ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы түркі мемлекеті болып есептеледі. Қазақстан солтүстігі мен батысында Ресей
Федерациясымен, шығысында – Қытаймен, ол оңтүстігінде – Қырғызстан,
Өзбекстан және Түрікменстанмен шекараласады (247). Қырғызстан
Республикасы екі түркі мемлекетпен – солтүстігінде Қазақстанмен, батысында
– Өзбекстанмен, ал оңтүстік-батысында – Тәжікстанмен және оңтүстік-
шығысында – Қытаймен шекараласады (248). Өзбекстан Республикасы Орталық
Азияның кіндігіне орналасқан, шығысында – Қырғызстанмен, солтүстік-
шығысында және солтүстік-батысында – Қазақстанмен, оңтүстік-батысында
– Түрікменстанмен, ал оңтүстігінде – Ауғанстанмен, оңтүстік-шығысында –
Тәжікстанмен шекараласады (255). Түрікменстан Республикасы оңтүстігінде
Ауғанстан және Иранмен, солтүстігінде – Қазақстан және Өзбекстанмен,
Каспий теңізі арқылы – Әзербайжанмен (254) шекара бөліседі. Демек, бес
шекаралас мемлекеттің үшеуі – Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан –
түркі мемлекеттері. Ал Әзербайжан Республикасы солтүстігінде Ресей және
Грузиямен, батысында Түркия және Армениямен, оңтүстігінде Иранмен,
Каспий теңізі арқылы шығысында – Түрікменстанмен шекараласады (250).
Түркия Республикасы шығысында Әзербайжан, Армения және Грузиямен,
оңтүстігінде Ирак және Сириямен, батысында Грекия және Болгариямен, Қара
теңізі бойынша – Ресей Федерациясымен шектеседі (253). Түркия шекарасын –
Қара теңіз, Жерорта теңізі, Эгей теңізі және Мәрмәр теңізі секілді төрт жағынан
төрт теңіздің сулары шайып жатыр. Жоғарыда атап өткеніміздей, Түркияның
мемлекеттік шекарасын айналдыра Қытайдан Болгарияға дейінгі миллиондаған
шаршы шақырымға созылып жатқан алып аумақта түркі тектес халықтардың
осы күнге дейін өмір сүріп жатқанын назардан еш шығарып алмауымыз керек.
Географиялық осы көріністе түркі әлемі бірлігі координатынан
Еуразияның