Бекіту сұрақтары: 1.
Мемлекеттік хаттама қандай шараларды жүргізеді?
2.
Мемлекеттік хаттама қызметінің әлемде қандай жүйеері қалыптасқан?
3.
Елдің бүкіл аумағындағы мемлекеттік органдардың бірыңғай протоколдық
тәжірибесінің сақталуын бақылауды кім жүзеге асырады?
4.
ҚР Мемлекеттік хаттама қызметі қандай құжатпен реттеледі?
№7, 8 дәрістер тақырыбы: Хаттама және мемлекеттік символдар
Сағат саны: 2
Дәріс мақсаты: мемлекеттік символдар хаттамасына талдау жасау.
Терминдер мен анықтамалар. Халықаралық сыпайылық. Мемлекеттік Ту. Әнұран.
Елтаңба. Штандарт.
Дәрістің топтама-тәсімі. Халықаралық сыпайылық және мемлекеттік символдар.
Мемлекеттік символдар тарихы және заңнамалық ережелері. Мемлекеттік ту және
елтаңба, әнұран этикеті. Президент штандарты. Дипломатиялық және консулдық
өкілдіктерде мемлекеттік сиволдардың пайдалану ережесі.
Геральдика ғылымының
дамуы, зерттеу обьекті. Алғашқы елтаңбалардың пайда болуы және даму тарихы.
Дипломатиялық хаттама және мемлекеттің ұлттық мейрамдары.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын
бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы . Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік
жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі
алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер
қайраткері Шәкен Ниязбеков.