Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет12/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
ДЭП-МО-31

Бекіту сұрақтары: 
1.
Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану тәртібін кім анықтайды? 
2.
Мемлекеттік рәміздер қандай жағдайларда қолданылады? 
3.
ҚР Президенті байрағының ерекшелігі қандай?
4.
ҚР Президенті байрағын сипаттап беріңіз? 
№9 дәріс тақырыбы: 
Дипломатиялық қызметтегі хаттама және дипломатиялық 
қатынастардың орнатылуы
 
Сағат саны: 
1
 
Дәріс мақсаты: 
Дипломатиялық хаттама және дипломатиялық тәртіптің қалыптасу 
тарихына шолу жасау. 
Терминдер мен анықтамалар.
Халықаралық сыпайылық. Миссия. Елшілік. Сыртқы 
саясат органдары. Уақытша сенімді өкіл.
Дәрістің топтама-тәсімі.
Дипломатиялық хаттама және халықаралық қатынастар. 
Дипломатиялық хаттама және дипломатиялық қатынастарды орнату туралы актілерді 
рәсімдеу. 


Дипломатиялық қатынас халықаралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі 
болып саналады. Халықаралық қатынастар – әлемдік аренада іс-қимыл жасайтын 
субъектілер арасындағы экономикалық, саяси, құқықтық, идеологиялық, дипломатиялық, 
әскери, мәдени және өзге де байланыстар мен өзара қарым-қатынастар жиынтығы. 
Сонымен қатар ол – мемлекеттер арасындағы ресми қарым-қатынастарды халықаралық 
құқық нормалары мен халықаралық қарым-қатынас жасау тәжірибесіне сәйкестікте ұстап 
тұрудың негізгі формасы. 
Дипломатиялық қатынас мемлекеттер арасында достық қарым-қатынасты 
дамытуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұруға оң ықпал етеді. Дипломатиялық 
қатынастарды орнату Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена 
конвенциясына сәйкес, мемлекеттер арасындағы өзара келісім бойынша жүзеге 
асырылады. 
Қандай да бір мемлекетті немесе оның үкіметін өзге бір мемлекет тарапынан 
мойындау мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатуға жасалған 
алғашқы қадам болып саналады. Алдын ала келіссөздер жүргізгеннен кейін (әдетте, 
делдалдық жасау кезінде немесе өзге мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері арқылы), 
дипломатиялық қатынастар орнатылып, мемлекеттер басшылары немесе үкіметтер 
премьерлері (кейбір уақытта және Сыртқы істер министрлері) арасындағы хаттармен 
немесе телеграммалармен алмасу түрінде ресімделеді әрі осы хаттарда (телеграммаларда) 
алмасуды мемлекеттер шешетін, дипломатиялық өкілдіктер (елшіліктер, миссиялар) 
дәрежесі анықталады. 
Осыдан кейін барып, әдетте, өзара дипломатиялық өкілдер (елшілерді, 
дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын) тағайындау көзделеді. Халықаралық 
тәжірибеде белгілі бір елге елшіні тағайындамас бұрын сол ел үкіметінің келісімін 
(агреман) сұрау қалыптасқан. Бұл туралы 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы 
Вена конвенциясының 4-бабында былай деп жазылған: «Аккредиттеуші мемлекет өкілдік 
орналасқан мемлекет осы мемлекеттегі өкілдіктің басшысы ретінде аккредитациялауды 
көздеген тұлғаға агреман бергендігіне көз жеткізуі тиіс». Осы мақсатта елші баратын сол 
елдің үкіметіне елші болып тағайындалатын үміткер туралы, оның тегі, аты және әкесінің 
аты, туған жылы, білімі, отбасылық жағдайы туралы қысқаша мәлімет және оның қызмет 
жолы туралы қысқаша анықтама хабарланады, ол осы құжатты қандай да бір ресми 
ресімдеусіз (ресми бланкісіз, нөмірсіз, жазылған күнінсіз және т.б.), жаднама түрінде 
дипломатиялық жолмен беріледі. Сұрату жіберілген мемлекеттің үкіметі келісім беру 
(агреман) жайлы сұратуды алғаннан кейін, сұратуды қарап, әдетте, 2-3 апталық мерзім 
ішінде өзінің жауабын береді. Негізінен, оны тағайындайтын үкімет ұсынатын үміткерді 
елші (дипломатиялық өкілдіктің басшысы) етіп тағайындауға келісім береді немесе өзінің 
таңдауы бойынша қандай да бір елге өзінің елшісін (дипломатиялық өкілдігінің 
басшысын) тағайындау әрбір мемлекеттің жалпыға бірдей танылған егемендік құқығы деп 
саналады. 
Жергілікті жердегі хаттамалық тәжірибеге байланысты, бұрынғы елші мемлекет 
басшысы, үкімет басшысы мен мүшелеріне, дипломатиялық корпустағы өзінің 
әріптестеріне, өкілдік орналасқан елдің саяси және қоғамдық қайраткерлеріне қоштасу 
сапарларын жасайды, өзінің құрметіне ұйымдастырылған қабылдауларда болады. Мұның 
бәрі пайдалы сұқбаттар өткізу, өкілдік орналасқан елдегі өзінің қызметі кезеңінде екі ел 
арасындағы қатынастарды қорытындылау, осы қатынастардың болашағына қатысты 
тілектер айтуға және т.б. мүмкіндік береді. Жекелеген елдерде елшінің радио мен 
теледидар арқылы шығып сөйлеуіне мүмкіндік беріледі. Дипломатиялық өкіл миссия 
орналасқан елдің орденімен марапатталуы мүмкін, алайда ол орденді өз үкіметінің 
рұқсатымен ғана қабылдауы керек.
Жаңа қызметке тағайындалған дипломатқа тиісті елдің кіру визасын алу туралы 
вербальды нота жолданады. Виза алу дипломатиялық қызметкерге өкілдік орналасқан елге 
жол жүруіне жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет