Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет69/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
насихаттайтын жүйелік идеология қалыптастырды, сондай-ақ әлемдік 
деңгейдегі классиктердің шығармаларын империялық аталатын – араб, парсы 
және түркі тілдеріне аударды (304). Жалпы алғанда, түркі империясына 
қарайтын қалалар мен облыстарда жан-жақты және көптілді орта қалыптасты. 
Сондықтан да, дәл осы кезеңдерде парсы тілінде жазатын Низами Гәнжәуи мен 
Мәулана Жалаладдин Руми, сондай-ақ түркі тілінде жазатын Юнус Эмре мен 
Имамеддин Насими (ол сонымен қатар араб және парсы тілдерінде де жазды) 
және басқалардың танымалдыққа ие болулары кездейсоқтық емес еді. Тіпті 
түркі билеушілерінің өздері де шығармаларын жетекші үш тілде жазды, осылай 
ету арқылы олар саяси биліктің тірі мәдениеті және өнерімен біте қайнасып келе 
жатқандығын дәлелдеп, олардың бір-бірінен еш уақытта да ажырмайтындығын 
көрсетті. Түркі өркениетін исламмен қатар дамыту ісі үздіксіз жүргізілді және 
ол жүздеген жылдарға жалғасты. Түркі-ислам мемлекеттерін басқару Таяу 
және Орталық Шығыс саясаткерлеріне, осы аумақта тұратын халықтарды өз 
ара ықпалдастыруға және олардың мәдениетін түркі әрі ислам өркениетімен 
жақындастыруға жол ашып берді.
Түркілердің саяси үстемдік құруы исламды 
дін, мәдениет және саясат 
ретінде оның тарихының ең бір жарқын кезеңдеріне алып келді. Мұны түркілер 
мен арабтардың алғашқы араласа бастаған кезеңдерінен мәліметтер беретін 
араб дереккөздері растайды. Онда арабтардың көптеген артықшылықтары 
жөнінде айтылған. Арабтар түркілердің әскери ержүректігі мен соғыс өнерін 
жетік игерулерін өте жоғары бағалаған (143, 21-22 беттер). Француздың 
ХХ ғасырдағы екі көрнекті ғалымы – Анри Массе мен Фернанд Браудель 
аймақтағы түркі мемлекетінің бірыңғай саяси-өркениет кеңістігіне айналу 
фактісіне түсіндірме бере отырып, түркілердің жауынгерлік ержүректігін және 
әскери қуаттылықты ақылды саясатпен үйлесімді байланыстыратындықтарын 
алдыңғы қатарға шығара айтқан болатын. Сонымен қатар олар түркілердің 
өздерінің әскери-саяси қуатын өркениеттің құндылықтарымен бекіте түсуге 
бағытталған қадамдарына өте жоғары бағалар берді (61, 190-227 беттер; 
209, 55-68 беттер). Түркі өркениеті өзінің ерекше гүлденген кезеңдерінде 
мәдениет пен өркениеттің архитектоникасын жасады және онымен де 
өзара
қатынастарда болды. Үнділік, Қытайлық, Исламдық, Батыстық және Славяндық 
өркениеттерге қарағанда тек қана түркі өркениеті ғана өзінің мақсатты бағыты 
мен жұмылдырушы қызметін адамзаттың тарихи дамуын прогрессивтік 
бағытқа қарай қайта бағыттау жөніндегі бастамашылығын айқын да анық 
білдірді. Түркі өркениетінің гүлденуінің арқасында Шығыстың қайта өркендеуі 
ілгерілеушіліктің ең жоғарғы көрсеткішіне жетеді. Аймақтағы мемлекеттердің 
саяси менмендіктеріне байланысты өркнеиеттер арасындағы шиеленісушілік 
пен драмалық ахуалдарға қарамастан, олар қарқынды дами түсті және өз 
құндылықтарын қалыптастырды.


123
Түркі өркениетінің функционалдық сапасы: мәдениеттер алуандығы алаңындағы түркі тіршілігі
Тарихтың есінде мәңгі сақталатын, соншалықты ұмытылмас фактілердің 
біріне түркі мемлекеттерінде ұлтаралық кемсітушілікке еш уақытта да жол 
берілмегендігін жатқызуға болады. Тіпті, басқа ұлттар мен өзге діннің осында 
тұрып жатқан өкілдері мемлекет ішінде алға жылжып, керек десеңіз, жоғарғы 
билікке де ұсынылып отырған. Өзінің саяси өмірбаянын өзінің туған түркі 
тілінде жазған, Ұлы Моғол Империясының негізін салушы Бабыр мен оның ісін 
жалғастырушы Акбар өз елінде (Үндістан) өмір сүру және даму мақсатында 
барлық ұлттар мен дін өкілдеріне тең құқық берді (190. 69-72 беттер; 275.178-
183 беттер). Түркі-ислам өркениетінің ілгерілеген кезінде (XI-XVII ғасырлар) 
түркі мемлекетінің астанасына әрқилы мәдениеттер мен өркениеттердің ең 
мықты деген шеберлері мен қолөнершілері шақырылды. Солардың қатысуымен 
өңірлерде классикалық мәдениет пен шынайы өнердің орталықтары құрылды 
(мәселен, Сефевидтер империясының билеушісі Шах Исмаил Хатайдың 
Тебриздегі миниатюра мектебі). Ұлы Моғол билеушісі Джахан Шах бұрынғы 
өткен түркілердің (XVI ғасыр) Үндістанның астана ретінде таңдаған Агра 
қаласында, «сәулетшілер, шеберлер мен суретшілер, сондай-ақ 200 мыңнан 
астам тас қалаушылар мен жұмысшыларды жұмылдыруы нәтижесінде 17 
жылда әйгілі «Тәж Махал» кесенесін салып бітірді» (314, 434 бет). 
Осман әскеріне жаңа шерік 
(Осман сұлтанының жеке әскерлерін және 
оққағарларын құрайтын топ)
ретінде қосылған Румели мен исламды 
қабылдаған Мемар Синан (1494-1588 ж.ж.) кейіннен Стамбұлда Сүлеймение 
кешені мен бұдан басқа да ондаған сәулет ескерткіштерін тұрғызады. Осман 
империясының сүйіктісіне айналған Мемар Синан көзі тірісінде мемлекеттің 
үлкен қамқорлығына алынды. Оның иелігінде 18 алпауыт қожалығы, 38 дүкені, 
9 үйі, сондай-ақ жер учаскелері, диірмендері және шағын мешіттері мен 
медресесі болды (243. 22 бет). Осы уақыттар кезеңнің эстетикалық мәдениетінің 
жан-жақты бағыттарын таңдайды да, соның негізінде үстемдік етуші «түркілік 
стиль» және «исламдық бейнелеме», сондай-ақ ілгерілеуші дәстүрлер мен 
қолөнер құндылықтары өздерінің шоғырлану нүктесіне жетіп, нәтижесінде 
өзіндік синкреттік шығармашылықтың жаңа үлгісін дүниеге алып келеді (314. 
392-401, 425-436 беттер; 171.18-19, 231-261 беттер; 100.243-260 беттер; 93.94-
101, 63 беттер).
Бұл ескерткіштерде 
түркі әлемінің негізділігі, біртұтастығы және 
әркелкілігі 
секілді ерекшеліктері мен тамаша қасиеттері қоғамдық-саяси көзқарас 
тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар 
эстетикалық мәдениет көзқарасы 
тұрғысынан да
айқын көрініс беріп тұрады. Түркілер еш уақытта да басқа ұлттар 
мен діндерге қатысты кемсітушілікке жол берген жоқ, сондай-ақ олар басқа 
халықтардың тарихи ескерткіштеріне, қолөнер технологияларына, ар-ұждан 
пен рухани құндылықтарына ерекше құрметпен қарады. Өмірде өздерін атақты 
рулар мен сословиелердің өкілдері ретінде көрсететін олар барлық уақыттарда 


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет