92
ақпаратты тасымалдаушы-сигналдар түріне енеді. Қабылдағыш-
қа шыққан кезде сигналдар кодты шешетін құрылғылардың көме-
гімен бірден жалпыға түсінікті түрге ауысады.
Ақпарат беруге арналған хабарлағыштан ақпарат алуға арнал-
ған қабылдағышқа ақпарат тасымалдайтын құралдар, заттар не-
ме се объектілердің жиынтығын ақпарат арнасы деп атайды.
Арнаға мысал ретінде поштаны келтіруге болады. Мəтін тү-
рінде кодталған ақпарат конвертке салынып, пошталық жəшікке
түседі, кейін ол жерден алынып пошталық бөлімшеге апарылады,
онда хаттар сортталады (қолдан немесе машинамен). Бұдан кейін
ақпарат пойыз (ұшақ, теплоход жəне т.б.) көмегімен белгіленген
пунктке жеткізіледі, ол жерде іріктеліп мекен-жайға жеткізіледі.
Сонымен, пошталық арнаның құрамына: конверт (зат), транспорт
жəне іріктеу машиналары (құрылғылары), пошта қызметкер лері
(объектілері) кіреді. Осы арнаға енгізілген ақпарат өзгеріссіз
қалады.
Ақпарат жеткізуге телефонды мысалға келтіруге болады.
Телефон арқылы берілгенде хабарлама көзі – сөйлеуші. Сөз
дыбыстарын электрлік импульстарға кодтайтын құрылғы –
микрофон. Ал ақпарат беретін арна – телефондық өткізгіш.
Телефон тұтқасының біз құлағымызға қойып тыңдай тын бөлігі
кодты кері ауыстыратын құрылғы қызметін атқарады. Онда
электрлік сигналдар қайтадан дыбысқа айналады. Бұдан соң
ақпарат «қа былдағыш құрылғыға» келіп түседі, яғни тыңдаушы
адамның құлағы. Арнаның құрамына телефон аппараты (құ-
рылғысы), өткізгіштер (құралдар) жəне АТС аппаратурасы (құ-
рылғылар) кіреді. Бұл ақпараттық арнаның ерекшелігі оған
Достарыңызбен бөлісу: