Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет70/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
басқа да қоғамдар мен мәдениеттердің, олардың шығармашылық стильдері 
мен озық өмірлік тәжірибелерінің қажетті тұстарын өздеріне пайдалануға және 
қолдануға тырысты. Мәселен, Орталық Азиядан бастап Анадолыға дейінгі 
барлық көне мәдениеттердің ізі әлі күнге дейін өшірілмеген, бұзылмаған 
күйінде сақталып қалды. Көпнәсілді, көптілді, көпмәдениетті және көпдінді 
түркі қалалары мәдениеттер алуандығы көзқарасын ұстанушы ретінде дамыды. 
Мұндай көпдауыстылыққа тіпті қазіргі заманғы Америка мен Еуропаның өздері 
де қызыққандай еді. Сондай-ақ, қала салушылық, сәулетшілік, миниатюра өнері, 
кілем тоқу, керамика және қолөнердің басқа да салалары шеберліктің ең шырқау 
шегіне дейін көтерілді (126). Әлемдік тәжірибеден әдебиеттің, ғылымның және 
білімнің құндылықтарын бойына жинақтаған түркілер шығыстық ар-ұждан 
мәдениетіне, білімге және тиімділікке сүйенетін өлшемдерінде артықшылық 
тұстарының басым екендігін айғақтайды.
Түркі әлеміндегі әр жақты білім берудің белең алуының қатты дамығаны 
соншалықты, тіпті кей кездері аталмыш сала ахуалының 
уыстан шығып кету 
қауіпі
туындай бастағандай әсер қалдыратын сәттер де байқалып қалып жатты. 
Дәл осындай күрделі уақыттарда түркі өркениеті негізінің шатқаяқтауына 
бір қадам да жол бермейтін 
түркизм қозғалысы 
қалыптаса бастап, аталған 
жағдайларға қатысты қарсылық шаралар қабылдана бастады. Сол уақыттардағы 
орын алған жағдайларды жақынырақ танып-білу үшін, ХІХ ғасырдағы Осман 
империясында 465 америкалық, 83 ағылшындық, 72 француздық, 44 орыс, 24 
итальяндық, 7 неміс, 7 австриялық, 3 грек миссионерлік мектептерінің ашылып, 
олардың бір мезетте жұмыс жасағандығын атап өткеннің өзі де жеткілікті болар 
(98. 149 бет). Әрине, осыншалықты құжынап кеткен мектептердің әрқайсы да тек 
өздерінің көздеген мүдделеріне сай іс жасап, балаларды осы бағытта тәрбиелеп, 
оқытқаны шындық. Ал тап осы кезеңдері басқа елдердің аумақтарында (атап 
айтқанда, Иран, Ресей және Қытай) өмір сүріп жатқан түркі қауымдарына 
қарсы, оларды өздерінің ұлттық тамырынан ажыратуға бағытталған саяси 
және идеологиялық жұмыстар ашықтан-ашық жүргізіліп отырғандықтан, оның 
барысы алдыңғысынан да қауіптірек еді.
Дегенмен, мылтықсыз жүргізілген осындай сұрқия майдандарға қарамастан, 
империализм тарапынан жасалған орынсыз шабуылдар мен әділетсіз 
соқтығысулардың барлығына да шыдамдылықтың үлгісін көрсеткен, сондай-
ақ түркі қауымдастығы өркениетінің кодын сақтаушы болып табылатын түркі 
өркениеті шамамен 150 жылға созылған күрестерден кейін, яғни ХХ ғасырдың 
соңына қарай өз тәуелсіздігіне қайтадан қол жеткізу бақытына ие болды. 
Түркі халықтарының әлемдік деңгейдегі бұл жеңісі жалпы түркі өркениетінің 
жеңімпаздық қасиетінің айнымас көрсеткішінің бірі болса керек.
Қазіргі заманғы тәуелсіз түркі мемлекеттерінің ұлттық мәдениеттерінің 
бойында түркі өркениетін әлемдік деңгейге көтеріп, аталған биіктен көрсете 


125
Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі
алатын шығармашылығы қуатты әлеуеті бар. Егер де біз бүкіл әлемге түркі 
өркениеті сыйлаған саясат, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлерінің 
есімдерін еске түсірер болсақ (Мұстафа Кемел Ататүрік, Гейдар Алиев, Тұрғыт 
Озал, Нұрсұлтан Назарбаев, Хасан Өзбекхан, Лютфи Заде, Тофик Фикрет, 
Намик Камал, Рашад Нури Күнтегін, Фазыл Хюсню Дагларджа, Наджиб 
Фазиль Гысакюрек, Әзиз Несин, Гафур Ғұлам, Муса Жәлел, Шыңғыс Айтматов, 
Кара Караев, Бахтияр Вахабзаде, Тоғрұл Нариманбеков, Олжас Сүлейменов, 
Мұхтар Шаханов, Ораз Ягмур, Рауф Пярви және басқалар секілді.), онда 
түркі мәдениетінің жалпыадамзаттық құндылықтар мен гуманизм идеалдарын 
қалыптастыруда, ілгерілеушілікке бастайтын, сондай-ақ ұлттық-мәдени 
ойлауды тоқтататын жаппай идеологиялық құралдарды жою жолында алдыңғы 
шепте келе жатқанымызды көреміз.
Қазақтың аса көрнекті ақыны және терең ойшылы Олжас Сүлейменов өзінің 
сонау 1972 жылы жазған «Аз и Я» шығармасында Еуразияны түркі рухының 
отаны екендігін бұлтартпас дәлелдермен тастай етіп бекітіп берді, сондай-
ақ түркі тілі мен оның мәдениетін де көне өркениеттің тамырымен тығыз 
байланыстырды. Сонымен қатар өткен ғасырдың 80-ші жылдары «Невада-Семей 
ядролық қаруға қарсы қозғалысыына» жетекшілік еткен Олжас Сүлейменов 
аталған халықаралық деңгейдегі соғысқа қарсы экологиялық қозғалыстың 
миссиясын төрткүл әлемнің түкпір-түкпіріне дейін түгелдей танымал етті. 
Сондай-ақ, ендігі жерде «Өркениеттің адасуы» және «Жазагер жады 
космоформуласы: Шыңғысханның пенделік құпиясы» атты алып тынысты 
монументалдық эпостық романдардың авторы Мұхтар Шаханов туралы сөз 
қозғар болсақ, италиялық жазушы Роберто Чичули қазақ ақыны туралы былай 
деп жазады: «Еер де шындықтың бетіне тура қарап, мәселенің ашығын айқара 
айтар болсақ, онда Еуропадағы қазіргі заманғы замандастарымыз арасында 
дәл Мұхтар Шахановқа тең келер тегеурінді жазушы жоқ», дейді (197, 8 бет). 
Түркі өркениетінің қайғылы тағдырын ерекше шынайылықпен суреттеп, оны 
қайта тірілткен, сондай-ақ жалпыадамзаттық маңызды жаһандық мәселені де 
айналып өтпеген бұл шығармалардың ЮНЕСКО деңгейінде талқылануының 
өзі кездейсоқтық болмаса керек. Сондай-ақ олар «Жібек жолындағы ғылым 
мен ар-ұждан» атты халықаралық конференцияда арнайы түрде талқыланатын 
тақырып ретінде де күн тәртібіне енгізілді. Егерде бүгінгі күні түркі әлемі бірлігі 
идеясының өзектілігі арта берер болса, онда осы идеяның жүзеге асырылуына 
тәуелді болып отырған қисынды шындықтың әу бастағы шынайылығы басты 
назарға ілініп, түркі өркениеттерінің барлық деңгейдегі сана-сезімінің үдерісі 
жемісті түрде жалғасын табатын болады.
Түркілік саяси-мәдени жүйенің бірыңғай тұтас сипатта көрінуі өз өркениетін 
мәдениеттердің алуандығы сахнасында еркін сезіне алуымен, сондай-ақ 
заңдылықтар жүйелілігі және 
түркі болмысының өзін-өзі танытуға деген 


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет