Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет88/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
қазанының «құлағын» қолдарына ұстатудан қатты қорыққан олар мұндай 
әрекетке еш мүмкіндік бергізбеді.
Батыстың еуразиялық саясатының бірқатар маңызды сәттерін ағылшын 
географы, академик Хэльфрод Маккиндер, америкалық дипломат және 
саясаттанушы Георг Кеннан, Польшаның саяси қайраткері және маршал Юзеф 
Пилсудский, америкалық геостратег Збигнев Бжезинский және америкалық 
геосаясаткер Александрос Петерсон өздерінің шығармаларында былайша 
тұжырымдайды. Бүгінгі күнгі геосаясаттың негізін қалаушы Хэльфод Маккиндер 
Батыстың Еуразиядан басталған әлемді билеу жолына, оның доминанттық 
саясатының негізін қойса (282), Георг Кеннан тура осы парадигманы басқаша 
бағытта түсіндіріп, Америка Құрама Штаттарының жаһандық саясатын өзінше 
түрлендіреді. Ол «Саясатты тежеуді» («
Contain-ment
») дәлелдейтін негізгі 
теориялық ережеге сәйкес, Ресейді Еуразияның геосаяси кіндігінен шығарып 
тастап, осы аймаққа Құрама Штаттарының геостратегиялық ұстанымын 
күшейту идеясын тыққыштайды. 
Ал маршал Юзеф Пилсудскийдің идеясына сәйкес, Батыстың Еуразияға 
қатысты «прометеизм – интермариумдық» саясаты әлдеқайда әділетті және 
орынды болуы тиіс. Еуразия қандай да бір гегомонның соңынан тіркеліп жүруге 
тиісті емес. Польша да құрамына кіретін Еуразиялық мемлекеттер «қысқара 
және кішірейе түсуі» салдарынан Еуразияда Ресейдің үстемдігінің артуына жол 
беріліп отыр. Юзеф Пилсудский Еуропа мен Азия арасының тиянақты тірегі 
ретінде, Германия мен Ресей секілді үлкен екі мемлекеттің арасындағы қырғи-
қабақтылыққа қатысты болған Шығыс Еуропа мемлекеттері бірлігі идеясын 
жүзеге асырушы ретінде көрінуге тырысады. Жапониядағы жиырма жылдық 
эмиграциядан кейін Польшаға қайта оралған Юзеф Пилсудский 1926 жылы 
саяси билікке ие болады. Алайда, екінші Дүниежүзілік соғыстың алдындағы, 
өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы қайғылы үдерістер кезінде «прометеизм» 
қозғалысы тұншықтырылды. Осы жердегі қызықты бір жайт, аталған қозғалысқа 
тек Шығыс Еуропа халықтарын ғана емес, сонымен қатар кавказдықтарды да, 
соның ішінде Әзербайжандықтарды да тартудың әрекеттері байқалып қалып 
жатты (315.273-275). 
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша 1977-1981 
жылдарғы бұрынғы кеңесшісі, халықаралық саясат мәселелері жөніндегі 
бестселлердің авторы Збигнев Бжезинский Батыстың Еуразиядағы 
геосаясатының стратегиялық бағытын тұжырымды түрде жасап шықты. АҚШ 
стратегиясы Еуразияны тарихи түп тамыры бар, үнемі дау-жанжал туындатып 
отыратын мазасыз, еш уақытта да ауыздықтауға келмейтін геосаяси аймақ 
ретінде мойындайды: мұнда тарихи қалыптасқан және мемлекеттер құрған 
ұлттармен қатар, дәстүрлері жоқ этникалық топтар да бірлесе отырып, аса 
күрделі құрамдастық жасайды; КСРО-ны құру кезіндегі Еуразияның біртұтас 
аумағының бөлшектендіріліп, олардың этникалық тұтастығының бұзылуы 


155
Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты
себебінен мұндағы халықтар арасында жанжал туындауы мүмкін; сондықтан 
да үлкен мемлекеттердің осындағы жанжалдардан өздеріне пайда шығарамыз 
деген пиғылы аймақтағы тұрақсыздықты одан әрі ушықтыра түседі. Збигнев 
Бжезинский «көпжақты бәсекелерге» ашық, осы аймақтағы саяси үдерістерді 
басқаруға айтарлықтай ықпал ететін маңызды факторлардың бірі ретінде – 
Орталық Азиядан Балқанға дейінгі созылып жатқан «түркінің этнотілдік және 
этносаяси аймағы» ендігі жерде біртұтастықтың қажеттігін қатты сезініп отыр 
деп, атап көрсетеді (145. 163-166 беттер). Азиядан Еуропа бағытына қарай 
ақырындап өсіп келе жатқан геосаяси қарбаластық Кавказ шегінде өз шыңына 
жетті: мұндағы Ресей, Түркия және Иранның геосаяси бәсекелестігі (145. 167 
бет) Еуразия империясының өткен уақытындағыдай немесе жасампаздық, 
ынтымақтастық және нығаю кезеңіндегі деңгейде жалғасты. 
Збигнев Бжезинский талдаудың тек өз бойына ғана тән қабілеті негізінде: 
«АҚШ үшін Еуразияға қатысты кешенді, оны тұтастай қамти алатын және ұзақ 
мерзімге лайықтандырылған геостратегияны жасайтын және оны қолданатын 
кез келді» деген қорытынды жасайды. Мұндай қажеттілік екі фундаменталды 
шындықтан келіп туындайды: Американың бүгінгі күні бірегей супердержава 
екендігі ақиқат, ал Еуразия болса, ол әлемнің орталық аренасы. Осы тұрғыдан 
қарағанда, Еуразия құрлығындағы күш пен оның арасалмағының өзгеруі 
Американың әлемдік билік жүргізуі мен тарихи мұрасы үшін өте шешуші маңызға 
ие болады» (145. 230 бет). Осылайша, АҚШ-тың Еуразияға сөзсіз гегемония 
жүргізу стратегиясы аталған өктемдікті жүзеге асыру барысындағы «жаңа 
әлемдік тәртіпке» рұқсат береді. Оның пікірінше, «Әлемнің және Еуразияның 
бүгінгі төрешісі АҚШ». Еуразияның қандай да болмасын мемлекеттеріне 
немесе «сырттан» келгендерге көшбасшылық жасаудың төтенше шараларына 
қатысуларына ешқандай да мүмкіндіктер берілмеуі керек; өйткені, жаһандық 
саясаттың ең басты одақтасы Еуропа болса, мұны жүзеге асырушы басты құрал 
НАТО деп танылады. «Жаңа Еуропа енді-енді ресімделу үстінде, егер де жаңа 
Еуропа «еуроатлантикалық» геосаясаттың бір бөлігі болып қалса, онда НАТО-
ны кеңейту қажет» (145. 237 бет).
Еуразияны тоқтаусыз ағып тұрған қорытпаның бұлыңғыр да көмескі жүйесі 
ретінде ғана көретін Збигнев Бжезинский бұл құрлықта «геосаясаттың алуан 
түрлілігінің» болуы мүмкін екендігіне сенбейді. Ресей, Қытай, Үндістан, 
Иран және басқа да мемлекеттердің АҚШ-тың гегемондық саясатына қарсы 
қандай да бір конфигурацияның одағын құру жөніндегі әрекеттерін қадағалай 
отырып және олардың арасындағы айтарлықтай қайшылықтардың бар 
екендігін ескере келе ол, «одақ» секілді ұйымның құрылуы мүмкін емес деген 
ойға келеді: дегенмен, Штат Еуропамен одақтаса және НАТО-ны да күшейте 
отырып, керек бола қалған жағдайда Еуразия мемлекеттері арасындағы өзара 
қайшылықтарды өздеріне қарсы бағыттап, «коалициялық әрекеттер» мен басқа 
да іс-қимылдарды жойып отыру керек деп түйіндейді. Көріп отырғанымыздай, 


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет