ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
тарихында басқа түгілі, тіпті түбі бір славян халықтарының өзіне де өкшесін
аямай батырып, оларға өлшеусіз қиянаттар жасап келді. Бауырластарының өз
алдына тәуелсіз ел болып дамуына қарсы қолдарынан келгенше тиым салды.
Басқаны айтпағанда, бойларында мемлекеттіктің үлкен дәстүрлері сақталған
Украина мен Польшаның өздері де Ресей тарапынан жасалған қысымға қатты
ілігіп отыр. Сондықтан да орыс панславизмі сол қиял күйінде қалып қойды.
Панславизм мен еуразияшылық Ресейдің имперлық пиғылдағы саясатында тек
құрал ретінде ғана пайдаланылды.
Еуразияның Батысеуропалық бөлігінің Ресейге деген қарым-қатынасы
жоғары өркениеттілік деңгейде қалыптасты. Батыс болса Ресейді өзіменен
терезесі тең ел деп айтудың еш қисынын таба алмай басы қатып отыр немесе оны
іздегісі де келмейді. Ал Еуразияның Шығыс бөлігі, әрине, (ең бастысы Орталық
Азия) «Ресей үшін оңай олжаға» айнала қойғылары келмейді. Сондықтан да
тарихтың барлық кезеңдеріндегі сияқты Ресейге жасалған азиаттық қарсылық
еуропалықтағы секілді мейлінше қатаң болады және солай бола да береді.
Сонымен, еуразиялық жобалар бойынша көзделген мақсаттарының бәрі бірдей
Еуропа мен Азия тарапынан шеттетуге ұшыраған Ресейдің геосаясаты мен
геоөркениеті күмәнға ілігіп, оны бағытынан жаңылыстырады. Еуропаның
ыңғайлы да ықшамдырақ және тығыздау кеңістігінен ысырылған Ресей үшін
ендігі жерде Азияның ыңғайсыздау, ықшамды да және тығыздау да емес
кеңісітігіне бас сұғып, осында бекінуден басқа жол қалған жоқ. Еуропадан
теріс айналуға, сөйтіп Азияның қолтығына келіп тығылуға мәжбүр болған
еуразияшылық идеяны жақтаушылар геосаяси сүйеніштерін Азияға қарай
бұруда. Дегенмен, соның өзінде де олар Еуразияның өздеріне жақын жатқан
бөлігінің түркі өркениеті мен түркі этносының тіршілік етіп келген мекені
екендігін де жақсы түсінеді. Бұл жердегі әңгіме ғасырлар бойы славян жерінде
(әсіресе Алтын Орда кезінде) мемлекет құрып және этногенездің даму үдерісіне
белсенділікпен қатысқан түркілер жайында болып отыр. Осы себептерге
байланысты еуразияшылық идеясын жақтаушылар азия әлемі мен түркі әлемін
бір деңгейге қояды. Түркі әлемін жаулап алудың Азияны да игеру екендігін
олар жақсы түсінеді (279.171-201; 202-204 беттер). Шындығында, Еуразияның
геосаяси тарихының бас авторы түркілер екендігі ақиқат нәрсе, бұған ешкімнің
де күмәні болмаса керек.
Ресейдің Еуразияға үстемдік етуінің шыңы екінші Дүниежүзілік соғыс
аяқталған кезден бастап 1980-ші жылдарға дейін, шамамен 40 жылға созылды.
Тарихи тұрғыдан келгенде, осы қысқа уақыт аралығында Ресей бағынышты
елдердің саяси жүйесін өзгертіп, олардан өздеріне «серіктес-мемлекеттер»
жасады. Тіпті, Германия секілді алып мемлекеттің өзін екіге бөліп тастады.
Жағасын Тынық мұхитының суы шайып жатқан Курил аралардына қарай
бет алған ол, Жапонияға барып тірелді. Қытаймен бірге, Қиыр Шығыстағы
Азияның басқа да көптеген елдерін Шығыс Еуропадағы секілді «социалистік
149
Ресей еуразияшылығы
лагерге» қосты. Жаратылысында диктаторлық мемлекет болғандықтан,
Ресей екі полярлық әлемнің бір полярындағы доминанттық елге айналды.
Сондықтан да кезіндегі І Петрдің реформасына ұқсаған күштеу саясатынан
басқа бағытты қолданып көрмеген, ешқандай да прагматикалық тәжірибесі
болмаған бұл елде КСРО-ның құлауы қарсаңында ықпалдастықты ыдыратудың
үдерісі жедел түрде басталды. Кеңестер Одағы кезінде зорлықтың күшімен
одақтық республика атанған және «адал социалистік лагер» ретінде көрінген
елдер ендігі жерде саналы түрде одан алшақтай отырып, тарихи-саяси қисын
көптен талап етіп келген әлемдік құрылыстың үдерісіне келіп қосылды. Қазір
бұрынғы уақыт емес: тәуелсіз елдерді, соның ішінде Еуразияның тәуелсіз
түркі республикаларын да ендігі жерде Еуразиялық Одақтың «торына» әкеліп
түсіру мүмкін емес. Мұны күштеп жүзеге асыра салатындай Ресейдің бойында
бұрынғы қауқары жоқ.
Ресейлік саяси талдаушы, Мәскеулік Карнеги Орталығының директоры
Дмитрий Тренин Ресейдің бүгінгі таңның халықаралық өміріндегі рөлін
анықтауға арналған зерттеуінде («Постскриптум: Еуразияның Тарихы»,
«Еуразияның ақыры: геосаясат және жаһанданудың айрығындағы Ресей»), бұл
елдің жаңа экспансиялау көзқарасындағы саясаты болашағының бұлыңғыр
екендігін ашық та шынайы түрде көрсетіп береді, деген пікір айтады. Ол мұны
былайша суреттейді: ХХІ ғасырдың жаңа Ресейі бұрынғы Ресейден мүлдем
өзгеше. Коммунизмнің күйреуі идеология бостандығы мен құндылықтар үшін
игіліктің хабарын жеткізді... Ресейдің 500 жылға (меніңше, 300 жыл – Дж.Ф.)
созылған имперлік тарихы өшті және супердержаваның кеудемсоқтығы да
бірте-бірте жойыла бастады. Сонымен қатар, тап қазіргі сәттерде Ресей сырттай
кеңеюдің орнына іштей тарылып келеді» (310. 9 бет). Империяға қайта оралу
ендігі жерде мүмкін емес. Өйткені халықаралық саяси ахуал «ұлттық мемлекет
құрады және соларға сүйенеді де» деп, ащы шындықты ақтарып салады (310.
13 бет).
Еуразияның тарихи өткені мен оның осы күнгі ахуалын тереңдете талдаған
Дмитрий Тренин еуразияшылық идеяны жақтаушылар мен осы кеңістікті
орыстандыруға ниеттенгендер әуел бастан-ақ қате стратегияны таңдады:
бағытты Еуразиядан Азияға қарай бұрған олар заңдылықты мойындамау
жолында тарихи қателіктерге жол берді. Алайда «фундаменталдық тұрғыдан
алып қарағанда Ресей еуразиялық емес, ол еуропалық ел болып табылады».
Осындай себептерге қарағанда Ресейдің еуропалық келешегі оған әлдеқайда
мол мүмкіндіктер ашқан болар еді: бәрінен бұрын ол Батыс өркениетінің бір
бөлшегіне айналар еді. Ал қазір Азияның ұшы-қиыры көрінбейтін ұланғайыр
даласының бір бұрышында қалып қойған Ресей, әлі күнге өзін-өзі таба алмай
елес кезіп жүр. Бүгінгі тарихи ахуалда «Еуразияны тартылыс орталығына
айналдыруда Ресейдің рөлі аяқталды». «Еуразияшылықтың күні бітті, ендігі
жерде ол Еуропада да, Азияда да Ресейдің көзқарасы мен ұстанымын күшейте
150
Достарыңызбен бөлісу: |