Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет67/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
Армяндық дереккөздер батыс елдеріне «антихристің» келетіні туралы оның 
алдын ала, көп уақыт бұрын үнемі ескертіп отырған: «олардың түрлері сондай 
қорқынышты, бойында аяушылықтың бір тал сезімі жоқ, олар үшін адам өлтіру 
деген тойға немесе мерекеге барғанмен бірдей», деп күні бұрын байбалам салып 
отырған (142, 160 бет). 
Жоғарыдағы баяндауда моңғолдардың аса қаһарлы түрі тек қана армяндық 
дереккөздердің негізінде суреттелгені аздық еткендей, ендігі жерде ол аталған 
этностың Еуразия тарихындағы шынайы рөлін де әділетсіз бұрмалауға жол 
береді. Ал іс жүзінде моңғолдар XIII-XV ғасырларда Еуразияның саяси-мәдени 
өмірінің алдыңғы қатарына түркілермен әскери одақ құру арқылы шыққан 
еді. Осы уақытқа дейін және одан кейінгі XIX ғасырға дейін де түркілер 
тарихтағы түркі өркениетінің, мәдениет адуындылығы алаңындағы түркілік 
тіршіліктің, Еуразиядағы геосаяси және геоөркениеттің барлығының да авторы 
болып табылды. Ф.Ф.Арместо Еуразия өркениетінің тарихынан «моңғолдық 
эпизодтарды» көргенімен, есесіне бұл жерден түркілік туындыларды қасақана 
көргісі келмей қалған.
Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының соңы мен ІІ мыңжылдығының басын- 
да түркілердің Еуразия кеңістігіндегі шығыстан батысқа қарай қозғалысы кезін- 
де, осы аталған моңғолдар түркілердің арнайы әскери құрамы (қазіргі заманғы 
десанттар секілді) рөлін атқарды. Сол уақыттың тарихи фактілеріне жүргізілген 
обьективті зерттеулер Шыңғыс хан мен оның тарихи мұрагері Темірланның 
кездерінде түркілер мен моңғолдардың әскери одағының үстемдік етушісі 
және оның негізін құрушы этнос нақ осы түркілер болғандығын дәлелдейді 
(230, 9-55 беттер). Олар тұрған жерлердің барлығында да түркілік мәдени-
саяси жүйе қалыптасқан еді. Түркілер Каспий мен Қара теңіздер бойындағы, 
Кавказ бен Парсы және Анадолының айналасындағы аумақтарда қалыптасқан 
шиеленістерді шешушілер деңгейіне дейін көтерілді. Аталған аумақтардың 
барлығында, сондай-ақ жергілікті және аймақтық деңгей көлемінде де (оның 
ішінде моңғолдар арасында да) түркі тіліне ұлтаралық қатынас құралы ретінде 
басымдық берілді (155, 385 бет).
Аталған аумақтарда моңғол тілін пайдаланудың нышаны сезілген 
жоқ. Мәдени эволюциялық жүйе барысында мұнда моңғол тілінен келген 
сөздерді кездестіру тіпті де мүмкін емес. Бұдан кейінгі тарихи кезеңдерде, 
Моңғолияны есепке алмағанда, Еуразияның орталық жазығының барлығы да 
тек түркі суперэтносының, түркі тілі мен түркі өркениетінің отаны саналды. 
А.А.Арместоның болжамдарына қарамастан, өркениет тарихындағы дала-отан 
тек катализатор рөлін ғана емес, сонымен қатар өркениетті тербейтін «бесік» 
рөлін де қоса атқарды (142, 169 бет). Бесіктің тұла бойындағы бар қасиетін 
түгелдей сақтап қалған түркі өркениеті өзінің табиғаты мен фольклорына 
да соншалықты жақын болды. Георгий Гачевтің сөзімен айтқанда, түркі 


119
Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі
пассионарлығының түп-тамыры өздерінің табиғи болмысынан нәр алып
өздерінің «космопсихологиясынан» бір сәтке де болса ажырамауында жатыр 
(148, 11-20 бет).
Түркілер қайда бармасын, олар туған «табиғатын», бітім-болмысын 
өздерімен бірге алып жүрді. Мүмкін, түркілердің мейлінше ерек экологиялық 
этнос атануының бір себебі де осында жатқан шығар. Пассионарлық түркілердің 
бойындағы бұла күш саналады (153,155, 122-145 беттер). Түркі өркениеті 
өз болмысына қарай жүздеген жылдар бойы Еуразияның бай табиғаты мен 
этникалық түрлілігін және фольклорлық архетипін бойына сіңіре білді. 
Сонымен қоймай, оларды рухани қуаттың күшті көзі мен бірлігіне, ұйымдасқан 
әскери-саяси ұйымға айналдыра алды. Демек, бұл пассионарлық өркениет 
болып саналады. 
Прототүркілік мәдениеттің 
іздері мен белгілерін сақтап 
қалған, археологиялық қазбалардың қортындыларына сәйкес, «ғұндар өнерін 
де скифтер секілді өте көне» деп есептуге әбден болады (241, 24 бет).
Ғұндар мәдениетінің материалдық үлгілерінен өздерінің бейнелерін 
кездестіргендердің батырлық кейіптері келе-келе өнердің түрлі салаларындағы 
шығармалардың тұрақты сюжеттік желісіне айналады. «Түркілердің бірлескен 
өткенінен, түркілердің бірлескен болашағына» мағынасындағы өркениет 
қозғалысы (56, 74 бет), еш уақытта да тоқтап қалмайды, керісінше, оның 
қозғалысы нақ сол кезеңдерден басталады. Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі І 
мыңжылдықтың ортасына қарай қалыптаса бастаған көне түркі эпосы, «эпикалық-
мифологиялық ойлаудың ізденістерінің нәтижесінде» пайда болған (29, 3 бет, 
230 бет). Түркілердің бүкіл тарихы, олардың тілі мен ойлау қабілетінің барлығы 
да 
түркі мәдениеті эпосының санасына 
сіңіп қалған. Соның нәтижесінде «Оғыз 
Қаған», «Қорқыт Ата кітабы», «Көрғұлы» және «Манас» секілді көптеген алып 
батырларға арналған эпостар жазылды. Бағындырушы түркілердің сипаты 
мен бейнесі осы айтылған эпикалық шығармалардың прототипіне айналып
осы еңбектер бойынан көрініс табады. Егер кезінде түркілер Еуразияның бір 
түкпірінде «бастарын бұғып», бетегеден биік, жусаннан аласа кейіпте отырып 
қалғанда ғой, онда олар еш уақытта да дәл осындай монументалды еңбектер 
жасай алмаған болар еді. Тағы бір маңызды жайт, түркі мәдениеті эпосының 
ерекшелігі, этногеографиясы, этнографиясы, нақты тарихи әңгімесі, сюжеттің 
шиеленісуі, батырлардың ержүректігі, мемлекеттік ар-ұждан түрлі халықтармен 
жүргізілген жан-жақты байланыстардың барлығы да осы ескерткіштерде 
Еуразия кеңістігі секілді көлемділігі мен кемелділігі өзіне тән түрлі-түстілігімен 
құбылта көрсетіле алғандығында болып отыр.
Түркі этномәдениетінің жүйесі өзінің құрылымдық және атқарымдық 
қасиеттеріне қарай, «тұтастықты көрсетеді және әлемдік үлгінің тұтастығын 
қорғаушы ретінде бейнеленеді. Бұл тұрғыда жалпытүркілік мифологиялық 
дүниелер үлгісі біркелкі. Оның қандай да бір элементтерін түркі халықтарының 


120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет