Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


«Түркі (көктүрік) империясы Еуропа



Pdf көрінісі
бет73/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

«Түркі (көктүрік) империясы Еуропа 


131
Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі
мен Шығыс Азияны тікелей байланыстырған ең бірінші трансеуразиялық 
мемлекет атанды»
, деп атап өтті (238.37 бет).
 
Түркілер жүздеген жылдар 
бойы үнемі көшіп-қонумен жүретіндіктен, олардың тұратын жерлерінің 
өзгеріп отыратынына байланысты аталған геосаяси кеңістіктің 
салмақ түсетін 
орталығы 
Шығыстан Батысқа қарай және Батыстан Шығысқа қарай әр 
кездері ауысып келді. Әйтсе де,ең бастысы түркілердің қолымен тұрғызылып, 
уақыт талабына сай үнемі эволюцияланып отыратын мемлекет пен империя 
ғана өзгеріссіз қалды. Лев Гумилевтің пікірі бойынша, Азия мен Еуропаны 
жалғайтын, геосаяси кеңістікті біріктіру үшін «Кавказдық кедергіні» ашу 
мақсатында, тіпті VII ғасырдың өзінде көптеген мемлекеттер мен халықтардың 
қатысуымен «дүниежүзілік соғыс» басталып, соңында ол түркілердің жеңісімен 
аяқталды (152. 216-234 беттер).
Ғұндар-түркілер, хазарлар және қыпшақтардан кейін түркілердің келесі 
ғасырлардағы ұзаққа созылған драмалық үдерісі Кавказ жолындағы күреске 
ұласады. Айтқандай, түркілер Аевандағы (Албания) Құр және Араз өзендері 
бойындағы аумақтарға бірінші болып салық жүйесін енгізді (А.А.Попов). 
Келе-келе біртіндеп нығая түскен Каспий маңындағы түркі аймағы осы 
кезеңнен бастап, Азия мен Еуропа қарым-қатынасының геосаяси тұрғыдағы 
қиылысуының ең маңызды нүктесіне айналады.Түркі өркениетінің саяси 
пассионарлығының Батыс бағытына қарай кеңеюі мейлінше тегеурінді және 
шешімді қалыпқа енді (151). Еуразиялық геосаясаттың серпінді дамуына 
айтарлықтай ықпал еткен факторлардың бірі түркілердің имперлік құрылыста 
саяси жинақылық дәстүріне адал болуында: олар этносаяси жүйені тереңдету 
сипатына сәйкес, иерархиялық құрылысты тігінен тереңдетті, ал көлденеңінен 
қабырғасын айтарлықтай кеңітті. Түркілер өзінің геосаяси кеңістіктегі беделінің 
арта түсуіне қарамастан, олар аумақтарға бақылаудың сақталуының саяси 
билігінің «бөлінуінен» еш қорыққан жоқ: аталған «бөлшектер» біріге келе, 
саяси «біртұтастықты» құрады. Бұл нағыз синергетикалық заңдылық және оны 
түсінуге деген қабілеттілік.
Осы себептерге байланысты, түркілер сонау «ғұндар кезеңінен» бастап осы 
заңдылықтарды ескерді, үкіметті «шығыс» және «батыс» аталатын екі қапталға 
бөлген олар басқарудың тек өздеріне ғана тән жүйесін қолдануды енгізді: Шығыс 
ғұн-түркі империясы мен Батыс ғұн-түркі империясы; Шығыс көктүріктер 
империясы мен Батыс көктүріктер империясы; Шығыс Түркістан және Батыс 
Түркістан. Геосаяси кеңістікті, яғни жан-жағы аймақтармен қоршалған (Азия- 
ның шығысынан Балканға дейінгі) Еуразияның өзегін түркілер көне және ана 
тіліндегі сөзбен атады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет