Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
ДЭП-МО-31

Бекіту сұрақтары: 
1.
Дипломатиялық қатынастарды орнатуда қандай құжаттар басшылыққа алынады? 
2.
Агреман дегеніміз не? 
3.
Агреман сұратылу тәртібі қандай? 
№10 дәрістің тақырыбы:
Дипломатиялық өкілдік және оның құрылымы
 
Сағат саны: 
1
 
Дәрістің мақсаты: 
дипломатиялық өкілдік құрамына сипаттама беру.
 
Терминдер мен анықтамалар.
Төтенше және Өкілетті Елші. Әкімшілік-техникалық 
персонал. 
 
Дәрістің топтама-тәсімі.
Өкілдіктер басшысының класы және дипломаттар рангілері. 
Дипломатиялық корпус. Ағалық принципі.
Мемлекеттердің сыртқы саясатының міндеттерін жүзеге асыру орталық сыртқы 
қатынастар органдарының функциялары ғана емес, сыртқы саясат міндеттерін, сондай-ақ 
мемлекеттердің шетелдік сыртқы қатынастар органдары жүзеге асырады. Дипломатиялық 
өкілдік шетелдік сыртқы қатынастар органдары арасында негізгі орын алады. 
Дипломатиялық өкілдік
– басқа мемлекетпен саяси қарым-қатынастар жүргізу 
үшін, сондай-ақ өкілдік пен өз мүдделерін қорғау үшін бір мемлекет аккредиттеген 
мекеме. 
ХҮІ ғасырға дейін тұрақты дипломатиялық өкілдіктер болған жоқ. Арнайы 
дипломатиялық өкілдіктер жекелеген тапсырмаларды (шарттар жасасу, талаптар білдіру, 
құттықтаулар беру, сыйлықтар тапсыру және т.б.) орындау үшін жіберілді. Тұрақты 
дипломатиялық өкілдіктер институты ірі орталықтандырылған мемлекеттердің 
құрылуымен және нығаюымен байланысты ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлар кезеңінде пайда болып
содан бері халықаралық тәжірибеде берік бекіді. 
Елшілік пен миссия
– бұл дипломатиялық өкілдіктердің екі түрі. Тұрақты 
дипломатиялық өкілдік мемлекеттердің өзара келісуі, дипломатиялық қатынастар орнатуы 
нәтижесінде құрылады (1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена 
Конвенциясының 2-бабы). 
Миссияның басталуы үшін өкілдіктер басшыларының агреман алуы, яғни аталмыш 
өкілді дипломатиялық өкілдік басшысы ретінде қабылдауға алдын ала келісім алуы 
маңызды болып саналады. 
Елші басқаратын дипломатиялық өкілдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет