин Айдоған 
жоғарыда аталған сипаттық ерекшелікті алға тарта отырып, былай жазады: 
«Тарихта бірде-бір қоғам, дәл осы түркілер секілді әлемге ағынан ашылып, алып 
кеңістікке тарала алған жоқ. Бірде-бір қоғам, дәл осы түркілер секілді өзін де 
және қарым-қатынас орнатқан қоғамды да өзгерте алған жоқ. Бірде-бір қоғамның 
өзінше беталысы, түркі қоғамы жасағандай, тарихқа соншалықты әрекет ете 
алмады және оның айтарлықтай ықпалы да болмады. Тарихи мезгілдердің 
өзгеруі барысында түркілер ұзақ уақыттар бойы үнемі қозғалыста болды, олар 
алыс өлкелерге аттанып, аяғы жеткен жерлерге ықпалдарын жүргізді және 
өздеріне пана тапқан жердің ықпалында да болды. Өркениеттерге араласып 
кетіп немесе оларды өздерінің бойына сіңіре отырып, бірігудің бұрынғыдан 
да жетілдірілген үлгілерін жасады, тарихи және революциялық өзгерістердің 
себептеріне айналды. Олар адамзаттықтың барлық кезеңінде тіршілік етті және 
тарихпен бірге бірыңғай тұтастыққа айналды, деп айтады. Шынында да, осы 
тұтастықтың күрделілігі мен тереңділігі соншалық, неміс ғалымы, профессор 
Фриц Ноймарктің айтуынша, «егер де осы айтылып отырған тарихтан түркі- 
лерді ажыратып алып тастаса, онда аталған «тарихтан» түк те қалмайды», деген 
ахуал туындаған» (98, 9 бет).


115
Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі
Гуманитарлық ғылымдар бойынша жүргізілген сәйкес зерттеулер 
қорытындысы Еуразиядағы мемлекеттіктің тұрақты тарихын жасаушылардың 
нақ осы түркілер болғандығын растайды. Исламға дейінгі тарихи кезеңдердің 
өзінде де түркілер мемлекеттіктің бай мәдениетіне, рухани шыңына, жазба 
мәдениетінің жетілдірілген ерекшеліктеріне және экономика саласындағы 
тасымал технологияларына ие болды. Еуразияның бірыңғай алып кеңістігі 
түркілер бойындағы нақ осы жасампаздық қасиеттермен тікелей байланысты. 
Осы себептерге қатысты, түркі өркениетінің исламға дейінгі тарихы мен ислам 
кезеңін бағамдайтын, қазіргі кезеңі мен оның ықпалдастық бірлігін жүйелейтін 
тұжырымдамалық тәсілдердің жан-жақты бағасын алуға болады.
Ал, түркі-ислам байланысынан туындаған ұшқын шығыс өркениетіне жаңа 
энергетикалық теңгерім алып келіп, мемлекет пен дін, саясат пен өнегелілік 
арасындағы қарым-қатынастарға тепе-теңдік әсерін туғызды. Бұл әсіресе 
Исламдық Шығыстың тек адамгершілік тұрғысындағы өміріне ғана емес
сонымен қатар олардың діни -
ортодокстық көзқарастарына және әлеуметтік-
саяси өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізген түркі сопылығының 
философиялық дағдысында жүзеге асырылды. 
Түркілер шығыстың – араб, парсы және түркі секілді үлкен үш тілінде 
мәдениет жасап, Шығыстың озық үдерістерінің барлығының басын біріктірді. 
Осыдан шығатын түйін, түркілердің өзінің әскери-саяси және мәдени-рухани 
үстемдігі басым өркениет құра алуы толықтай табиғи қалып болып есептеледі. 
Сондай-ақ түркі дәуірінің бойында батыс империализмінің қанаушылық 
пиғылына тән, жеңілген этносты басып-жаншитын, жою стратегиясы болған 
жоқ. Көктүрік, Моғол, Атабек, Осман және Сефевидтен бөлінген барлық 
халықтар өздерінің тарихи-мәдени тұрмыстық тіршіліктерін қалыпты жағдайда, 
ешқандай да қысымсыз, алаңдаусыз жалғастырды. Түркі империясының қимыл-
қозғалысында, өз кезегінде алып империяның өзін дағдарысқа итермелеген ауыр 
қайшылықтардың болғаны да рас. Түркі тарихындағы этномәдениеттанудың 
жіктелу үдерісінде бірқатар ауытқушылықтар мен шығындар байқалғанымен, 
ол өз тамырынан ажырамаған және өзіндік тұрпатқа ие түркі мәдениетінің 
жасалуымен аяқталды. Жалпытүркілік бұл мұраның байлығы соншалық, қазіргі 
заманғы ұлттық түркілік мәдениеттер соның негізіндегі ортақ құндылықтарға 
ие. Аталған мол мұра негізінде қол жеткен жетістіктердің барлығы да олардың 
ортақ байлығы болып табылады.
Әлемдік таңдаулы саяси және мәдени дәстүрлердің біріне ие болып отырған 
түркілік шығармашылық ойлау қабілеті өзін қашанда үйлесімді және өте тиімді 
қалыпта ұстайды. Аталған қалып мынадай векторлар бойынша қалыптасты: 
жалпытүркілік мәдениет – әлемдік мәдениет. Аталған үлгі тарих пен қазіргі 
заманның сынынан сүрінбей өтті. Сондай-ақ, Батыс мәдениетінің (Еуропаның 
ұлттық мәдениеті мен Солтүстік Американың – Батыстың жалпыеуропалық 


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет