139
Ресей еуразияшылығы
3) Ресейдің саяси технологиясы жаһанданудың қисынына сәйкес идеоло-
гияны жасай да және оны ұсына да алмады. Егер де сөз жүзінде бірқатар жаңа
ережелер туралы айтылып қалғанымен, Ресей бәрібір де Батысқа өшпенділік, ал
Шығысқа қызғанушылық сезімінен арыла алмай өмір сүруде.
4) Империялық сезімді аңсау сол ұлттың барлығының бойына тән немесе
кем дегенде көпшілігінің көкейін сыздатқан арман бұл.
Осындай аспектілер ресейлік Еуразияның өзін барлық қырынан анық
көрсетті. Міне, осы айтылғандар қордалана
келе Ресейді еуразиялықтың
бастауындағы қандай да бір тарихи өркениетке негізделмеген базада
абстрактылы одақ құрудың бос қиялына жетелеп алып келді. Соңғы жылдары
Ресейдің халықаралық саясатында да еуразиялық секілді аса көп айтылатын
өзіндік нақты теория жоқ. Бұл жалпақ әлем үшін, әсіресе Еуразияның
географиялық кеңістігі үшін соншалықты елең еткізер жаңалық та емес. Сонау
XVIII ғасырдағы Ресейдің «жоғарыдағы» Солтүстік соғысындағы жеңісі мен
«төмендегі» Алтын Орданың бөлінуі орыстарды соғыстың үлкен алаңына алып
шықты. 1721 жылы өзін Империя деп жариялаған Ресей түркі мемлекеті мен
империясының әлсіреген тұсын өте шебер пайдаланып кетті. Ресей империясы
Қара және Каспий
теңіздерін жағалай отырып, Кавказдың ішкі жағынан
Еуразияның стратегиялық қапталын жаулап алып, Парсы жағына, сондай-ақ
Орталық Азияның ішкі жағымен – Қытайға қарай кеңейе түсті. Ал 1905 жылы
Ресей империясының аумағының жалпы көлемі Түркі-моңғол және Британия
империяларынан кейінгі деңгейге жетті. Оның 22
млн шаршы шақырымды
қамтыған жер аумағы солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхиттан оңтүстігінде
Қара теңізге дейінгі, ал батысында Балтық теңізінен шығысына қарай Тынық
мұхитына дейінгі кеңістікке дейінгі аралықта құлашын кеңге жая созылып
жатты.
Сонымен, түркілердің Еуразиядағы ғасырлардан-ғасырларға жалғасып
келген үстемдігінің құлдырауының салдары мен осы құрлықтағы орын алған
өзгерістер славян халқын, нақтылап айтқанда – орыстарды алдыңғы қатарға
алып шықты. Қарапайым да жәй сөзбен айтқанда, түркілердің тарихи әлсіреуі
мен орыстардың күш ала бастауының бір уақытқа
дөп келуі Еуразиядағы
геосаяси тепе-теңдіктің бұзылуына алып келді. Ал мұның зардабы түркілер
мен Азияның басқа да халықтары үшін қатты болса, бұл тек орыстардың
жеке басының қамы үшін шексіз пайдалы болды. Еуразияның үстемдік етуші
империясына айналған Ресей осы құрлықтың басым бөлігін жаулап алумен
шектеліп қойған жоқ, сонымен қатар олар Түркиядан
басқа жаулап алған
аумақтағы түркі мемлекеттерінің барлығының бастарындағы тәуелсіздіктерін
жойып, халқын өз құзырына бағындырып алды. Ресейдің саяси-идеологиялық
жүйесіндегі бұдан арғы өзгерістер мен Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағының құрылуы бұл елді Еуразия құрлығындағы ғана емес, сонымен
қатар әлемдегі алып мемлекеттердің біріне айналдырды. Жаңадан құрылған