ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
АҚШ, Еуропаның Батыс жарты шарына қарасты бөлігіндегі тым «көбейіп»
кеткен экспансияны, Еуропамен бірлесе отырып
«Батыс өркениеті» және
«Батыс империализмі»
аталатын ерекше құбылысына айналдырды. Еуропа мен
АҚШ арасындағы көптеген өзара қарама-қайшылықтар мен түсінбестіктерге
қарамастан, шешуші сәттерде олар бір ұстанымның аясынан табыла алды.
Сонымен қатар, олар Еуразия мен Азия, сондай-ақ Шығыс пен Батыс
арасындағы қарым-қатынастар бойынша батыс саясатын бірлесе ілгерілетті.
Батыс империализмі Америка, Африка және Австралия құрлықтарына ендеп
кірген ұзақ жылдарғы тарихи кезеңінде, Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс
Азияның бірқатар елдеріне өз ықпалын орнатты, ал мұндай үдерістің жалғасын
тоқтату тек қана Еуразияның планетарлық деңгейдегі екі күшінің ғана қолынан
келді: олар – Осман және Ресей империялары болатын (189. 154-163 беттер).
Дегенмен, ағылшын тарихшысы Арнольд Тойнби атап өткендей, Ұлы Петр
мен Мұстафа Кемел Ататүрік Батыстың қуатты қаруы – батыстандыру үдерісін
соңына дейін жеткізбестен, оны асқан ептілікпен олардың өздеріне қарсы асқан
шеберлікпен қолдана білді (190.256, 266-291 беттер): Ресей мен Түркия Батыс
империализмінің Еуразияға абсолюттік деңгейде үстемдік жүргізуіне мүмкіндік
бермеді. Дегенмен, осыған қарамастан, планетаның үстем саяси күші ретінде
қалыптасып үлгерген Батыс империализмі әлемнің барлық құрлықтарында
өздерінің отарлық жүйесін орнатты. Отаршы елдердің бар байлығы Еуропа
мен Американың қалаларына қарай ағылды. Америка Құрама Штаттары күш
алып, қуаттанған сайын батыстың трансатлантикалық кеңістігінің геоөркениеті
бұрынғыдан да кеңейе түсті. Батыстың еуразиялық үдеріске мамық дипломатия,
қатал радикализм және қанқұйлы соғыспен жанталаса араласуы Шығыс пен
Батыстың арасындағы нәзік геосаяси тепе-теңдікті түбегейлі түрде Батыстың
пайдасына қарай өзгертті. Азияның көптеген елдері Батыстың ырқынан шыға
алмайтын, оған тәуелді күйге түсіп, осындай жағдайда тіршілік етуге мәжбүр
болды. Салыстыру үшін айта кетер болсақ, 1800 жылы Азия мемлекеттерінің
ішкі жалпы өнімі жалпыәлемдік ІЖӨ-нің 60 пайызын құраса, бұл көрсеткіш
Батыста – 30 пайыз ғана құраған. 1750 жылы Ұлыбританияның отаршылығына
айналмай тұған кезінде Үндістан әлемдік экономиканың 25 пайызын (яғни,
бүгінгі АҚШ секілді) иеленіп келді. Ал Британия империясының басқаруында
болған 1900 жылы оның әлемдік экономикадағы үлесі 1,6 пайызға дейін
құлдырап кетті (213. 15 бет).
Жалпы Батыс империализмі сол тарихи кезеңде Азия мемлекеттерінің
экономикасын құлдыратып, оның деңгейін төмендетіп жіберді және бұл
елдерді арзан жұмыс күші мен шикізат қорына айналдырды: «Еуропа ХХ
ғасырды бас айналдырған байлық және асқан қуаттылықпен қарсы алды. 1900
жылы Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей және Австро-Венгрия секілді
еуропалық бес ірі елдің әлемдік өндірістегі салыстырмалы салмағы, АҚШ-тың –
26,6 пайызына қарағанда - 51,9 пайыз құрады» (184.141бет). 1492 жылы Колумб
153
Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты
алғаш рет Жаңа Жерге табан тіреген кезде еуропалықтар жер шарының тек қана
9 пайыз аумағына иелік етуші еді. Ал 1801 жылы үштен бір бөлігін басқарды.
Бұл көрсеткіш 1880 жылға қарай үштен екіге дейін жетті. 1935 жылғы зерттеу
қорытындысы бойынша еуропалықтар жер беті аумағының 85 пайызына, ал
оның тұрғындарының 70 пайызына саяси бақылау жүргізді» (191. 163 бет).
Алайда ХХ ғасырдың ортасынан бастап бұл үдерістің екпіні төмендей бастады:
ІЖӨ-нің 46 пайызын өз үлесінде қалдырған батыс өркениеті блогы (Солтүстік
Америка, Батыс Еуропа, Австралия және Жаңа Зеландия) әлі де болса (2000
жыл) әлемдік экономикадағы артықшылығын қамтамасыз ете алды. Дегенмен,
бұл көрсеткіш 1950 жылғы үлестік мөлшерімен салыстырғанда (54,5 пайыз)
айтарлықтай төмен еді. Ал ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында солардың
иелігінде болып келген әлемдік экономиканың үлестік көрсеткіші бұдан әрі
құлдырай береді (2015 жылға дейін – 38,5 пайызға төмендейді) деп болжануда
(198.32 бет).
Әрине, бұл болмай қалмайтын үдеріс: өйткені, Екінші Дүниежүзілік
соғыстан кейінгі өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдарына қарайғы Батыс
империализмін жаулап алған дағдарыс пен планетаның барлық құрлықтарында
басталған ұлттық-азаттық қозғалыстар түбегейлі түрде тұрақты халықаралық
саяси жүйеге алмасты. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен халықаралық
құқықтық нормалар талабына сәйкес, мемлекетаралық қарым-қатынастарды
құру және оны дамыту тәжірибесі қалыптасты. Осыған байланысты әлемдік
гегемония жолындағы күрестің айла-тәсілі де, оны жүргізудің үлгісі де өзгерді.
Халықаралық саяси жүйені құрайтын алдыңғы қатардағы мемлекеттер
амалдарының жоқтығынан ғана халықаралық нормаларға сәйкес келетін
икемді айла-тәсілді жүргізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің
негізін екінші Дүниежүзілік соғысты жеңген елдердің өкілдері құрағандықтан,
халықаралық саяси жүйелерді енгізу және халықаралық әділеттіліктің
бұзылуына жағдай туғызушылардың әрекеттерін ауыздықтау да солардың
құзырында болды. Бірақ олар мұндай келеңсіздіктерді толығымен тоқтата
алмады. Соңғы жүз жыл (1910-2010) ішінде халықаралық саяси үдерістердің
дамуының шиеленістерге толы болғандығы соншалық, «жаһандық үстемдіктің
әлемдік иерархиясындағы көшбасшы елдер конфедерациясы мен басқа да
мемлекеттер түбегейлі түрде
бес рет
өзгеріске ұшырады» (213. 24 бет).
Осы мезеттерде үлкен күйзелістерге алып келген әрбір тектоникалық
толқындағы өзгерістер, сол «иерархия» сатысының ең жоғарғы баспалдағына
тек қана батыс әлемін көрсететін елдердің ғана (Франция, Ұлыбритания,
Австро-Венгрия, Германия,Ресей және Құрама Штаттары) тұрғанын ескеруіміз
қажет. Солардың азғыруымен болған екі дүниежүзілік соғыс пен одан кейінгі
халықаралық жанжалдардың оттай өршіп тұрған кездерінің өзінде де олар бір-
бірінің беттеріне тура қарап тұрып, жаһандық басқарудың тетігін уыстарында
мықтап ұстады. Батысқа кірмейтін көшбасшы елдерге жаһандық гегемония
154
Достарыңызбен бөлісу: |