ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
мәдениеті – әлемдік мәдениет) және араб мәдениетінің де (араб ұлттық мәде-
ниеті – жалпыараб мәдениеті – әлемдік мәдениет) іргетасы осы заңдылық пен
бірыңғай вектор негізіне сүйене отырып қаланды. Әлемдік дамудың жаһандық
үдерісінде аталған осы үлгі ұлттық мәдениет пен мемлекеттіліктің тіршілік
етуіне кепілдік бере алады. Қазіргі заманғы түркі ұлттық мемлекетінің сонау
ежелгі бастауында түркі халықтарының мемлекетін құрған, бүкіл тарихында
этномәдени байланысты және тарихи жіктеу кезеңінен бері қарай
жалпы
құндылықтардың
сақталуын тұрақты түрде дамытып және оны жалғастырып
келе жатқан тәжірибе мен дәстүрге өте бай мемлекеттіктің этногенетикалық
негізі тұр. Осы аталған іргетас тарихтың ең аяусыз кезеңдерінің өзінде де
шатқаяқтаған жоқ, керісінше – мүмкіндігінше беки түсті, дәл қазіргі сәтте ол
өзінің күшті де қуатты энергетикалық әлеуетін мақсатты бағытқа қарай бұрып,
оны қайтадан қозғалысқа келтіруге дайын тұр. Тарихи тұрғыдан алғанда, бүгінгі
күннің аренасында мәдениет алуандылығының сақталуы түркі болмысының,
оның бүтіндігінің динамикасын танытады. Ал өзге де мәдениеттермен тығыз
байланыс орната алуы, оның рухани баюы мен осыншалықты кең ауқымға
шығуының кепілі болды. Әмбебаптықтың үсті-үстіне дамып, оның үстіне
тарихи-мәдени үдерістердің де күрделене түскен кездерінің өзінде түркілер еш
абыржыған жоқ, керісінше ерік-күштерін үнемі бір арнаға жұмылдыра отырып,
өз мәдениетін үлгі стандартының ең алдыңғы және озық қатарына алып шықты.
Біздің пікірімізше, әлемдегі барлық мәдениеттердің өзара қарым-қатынастары
барысында
түркі өркениеті төмендегідей атқарымдық сапаларға ие болды:
1. Мәдени ойлаудың табиғатын архетиптеу, яғни: түркілер үшін табиғат –
барлық жер – олардың
отаны.
2. Даму үдерісі барысында өз тілі арқылы лингвистикалық «негізді» сақтау
орын алды: өзара өркениеттілік үдерісі барысында түркі тіліне шеттен енген
көптеген сөздерге қарамастан, оның санының өсуі түркі тілін шұбарлап,
құрылымдық ерекшелігін бұза алған жоқ, керісінше – бұл осы
тілдің
сапалылығының көрсеткішіне
айналды.
3. Түркі өркениетін қалыптастыру үдерісіндегі мифологиялық дүниетаным
оның «поэтикалық сәулетін» жасайды: түркі мәдениеті эпосының архетипі
көркемдік-эстетикалық дамудың келесі сатыларында жаңа үлгі мен әлпетте
көрініс береді.
4. Халық өздері құрған өркениеттің барлық кезеңінде де өздерін мемлекеттің
ажырамас бір бөлшегі ретінде көрсетіп келеді: түркі тарихындағы ұлыс –
мемлекеттің жиынтығы және ол түркілік саяси-мәдени өзін-өзі ұйымдастырудың
синергетикалық заңдылықтары ретінде танылады.
5. Түркілер жаңғыртуды өз тамырынан алшақтатқан емес: жаңашылдық пен
дәстүрлер бірлесе отырып, өздерін түркі өркениетінің өмірлік қағидаты ұғымын
сақтайды.
117
Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі
6. Түркі өркениеті барлық уақытта өз ішінде де, сондай-ақ басқа
өркениеттермен қарым-қатынасында да үндестік заңдылықтарын жасайтын
бастау биікке қарай ұмтылды. Басқа мәдениеттерге берлген және ол жақтан
алынғанның арасындағы тепе-теңдік осы өркениеттің ішкі тепе-теңдігінде
сақталды.
7. Түркілер Еуразияның алып кеңістігіне мемлекет пен имприя құрып, аталған
саяси құрылымда өз алдына жеке ұлттық мәдениет қалыптастырғанымен де,
айналып келгенде жүргізілген мәдени-саяси жіктеулер түркі өркениетінің
өзегін бұза алған жоқ. Түркі өркениеті тарихтың барлық уақытында да
түркілік ұлттық мәдениет үшін біріктіруші база ретінде қалып қойды және
осы «кернеуден» мызғымайтын негіздердің бойынан табылатын энергияны
күшейте түсудің нақты мүмкіндігіне ие болды. Осы тұрғыдан келгенде,
түркі бірлігі түркі өркениетінің біртұтастығы мен бөлінбейтіндігін көрсетеді.
Өркениеттің тарихы мен теориясына жаңа әдістемелер тұғысынан қарайтын
танымал зерттеуші Роджер Осборн Батыс өркениетіне әлемдік мәдениетті ілгері
дамытушы және оның тұтастығының қамтамасыз етілуіне себепші боларлықтай
ерекше құбылыс ретінде қарауға болмайтындығы туралы айтады. Әлемдік
өркениеттің жинақталған ерекшеліктеріне қарамастан, олардың айрықша бір
қасиеті саналған – «көп дауыстылығы» – бәрінен де тартымдырақ. Гректік,
эллиндік және римдік өркениеттердің басқа халықтар мен мәдениеттерге
жабайылар деген көзқарас танытуы, Батыс өркениетінінің өзге өркениеттерге
кемсітушілікпен қарай бастауына алып келді (175, 144-172 бет). Әрине, мұндай
қарым-қатынастардың әсіресе, Батыс империализмін өзгелердің төбесінен
қарайтындай «өркениеттік артықшылықтың» биігіне көтеретіндей әсерге
бөлегені рас. Аталған қарым-қатынасты ғылымдағы ұқсас өлшемдер бойынша
оңтайландыру барысы мәдениет пен өркениетті «өресіз» және «классикалық»
деп аталатын екі түрге бөлді.
Шынтуайтында, барлық мәдениеттердің көне заманғы қалыптасқан күйінен
бастап қазіргі жетілдірілген, классикалық жағдайына дейінгі өзіндік сара
жолдары бар екендігі жасырын емес. Өкінішке қарай, осы үдерістерді жеткілікті
материалдар қорымен зерттеген француз универитетінің тарихшысы, профессор
Нотр-Дам Фелипе Фернандес Арместо өзінің еңбегінде өрескел қателіктерге
орын беріп алған: ол өркениетке қатысты Еуразияның тарихи рөлі жайында сөз
қозғай отырып, тек қана моңғолдар туралы және өркениеттер арасындағы қарым-
қатынастар орнатуға кедергі келтірген, Шыңғысханның қолымен жасалған
«сұмдық империя» туралы ғана айтуға тырысады. Бұдан да өткен түсініксіз
мәселе: Шыңғысхандай жаулап алушының келбетін жасау үшін, ол: «Моңғол
әскері қай бағытқа бет түземесін, бұл туралы үрейлі хабар ол келместен көп
уақыт бұрын тарап кететін», деген секілді армяндық дереккөздерді пайдаланды.
118
Достарыңызбен бөлісу: |