ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
арасынан кездестіру түк те қиын емес. Сонымен қатар, жекелеген түркі халық-
тары арасында кездесіп қалатын әлем үлгілері бас үлгілердің негізгі нұсқалары
болып қалуы да ғажап емес. Бас үлгі өзінің біртұтас күйінде де, элементтік
нұсқасында да жекелеген түркі халықтары ішінде өзгерістерге ұшыраған
жоқ. Ол күні бүгінге дейін тұрақты өмір сүріп келе жатқан жалпытүркілік
мифологиялық әлемнің үлгісі болып қала береді» (27, 34 бет). Түркілік эпикалық
мәдениеттің классикасына енген әр кезеңнің өзіндік эпостары, кейінгі жіктеу
үдерістерінде түркі суперэтносының жеткілікті деңгейде ұлттыққа айналуы
(қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзербайжан және түркі халықтары), біртұтас
Түркі Кітабына
, ал дәлірек айтқанда түркі халықтарының бірлігі мен түркі
әлемінің біртұтастығына алып келді.
Мәселен, «Қорқыт Ата кітабы» шығармасының ең басты идеясы Сыртқы
және Ішкі, яғни шашыраңқы және жинақы тұрып жатқан Оғыздар арасындағы
қайшылықтарды біржолата жою болып табылады. Нақ осы идея монументалдық
эпостан жан-жақты жанрларға көшу барысында өзеннің түрлі арналарынан
жылжи ағып жатқандай әсерге итермелейді, алайда ол барлық тұста да өзінің
мәнін сақтап қалады. Шағын жанрлардың эволюциялануы барысында түркі
мәдениеті өзінің ойлау және тіл ерекшеліктерін сақтап қалады. Туюгтарды
баяттар, озандарды ашугтар алмастырады. Шатырды сарайлар, ал эпостарды
поэмалар алмастырады. Дегенмен, жаңарудың қай сатысында болмасын
түркілік үлгі мен болмыстың бояуы өзгерген жоқ. Профессор Магеррам
Гасымлы, «түркі ұлысы жүздеген жылдар бойы қылышты өзінің қолының,
ал сазды әуенді – өз жүрегінің жалғасы деп есептеді», деп атап өтеді. Ал егер
де «қобыз түрленісі үдерісін» мысалға алар болсақ, онда қобызды Алтай –
Түркістан – Кавказ – Анадолы жүйесінің шеберлігі тұрғысынан алғанда, оның
эволюциялану үдерісі қаншама байлықты бойына сыйғыза алып отырғанын
көреміз (57, 117-118 беттер). Жалпы алғанда, барлық түркі халықтарының
музыка мәдениетіндегі қобыздың эволюциялану үдерісі өзіндік ерекше үлгіде
жүргізіліп, ол жіктелудің әрбір кездескен бағытында озан өнерінің архетипін
бойында сақтап қала алды. Әзербайжанның ашуг өнері сопылық бейнелемеге
дейін өскенімен, «архетиптік ұяда» «қам-шаман кешеніне» тіршілік сыйлайды
(57. 7, 127 бет). Әзербайжан фольклорындағы баяттар алдыңғы қатарға озып
шыққан уақыттарда, сол кезеңнің поэзиясы (XIV ғасыр) әлі де араб және парсы
тілдерін ұмыта қоймаған шақ болатын. Ал тура осы кезеңдерде қарамандар мен
османдар және түркі тайпалары үнемі өз ара қақтығыста болып отырды. Өз ара
өршіген жауластықты ауыздықтап, елдегі заңдылықты күшейту мақсатында
Ғази Бурханеддин ең көне жанрлардың біріне негізделген туюг жазып шықты.
Өйткені, туюг дегеніміз тайпалардың таралу тамырының ең тереңіне үңілуге
шақырып, түркі бірлігінің баянды болуын жырлайтын өнер туындысы.
Түркі өркениетін ислам өркениетімен синтездеу кезінде әлем тарихында
бұған дейін болып көрмеген ең бір қызықты оқиға орын алды. Исламмен қанат-
121
Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі
тас жүруді бастаған түркілер көп ұзамай діни-өркениеттік өзгерістерге
ұшырап сала берді. Сонымен қоймай, түркілердің өздері де ислам әлемі өмірін
демографиялық, әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өзгерістерге
кеңінен ұшыратып, оларды аз уақыттың ішінде күшті әскери қоғамға айналдырып
жіберді. Сондай-ақ, осы кеңістікте орналасқан барлық мемлекеттерді басқару
тізгінін түркілер өз қолдарына алды (100. 134-281, 241, 141-501 беттер).
Түркі өркениеті исламды бойына қаншалықты сыйғыза алса, түркілердің
мұсылманшылығы да соншалықты деңгейде қалыптасты. Біздің дәуіріміздегі І
ғасырдың соңы мен ІІ ғасырдың басында (950-1150 жылдар) «мұсылман әлемі»
мен «түркі әлемі» тұтас бір денеге айналу үдерісін бастарынан өткерді (171).
Сондай-ақ, түркі мен ислам өркениеттерінің бірлігіне негізделген үдерісте
түркілердің саяси қалауы Мұсылмандық шығыста бір-біріне селбескен жаңа
өркениетті қалыптастыруға жол ашты.
Түркі суперэтносы ислам өркениетіндегі алдыңғы қатардағы қуатты ел
атанды және де ол өз кезегінде әлемдегі ең озық өркениеттің біріне айналды.
Х-ХІІ ғасырлардан бастап Таяу және Орта Шығыс халықтарының өміріне шұғыл
бетбұрысты алып келген «алмасу кезеңдері» (171, 3 бет), ислам және түркі
өркениеттерінің бірлесе дамуларына зор мүмкіндіктер әкеліп, «мұсылмандық
ренессанс» аталатын тарихи үдемелі мәдениеттер толқынын туғызды. Пассио-
нарлық исламдық өркениеттік іргетас ретінде қалыптасқаннан кейін, түркі
өркениеті Көктүріктер кезеңінен кейінгі екінші және ең бір шешуші толқында
түркі тілін Исламдық Шығыстың халықаралық қатынас құралына айналдырды.
Шығыс мәдениетінің небір классикалық туындылары мен ескерткіштері осы
тілде өмірге келді. Біздердің бұған дейін атап өткеніміздей, араб, парсы және
түркі секілді Шығыстың үлкен үш тілінде жазып келген түркінің таудай ақылға
ие, терең ойшылдары әлемдік мәдениеттің жан-жақтылануына тың серпін
беріп,
мәдениетаралық қатынастардың көптілділік негізін
жасады... Дінді
(теологияны) оңтайландыруды, жалпыадамзаттық құндылықтардың барлық
адамдарға тиістілігі идеясын, қоғамдық заңдылықтар мен саяси жетекшілердің
әділдігін, адамгершілік және дене сұлулығын, отбасылық құндылықтарды,
Құдайға сүйіспеншіліктің кереметтігін ғылыми, философиялық жоғарғы
көркемдік шеберлікпен және гуманизм философиясының ғылыми қисынын
келтіре ашып берген жалпытүркілік поэзияның, ғылымның және философияның
классиктері әлемдік мәдениеттің дамуының жаңа кезеңдік қайта жаңғыруына
тың серпін берді (56. 62-127, 133,164 беттер).
Түркі империясы түркі, ислам және әлем мәдениеті мен тарихына мүлдем
жаңа көзқарастар қалыптастыратын қоғамдық ғылымның, тарихтың, медицина
мен табиғи ғылымдардың, географияның, математиканың, астрономияның,
биология мен технологиялық ілімдердің дамуына баса назар аударып
отырды. Бұдан өзге, түркі империясы түркілердің дүниежүзілік идеологиясын
122
Достарыңызбен бөлісу: |