5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға
қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың
және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған
экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде);
6) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан
Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да
қатынас құралдарында;
7) Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде -
белгiленген тәртiппен;
8) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери
жарғыларға сәйкес;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында,
бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери
құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері
күндерінде, ант қабылдау кезiнде;
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты
рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;
11) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;
12) Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет
мемлекеттердің
мемлекет
басшыларымен,
парламенттері
мен
үкіметтерінің
басшыларымен кездесу кезінде.
Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде,
мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және
оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда
айқындалады.
Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде
жарық түсіп тұруға тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-
жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін.
Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: