96
Қазіргі уақытта əр түрлі кестелер бар (DOS, ISO, WINDOWS,
KOI8-R, KOI8-U, UNICODE жəне т.б.),
сондықтан да бір кодтауға
құрылған м əтіндер басқасында қате оқылуы мүмкін.
Монитор экранындағы графикалық ақпарат растрлық бейне
түрінде көрінеді, ол өз кезегінде белгілі бір нүктелер санына ие
қатарлардан құралады.
Экрандағы кез келген графикалық
бейнені сан арқылы код-
тауға болады, ол кезде əрбір пиксельдегі қызыл, жасыл жəне көк
түстердің үлесін хабарлап тұру қажет. Сондай-ақ, графикалық
ақпарат векторлық бейне түрінде көрінуі мүмкін.
Векторлық
бейне элементар қималар мен доғалардан тұратын графикалық
объектіден құралған. Бұл элементар объектілердің орналасуы
нүкте координаттары жəне радиус ұзындығымен анықталады.
Əрбір желі үшін оның типі (жаппай, пунктирлі, штрих-пунктирлі),
қалыңдығы мен түсі анықталады.
Векторлық бейне жайлы ақпарат кəдімгі əріптік-сандық түрде
кодталады жəне арнайы бағдарламалар арқылы өңделеді. Бей-
ненің сапасы монитордың мүмкіндік
беру қабілетімен, яғни оның
құрамын жасайтын нүктелердің санымен анықталады. Мүмкіндік
беретін қабілет, яғни растрдағы қатар мен қатардағы нүкте көп
болған сайын бейненің сапасы жоғары болады.
Дыбыстық платасы, микрофон жəне колонкалары бар əрбір
компьютер дыбыстық ақпаратты жазады, сақтайды жəне орын-
дайды. Дыбыс амплитудасы мен жиілігі үздіксіз өзгеріп тұратын
дыбыстық толқыннан тұрады. Амплитуда
көп болған сайын дау-
ыс та жоғары, сигнал жиілігі көп болған сайын тон жоғары бола-
ды.
Қазіргі кезде компьютерді бағдарламалық жабдықтау үздіксіз
дыбыстық cигналдарды электрлік импульстарға айналдырады,
оларды екіншілік формада көрсетуге болады.
Байланыс арнасында бір алфавиттің символдарынан (əріпте-
рінен) құралған хабарлама басқа
алфавиттің символдарынан
(əріптерінен) құралған хабарламаға ауыса алады. Осындай алма-
су кезіндегі алфавит əріптерінің біркелкі үйлесу ережесін код деп
атайды. Ал хабарламаның алмасу үрдісінің өзін кодтау деп атай-
ды. Мұндай хабарламаның алмасуы
хабарлағыштан байланыс
арнасына хабарлама келіп түскенде (кодтау) жəне қабылдағыш
97
хабарламаны қабылдаған кезде (декодтау) жүреді. Кодтау жəне
декодтау процестерін жүргізетін құрылғыларды, қызметіне
сəйкес кодтаушы жəне декодтаушы деп атаймыз. 2.5-суретте
хабарламаның берілудегі кодталу жағдайын жəне
кедергілердің
ықпалын көрсетуші үлгі келтірілген.
Шеннон теоремалары тиімді кодтау мəселелерін қарасты рады.
Достарыңызбен бөлісу: