Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

ашықтығы
және 
әмбебап-
тылығы
;
- табиғат философиясымен, өмір философиясымен, дүниетанымның 
әлеуметтік-этикалық сипатымен, экзистенциалдық сипатымен ерекше-
ленетін, батыстық мәдениеттегі линиялық бағытпен салыстырғанда, 
уақыттың циклдік (айналмалы) сипатымен ерекшеленетін түркі фәлса-
фасының 
дәстүршілдігі
;
- дүниетанымдық идеялар мен философиялық ойлардың сан 
ғасырлар бойы «қорытпа қазаны» болып келген түркі мәдениетінің 
қалыптасуы мен дамуының жағымды бір қыры ретіндегі 
синкретизм;
- ұлттық ерекшелік пен архетипикадан басқа шектеулік пен 
жабықтыққа төзбейтін, ұжымдық-халықтық санаға терең бойлайтын 
түркі фәлсафасының 
халықшылдығы
; батыстық дәстүрде философтар 
мен данышпандар қуғындалса, түркі мәдениетінде халық даналығын 
бойына жинап қорыта білген ойшылдар үлкен құрметке ие болды: 
- түркітілдес халықтардың философиялық ойындағы 
діни синкр-
етизм
және дүниетанымдық бағдардағы 
діндарлықтың басымдылығы

Түркілерде тәңірішілдік алдыңғы орында тұрғанымен, олардың мәдени 
тарихынан зороастризмнің де, буддизмнің де, манихейліктің де іздерін 
аңғаруға болады. Қатаң монотеистік ислам дінінің өзі бұл аймақта таза 
ортодоксалды күйінде тарала қоймады. Түркі халықтарының діни 
дүниетанымының дәстүршілдігі, оның жоғары синкреттілігі исламның 
түркілік реңге боялуына ықпал етті; 
- түркітілдес халықтарда 
философия
Батыстағыдай университеттік 
типте емес, 
эпикалық дастандарда, көркем прозада, даналық және 
өсиет кітаптарында, поэзия мен фольклорда бой көрсетеді
;
- Түркілердің өмірқамындағы табиғатпен үндестік олардың 
дүниетанымында 
натурфилософиялық мәселелерді
алдыңғы орынға 
шығарады [123].


135 
Дәстүрлі түркілік дүниетанымға тән бұл принциптер мен ерекше-
ліктер Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығының өн бойын алып 
жатыр және оның әлем мен адамға деген дүниетанымдық түсініктерінің 
өзегін құрайды. 
«Тарих-и Рашидидің» екінші дәптеріндегі «Кітап авторына қатысты 
оқиғалар жайындағы әңгіме» деп аталатын тоғызыншы тарауы, он 
бесінші тарауы, отыз бірінші тарауы, «Қазіреті Мәулана Мұхаммед Қази 
жайындағы әңгіме» деп аталатын он алтыншы тарауы, «Қазіреті 
Мәулана Мұхаммед Қазидің керемет қасиеттері жайындағы әңгіме» деп 
аталатын отыз бесінші тарауы, «Қожа Тажаддин және оның ата-тегі 
жайындағы әңгіме» деп аталатын жетпісекінші және жетпіс үшінші 
тараулары, Қазіреті Қожа Нұран туралы сексен екінші – сексен алтыншы 
тараулар, «Кашмирдегі ислам дінінің жайы жайлы» деп аталатын 
жүзінші тарау, «Кашмирдің діни сектасы жәйлі» деп аталатын жүз 
бірінші тарау және т.б. автордың діни-философиялық көзқарастарынан, 
оған ислам дінінің қаншалықты ықпалы болғанынан хабар береді.
Дулати бұл еңбегінде тарихи оқиғалардың тізбегін өз өмірбаянынан 
мысалдар келтіре отырып, философиялық ұстанымдарымен шебер 
жымдастыра білген. Шығармада исламның қасиетті кітабы - Құран 
кәрімдегі аяттар мен сүрелерге, пайғамбардың хәдис-шәрифтеріне 
сілтеме молынан беріледі және ойшылдың бұл саладағы білімдарлығы 
айқын байқалады. Сондай-ақ М.Х. Дулати Қожа Бахауиддин Нақшбанд, 
Қожа Шариф Қашқари, Мәулана Мұхаммед бин Бұрханаддин 
Самарқанди (лақап аты Мұхаммед Қази), Әбдірахман Жәми, Қожа 
Алааддин Аттар, Шейх Әбу-л Мәнсүр Матуриди, Гиджувани, Заужи, 
Пурани, Сухраварди, Тафтазани, Журжани, Низами, Науаи, Камаладдин 
Бинаи, Қарани, Бистами және тағы басқа өз замандарының озық ойлы 
ғұлама-ғалымдарының, сәуегей әулиелерінің, данышпан философтары-
ның еңбектерімен жете таныс болса, кейбір замандастарының өздерімен 
тікелей таныс болған.
Дулатидің дүниетанымдық көзқарасына әсер еткен ислам дінінің 
Орталық Азияға таралуының да өзіндік ерекшеліктері болды. Ең 
алдымен, бұл аймақта жергілікті халықтардың әдет-ғұрыптарына либе-
ралды қатынас көрсеткен ханифиттік мазхабтағы сунниттік ислам 
орнықты. Сондай-ақ исламды таратуда йасауийа, накшбандийа, куб-
равийа сияқты сопылық ағымдар – тарикаттар ерекше орын алды. Осы 
орайда Дулатидің әлем, адам, қоғам мәселелеріне қатысты филосо-
фиялық көзқарастарына бұл ілімдердің зор ықпал еткенін, оның 
дүниетанымы мен әл-Фараби, Қ.А. Йасауи, Ж. Баласағұн, М. Қашқари 
философияларындағы үндестікті, жалпы Фарабиден Шәкәрімге дейінгі 
қазақ даласы ойшылдарының көзқарастарына осы рухани дәстүрлердің 
үлкен әсер еткенін, басты рухани қайнарлардың бірі болғанын, осы 


136 
тарихи-мәдени сабақтастықтың кешегі кеңестік дәуірге дейін сақталып 
келгенін атап өту қажет.
Жалпы ислам дін және мәдениеттің діни-рухани негізі ретінде 
Орталық Азия халықтарының мәдени өзіндік бірегейлігінде маңызды 
рөл атқарады. Түркі халықтарының исламды қалыптастыруы мен 
таратуында тікелей қатысы бар екені де рас. Бірақ исламға дейін де 
тәңірішілдікпен 
сипатталатын 
монотеистік 
жүйесі 
бар 
түркі 
мәдениетінде Дулатидің де ұстанатын исламның дәл осы ханифиттік 
мазхабы үстемдік етті деген заңды сұрақ туындайды. Жоғарыда аталған 
зерттеуші-ғалымдардың пікірінше, оның бірқатар алғышарттары болды.
«Біріншіден, ханафийа басқа ағымдармен салыстырғанда, мейлінше 
діни төзімділігімен көзге түседі. Діни дүниетанымдық синкретизммен 
ерекшеленетін Орталық Азияға бұл мазхаб қолайлы жүйе болды. 
Екіншіден, бұл ағым өзінің діни эпистемологиясында аңыздарға 
сүйенуді танымның жолының бірі ретінде таниды. Сондықтан 
ханафийаның «аралық теологиясы» сенімнің негізгі догматтарына 
қайшы келмейтін тәңірішілдіктің әдет-ғұрыптарына, ұлттық мейрам-
дарға «түсіністікпен» қарады. Үшіншіден, жергілікті халықтар исламға 
дейін-ақ зорастризм мен тәңірішілдік сияқты бір құдайға табы-
нушылықты ұстанғандықтан, бұл жаңа діни жүйе олардың діни 
психологиясына қайшы келмеді. Тәңірішілдік пен ислам антогонистік 
емес рухани түзілімдер болып көрінді. Сондықтан ол халық санасына 
ешқандай зорлықсыз орнықты. Мұсылмандық рационалдық филосо-
фияның шыңын мутазилизм ретінде сипаттауға болатын әл-Фарабидің 
шығармашылығынан көруге болады. Жалпы түркі-ирандық философия 
мен ғылымды (көрнекті өкілдеріне әл-Фарабиді, әл-Хорезмиді, ибн 
Синаны, Бируниді, Омар Хаямды, М. Қашқариді, Ж. Баласағұнды, Ә. 
Науаиді, Ұлықбекті және т.б. жатқызуға болады) бүкіл ортағасырлық 
мұсылмандық философия мен ғылымның өзегін құрағаны жасырын 
емес. Оның үстіне егер Алдыңғы Азияда ортодоксалды ислам суфизмді 
қудаласа, ал Орталық Азияда төзімділікпен қарады» [123].
Өз бойына осындай рухани нәрді сіңіре білген Мұхаммед Хайдар 
мырза бабамыз Кашмир қаласында билеуші болып тұрғанында діннің 
тазалығына үлкен мән беріп, негізінен исламның ханифи мазхабын 
тұтынатын кашмирлік тұрғындардың арасына «нұрбахшылық», 
«шамасин» 
сияқты 
«күмәнді» 
діни 
секталарды 
жергілікті 
оқымыстылармен пәтуаласа отырып, әшкерелеп, тойтарыс бергенін, 
сондай-ақ жергілікті сопылардың адал мен арамды, шариғат пен 
тарихатты ажыратай алмай, күпірлікке бой ұрғанын ашына жазады [99]. 
Сонымен, қазақ халқының философиясының тарихы мен қазақ 
халқының тарих философиясындағы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 
алатын орнын талқылай келе, оны түйіндейтін бірнеше тұжырымдарды 
атап өтейік. 


137 
Біріншіден, М.Х. Дулати XVI ғасырда ортағасырлық еуразиялық 
көшпенділіктің ыдырап, біртұтас империя біріктіріп тұрған түркі-моңғол 
халықтарының әрқайсысының, оның ішінде қазақ халқының жеке саяси 
даму жолына түскен заманында өмір сүргендіктен және оның өзінің 
заманындағы беделді мемлекеттік және қоғамдық қайраткер ретінде осы 
саяси-әлеуметтік үдерістіге тікелей атсалысқандықтан және ғұлама 
ойшыл ретінде тарихи, әдеби, философиялық еңбектер жазып 
қалдырғандықтан, ортағасырлық жазба тарихнаманың үлгілерімен қатар, 
халықтың ауызекі тарихи біліміне сүйене отырып, әлдемдік тарихнама 
теориясына өзіндік үлесін қосқандықтан оны түбі бір түркі 
халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тарих философиясының 
негізін қалаушылардың бірі деп түсіну қажет. 
Екіншіден, Дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар 
мырзаның философиялық көзқарасынан Ұлы дала ойшылдарына тән 
дәстүрлі дүниетанымды, мәдени-тарихи үндестікті атап өтуге болады. 
Өте көне заманнан басталған бұл рухани сабақтастық ойшылдың 
шығармашылығынан да, қазақ халқының ұлттық құндылықтар 
жүйесінен де айқын аңғарылады. 
Үшіншіден, 
Мұхаммед 
Хайдар 
Дулатидің 
философиялық 
дүниетанымына ислам дінінің тигізген оң ықпалын баса айтып өткен 
жөн. Дулати өз заманындағы озық ойлы мұсылмандық теологиялық 
еңбектермен терең таныса отырып, дәстүрлі түркілік ойлау жүйесіндегі 
негізгі ұғымдар мен категорияларды исламның адамгершілік 
қағидаларымен шебер жымдастыра білген. Ойшылдың діни-
философиялық көзқарастарына исламның ханифиттік мазхабының 
негізгі ұстанымдарымен қатар, Қожа Ахмет Йассауидің сопылық 
дүниетанымы да әсерін тигізді.
Төртіншіден, Мұхаммед Хайдар Дулатидің дүниетанымында адам 
мәселесі мен адам өмірінің мәні мәселесі, оның экзистенциалдық, 
әлеуметтік-этикалық қыры, адам мен құдай арасындағы қатынастар 
басты мәселе екендігі байқалады. Оның шығармашылығында түркі 
дүниетанымындағы құт-бақыт, қанағатшылдық, киелілік пен кесірлік, 
адамшылдық және т.б. түсініктер имандылықпен, парасаттылықпен, 
сүйіспеншілікпен байланыстырылып, адамның рухани болмысы 
философиялық-теологиялық тұрғыдан пайымдалады.
Бесіншіден, буыны бекіп, қата қоймаған тәуелсіз мемлекетіміздің 
жас азаматтарының бойында отансүйгіштік қасиеттерді егу мен ойында 
тарихи сананы қалыптастыру барысында Мұхаммед Хайдар Дулати 
бабамыздың қалдырған әлеуметтік-адамгершілік үлгідегі өсиеттері мен 
рухани мұрасын терең насихаттап, қалың көпшіліктің игілігіне жарату 
қажет. Дулати мұрасы жас ұрпақты ізгілікке, жүрек пен жанның 
тазалығына, білімділікке, имандылыққа, адамгершілікке, парасатты-


138 
лыққа, әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеп, тұлғалық қасиеттер қалыптас-
тыруға өзіндік үлесін қосады, қоғамды зиялылыққа үндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет