2.1-сурет.
Мəліметтер жіберу жүйесі
ДЭЕМ мен байланыс арнасының келісуі дегенде олардың
электрлік жағынан үйлесуі назарға алынады. Мысалы, ДЭЕМ
5 В кернеумен жұмыс жасаса, байланыс арнасының кернеуі 100 В.
Бұдан бөлек, МЖА сигналды байланыс арнасы арқылы беруге бо-
латын түрге айналдырады, сол себепті ДЭЕМ сигналмен сандық
жүйеде жұмыс жасайды (логикалық бірлік (1) – 5 В, логикалық
нөл (0) – 0,2 В), ал байланыстың телефондық арнасында тек қана
үйлесімді сигнал қатысуы қажет. МЖА мəлімет жіберу кезінде
сигналды сандық түрден аналогтық түрге, ал қабылдағанда,
керісінше, аналогтық түрді сандық түрге айналдырады.
Теміржол транспортында, негізінен жиілік модуляциясы қол-
да нылады. Жиілік модуляциясында «1» кезінде байланыс арна-
сына 1300 Гц жиілік беріледі, ал «0» ке зінде – 2100 Гц. Сатылық
модуляцияны қолданған кезде келесі əрекеттер орын алады: «1»
болғанда сигнал өз сатысын 180°-қа өзгертеді, ал «0» болғанда
сигнал фазасын өзгертпейді; бұл кезде сигнал жиілігі өзгермейді.
Қателерден қорғау – МЖА-ның ең маңызды қызметі, өйтке-
ні байланыс арнасы арқылы беріліп жатқан сигнал көптеген
кедргілерге ұшырайды, осының салдарынан қате қабылданып
қалуы мүмкін. Сондықтан да берілетін ақпараттың дұрыстығын
арттыратын арнайы тəсілдер қолданылады. Оларға код қою жəне
шешуші кері байланыс қызметін қолдану жатады. Тексеру ар-
найы бақылау соммасы бойынша жүзеге асырылады.
81
Егер тексеру нəтижесі мəліметтер қате қабылданғанын көр-
сетсе, кері арна арқылы хабарламашы мəліметтің қате берілге нін
хабарлайды. Соған сəйкес, ақпарат қатесіз жеткізілгенше мəлі-
меттер қайта жіберіледі.
Ақпарат биттерін жіберу дегенде жіберілу кезіндегі байттар-
дың битке айналдырылуы жəне керісінше қабылдаған кездегі
биттердің байтқа айналдырылуын түсінеміз. ДЭЕМ барлық есеп-
теулерін машиналық сөздермен жүзеге асырады, олар 16, 32 жəне
64 биттен (ДЭЕМ-ге байланысты) тұруы мүмкін, ал арна бір сəтте
ақпараттың бір ғана бит көлемі түсетін жүйелі құрылғы болып та-
былады.
Байланыс арналары бойынша деректерді жіберудің көрсет-
кіштері: уақтылы жеткізу, нақтылық, өткізгіштік қабілет.
Уақтылы жеткізу қызметі ақпараттың қабылдаушыға сол
уақытта жеткізілуін, яғни жеткізу уақытының берілген уақыттан
ұзаққа аспайтынын қамтамасыз етеді.
Ақпаратты берудің нақтылығы дегенде берілген ақпараттың
жалпы бит көлеміне дұрыс берілген ақпарат көлемінің қатынасы
назарға алынып тұр. Оны бағалау үшін жіберілген ақпараттың
бит көлеміндегі қателердің кездесу мүмкіндігі қолданылады.
Өткізгіштік қабілет – бір сəтте жіберілген бит мөлшері (с).
Темір жолда бар байланыс арналарын келесі белгілері бойын-
ша топтастыруға болады:
- берілетін сигнал түрі (аналогтық жəне сандық арналар);
- cигнал тасымалдау ортасының қолданылуы (радиоарна жə не
өткізгіш арна);
- деректерді беру жылдамдығы (жылдамдығы төмен, жылдам-
дығы орта, жылдамдығы жоғары);
- коммутация тəсілі (коммутацияланған жəне белгіленгендер).
Есептеуіш желі – бұл белгілі бір сипатпен біріктірілген жə-
не желілік бағдарламалық қамтамасыздандыру басшылығымен
жұмыс жасайтын ДЭЕМ жиынтығы. Есептеуіш желілерді құру
жəне дамыту себептері: ДЭЕМ жадын үнемдеу, техникалық құ-
рал дарды үнемдеу, қызмет көрсету құнын азайту.
ДЭЕМ жадын үнемдеудің себебі: бір ғана ақпаратты əр түрлі
ДЭЕМ-на сақтаудың қажеттілігі жоқ. Мəліметтер бір ДЭЕМ-
да сақталып, қажет болған жағдайда басқаларына жіберіледі.
6–1549
82
Техникалық құралдарды үнемдеу дегенде, желіде бағалы тех-
никалық құралдарды бірнеше ДЭЕМ қолдануға мүмкіндік бар.
Бағдарламалық жабдықтау (БЖ) қызметінің құны, əрбір ДЭЕМ-
ына жеке бағдарламалық жабдықтау қызметін көрсету құнына
қарағанда төмен.
Есептеуіш желінің басты көрсеткіші оның нəтижелілігі бо-
лып табылады, яғни секундына ең көп транзакция (транзакция:
мəліметтерді оқу, өңдеу жəне басу) мөлшері жасалады.
Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) ақпаратты өңдеу
жəне есептеуіш техника бойынша комитеті қатаң иерархия-
лық үлгі бойынша жұмыс жасайтын өзара əсерлесу деңгейлерін
анықтады: əрбір деңгей өзінен жоғары тұрған деңгейге қызмет
етеді, төмендегі деңгейлердің қызметін пайдаланады. Деңгей-
лердің стандартталуы хаттамалар арқылы жүзеге асырылады.
Хаттамалардың басым көпшілігі анықталған соң желідегі кез
келген екі құрылғы құрылымындағы, нəтижелілігіндегі, дайын-
далу орны мен қызметтік ерекшеліктеріне қарамастан өзара бай-
ланысады.
ISO комитеті өзара əрекеттестіктің жеті деңгейін анықтады.
1-деңгей – физикалық – белгілі бір физикалық табиғат сигнал-
дарының арнаның өткізгіштік қабілетіне сəйкес жылдамдықта
қабылдануы мен жіберілуін қамтамасыз етеді.
2-деңгей – арналық – 1 деңгей арқылы берілген деректерден со-
лай аталатын кадрлар мен олардың нəтижелерін қалыптастырады.
Мұнда қателер табылып, түзетіледі.
Физикалық жəне арналық деңгейлер физикалық арнаның си-
патын анықтайды.
3-деңгей – желілік – екінші деңгей кадрларының бірнеше
арналар немесе бірнеше желілер бойынша берілуі үшін қосым-
ша маршрутизация қызметін жүзеге асырады. Желілік деңгей,
сондай-ақ, қателерді өңдейді.
4-деңгей – транспорттық – желі деңгейлері иерархиясында
орталық орынды алып тұр. Өзара əрекеттесу моделімен анық-
талатын барлық объектілер көліктік қызметті пайдалану шылар
жəне атқарушылар болып бөлінеді. 4 деңгейдің болуы пайдала-
нушыларды маршрутизацияның, коммутация мен селекцияның
барлық қызметтерін үйренуден босатады.
83
5-деңгей – сеанстық – қолданбалы деңгей объектілерінің ара-
сындағы деректер блогы ауысымын қамтамасыз етеді.
6-деңгей– көріністер – сұхбат кезінде берілетін мəліметтердің
интерпретациясын жүзеге асырады.
7-деңгей – қолданбалы – төменгі деңгейлерде жүзеге асырыла
алмаған қызметтерді жүзеге асырады. ISO бұл деңгейде деректерді
беру хаттамаларын жəне олардың басқарылуын қарастырады.
Қазіргі уақытта тəжірибеде əрекеттесудің төрт деңгейлі жүйесі
қолданылады: физикалық, арналық, желілік жəне транспорттық.
Есептеуіш желілерді келесідей негізгі белгілер бойынша топ-
тастыруға болады:
- қосылатын ДЭЕМ саны,
- байланыс жүйелерін пайдалану,
- байланысу топологиясы,
- ақпарат алмасу тəсілі,
- желіні басқару.
Бірінші белгі бойынша жаһандық желілер (Internet), коорпо-
ративтік (салалық немесе ірі ұйымдардың желілері), жергілікті
есептеуіш желілері(үлкен емес аумақты алып жатады) бөлініп
шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |