ІІІ ТАРАУ Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы алмайды» деген қорытындыға келді (311.94-99, 138-147 беттер). Ресейдің
империализмнен кейінгі қайтадан қолға алған саяси күрестерінің салдары
оны бұрынғыдан ауыр жағдайларға алып келеді: оның жұмсақ әрі күштеуге
негізделген айла-амалдары тәуелсіздік жолындағы ең маңызды, күрделі және
дағдарысқа толы кезеңдерінен бірге өткен елдерді бұрынғыдан да алыстата
түсті. Оларды «жоғалтып» алуы себебінен Ресейдің бойын кернеген агрессия
оны «үлкенірек» Солтүстік Кореяға айналдырып жіберуі әбден кәдік. Ақыр
соңында, ықпалдастықтың ыдырау үдерісі бұл жолы оның өз ішінен басталуы
да бек мүмкін!
Осындай себептерге байланысты Ресей «жаңаеуразияшылықтың» қиялына
беріліп, өзін-өзі алдамуы және «Славяндық Одақ» пен «Еуразиялық Одақ»
аталатын қос кұрылымның арасында босқа сенделіп қалмауы тиіс. Өйткені,
онсыз да жер көлемі жағынан әлемдегі ең ірі елдердің бірі саналатын Ресей үшін
«жаңа одақтар» мен «федерациялар» құру есебінен бұдан әрі үлкейе түсудің
еш қажеттілігі жоқ. Ресейдің өзінің осыншалықты үлкен аумағының ішінде
әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселелері жетіп артылады. Сондықтан да,
еуразиялық Ресей елі Еуропада үстем Еуропа, ал Азияда үстем Азия атану
амбициясын тоқтатып, жарға соқтырар жаңсақ идеядан үзілді-кесілді бас тартуы
керек. Өйткені, Ресейдің осы айтылып отырған ішкі ниетімен оның тек өзі ғана
болмаса, Азия мен Еуропадағы бірде-бір мемлекеттің мұны еш уақытта да
қолдамайтындығы, өліп бара жатса да бұған ықтиярымен келісім бермейтіндігі
ақиқат. Бүгінгі Ресей Еуразиядағы халықаралық ынтымақтастықтың аясындағы
өз міндетін орындап, ізгіліктің бұдан әрі дамуына өзіндік үлесін қосқаны
абзал болар еді. Дегенмен, бұл әзірге тілек қана, ал өкінішке қарай, мәселенің
шындығы басқаша қалыпта өрбіп тұр.