Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет80/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
екіполярлы әлемнің бір басында нақ осы алып унитарлық мемлекет тұрды. 
Дегенмен, өзі өмір сүрген 70 жыл ішінде Кеңес Одағы ұлттық саясатты жүргізу 
барысында да, сонымен қатар халықаралық сахнада да түбегейлі қателіктер 
жіберіп алып отырды. Осындай ебедейсіздіктерінің салдарынан «динозавр 
денелі» алып мемлекет өз салмағын өзі ұстап тұра алмауы салдарынан күйреді.
Айтқандай, аталған алып Одақтан бөлініп шыққан он төрт республиканың 
ішіндегі бесеуі түркілік болып табылады. Бойында мемлекеттіктің тарихи 
дәстүрлері сақталып қалған бұл республикалар ұлттық қайта жасампаздану 
шараларына жылдам әрі шешімді түрде кірісіп кетті. КСРО-ның құлауы 
Еуразияның геосаясатын жаңаша бейнеде, бұрынғысынан да ұтымды негізде 
қайта қалыптастырудың қажеттігі пайда болды. 
Осындай тарихи кезеңдерде әлі күнге дейін имперлік кеудемсоқтықтан арыла 
алмай келе жатқан Ресей Федерациясының басына бір кездері өзінің империя 
болып қалыптасуына және оның негізгі саяси-идеологиялық тірегіне айналуда 
маңызды рөлге ие болған Еуразия жайлы ойлар мен жаңа идеялар келе бастайды. 
Дегенмен, әлдекімдердің жаңа еуразияшылықты тың келбетте көрсетуге 
тырысып баққандары байқалып отырғанымен де, ақиқатында ол өзінің Еуразия 
аталатын классикалық жаратылысынан еш уақытта айнымайтыны да, бастапқы 
тамырынан ажырамайтыны да айдан анық. Классикалық еуразияшылық 
дегеніміз түркілер гегемониясы дәуірінен кейінгі Ресейдің Еуразияда үстемдігін 
орнатуға талпынған доктринасы, ал Ресейлік еуразияшылық дегеніміз, 
ресейлік фундаментализмнің саяси-идеологиялық жүйесі болып табылады. 
Жалпы панисламизм мен славянофилге негізделгенімен, олардың бұдан әрі 
философиялық-мәдениеттану тұрғысына тереңдетіле түсуі мен ресейлік 
еуразиялықтың артық дәріптелуі Ресей қоғамындағы Батыс және Шығыс жаққа 
қарайтын көзқарастағы азаматтар арасына жік түсірді және оны күшейтті. 
Сайып келгенде, мұның барлығы да Ресей саясатындағы батыс және шығыс 
қайшылықтарын жою үшін жасаған шаралар болатын. Мұндай күш салулар 
әлі күнге дейін жалғасып келеді және ол ұзақ пікірталастар да тудырып жатыр. 
Сондықтан да түрлі пікірлер мен талқылаулардың үсті-үстіне дамуы барысында 
туындаған еуразияшылық доктринаның эволюциясы түрлі қайшылықтар мен 
ауыр үдерістерге де тап болды.
Ресейдің саяси-философиялық ойының кейбір жекелеген өкілдері ресейлік 
еуразияшылықтың бойынан үнемі қайшылықтар көріп келді. Алайда, өздерінің 
осыны мойындауларына қарамастан, бастапқы идеяны жүзеге асыру жолында 
аталған қайшылықтарды жоюға бағытталған пайымдар айтып, Ресей жүзеге 
асыратын басқыншылық пен тиімсіздікке негізделген саясатты ақтап қалуға 
тырысып бағуда. 
Мәселен, Ресей империясының қалыптасу үдерісін зерттеген орыстың 
көрнекті философы Николай Бердяев Ұлы Петрдің реформасын «жоғарғы 
деңгейдегі революция» деп атады. Өйткені, «Петрдің халқы үшін соншалықты 


141
Ресей еуразияшылығы
азаппен және күштеумен жүргізген реформасы болмағанда, Ресей өзінің әлемдік 
тарихтағы миссиясын орындай және өз сөзін еркін айта алмаған болар еді» деп 
жазады (144. 16 бет). Ресейдің «өзін іздеу» үдерісін түсіндіруге тырысқан Петр 
Чаадаев сонау 1829 жылдарғы Ресей империясының жүзеге асырылуы кезіндегі 
өзінің жаулап алушы пиғылындағы саясаты жөнінде аса бір құштарлықпен 
былайша: «Біздер адамзат аталатын ұлы отбасының бірде-біріне жатпаймыз. 
Біздер не Шығыстан болмаса не Батыстан да емеспіз. Біз олардың дәстүрлерін 
де білмейміз», деп жазады (196. 508 бет).
ХІХ ғасырдың соңына таман, сол уақытта Ресейдің Еуразияның гегемоны 
ретінде күш алып тұрған кездерінде, орыстың ұлы ойшылы Федор Достоевский 
орыстың өзіндік сәйкестілігі турасындағы пікірталастарға қатысып, жеке 
басының өткір пікірін былайша: «Еуропада біздер – татарлармыз, ал Азияда 
біздер – еуропалықтармыз», деп білдірген еді (158. 509 бет). Осы мойындаудың 
өзінен-ақ, еуропалықтардың дәл осы кезеңдері татарлар деп ат қойып, айдар 
тағып отырған этностары, яғни түркілер, Еуразияның нағыз болмысы ретінде 
қабылданды. Осы себептерге байланысты ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
ресей идеологтары мен парасаттылары алдында – өздерін Еуропалық мемлекет- 
піз деп көрсету керек пе, жоқ әлде Азиялық мемлекетпіз деп атау керек пе деген 
екі таңдау тұрды. Дегенмен бұл империя ерте ме, жоқ әлде кеш, пе бәрібір, 
әйтеуір өздерінің геосаяси «мәртебесіне» сәйкес, ешқайда да қашып құтыла 
алмайтын «еуразиялық» аталатын жамылғыны жамылулары тиіс. Ал Шығыс 
пен Батыс арасындағы идеялық күресте бұл елдің гегемонға айналуы үдерісіне 
қатысты өзін-өзі танытуы мен геосаяси маңыздылығы жөніндегі қорытынды 
бойынша Шығыс жеңіске жетті. Жалпы, славян әлемі ерекшеліктерінің идеясы 
тұрғысынан қарайтын панславистер өздері ұстанған көзқарастың салдарынан 
еуропалықтардың тарапынан мойындамаушылығына ұшырады. Панславизмнің 
арнайы теориясын ұсынған Николай Данилевский 1862 жылы жазылған «Ресей 
мен Еуропа» атты шығармасында өз елінің Батыстың жаңа парадигмасына 
қатысты қарым-қатынасқа келуі қажеттігі туралы идеясын негіздеуге тырысады. 
Николай Данилевский еуропаландырылған пікірлер мен еуропаландырылған 
адамдарды орыс өмірінің сырқаты деп атады және де батыспен жүргізілген 
күресті «орыстың сана-сезімін құтқарудың жалғыз жолы» деп есептеді (156. 323, 
529 беттер). Николай Данилевский «Еуропаның арийлік тайпаларға, ал Азияның 
– семиттік, тұрандық (түркілік) халықтарға жататынын» мойындады (156. 370 
бет). Автор мынадай: өзінің дұшпанын мұсылмандар мен түркілер емес, өзінің 
жауын славяндар деп есептейтін Еуропа, түркі әлемі Түркияның көшбасшысы 
мен славян әлемі Ресейдің көшбасшысын үнемі бір-біріне айдап салуға тырысып 
деген айқындаманы ұстанады 156. 400-401 бет). Ақырында панславизмнің басты 
мақсаты алдыңғы қатарға шықты: «...ұлы тарихи естеліктердің шоғырланған 
жері, православиенің орталығы саналған Константинопольді (Ыстамбұлды) 
жаулап алу Ресейге Шығыстың барлық елдеріне ықпалын жүргізуге үлкен 


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет