Дәрістің мақсаты: Дипломатиялық сапарлар классификациясына сипаттама беру және
оларды өткізу хаттамасының ерекшеліктерін ашып көрсету.
Терминдер мен анықтамалар. Дипломатиялық сапарлар. Сапар түрлері. Мемлекеттік
сапарлар. Ресми сапарлар. Жұмыс бабындағы сапарлар. Бейресми сапарлар. Жол-жөнекей
кездесу сапарлары.
Дәрістің топтама-тәсімі. Сапарлардың деңгейі, сипаты мен форматы. а)Мемлекеттік және
жұмыс сапарлары. б) Ресми және бейресми сапарлар. в) Жеке қонақ ретіндегі сапарлар. г)
Жолаушылық сапарлар. Қонақтарды қабылдау хаттамасы-халықаралық сыпайлық
ережелері мен салт-дәстүрлерді ұстану. Қонақжайлық тәртібінің тарихы және сапар
бағдарламасын дайындау. Кездесу церимониалы. Сапардың іскерлік бөлімі.
Мемлекеттiк
сапарлар
шетел
мемлекеттерi
басшыларының
Қазақстан
Республикасына сапарларына жатады. Олар ерекше жағдайларда және Шетел мемлекетi
басшысының осы лауазымда болған уақытында (әдетте, бастапқы кезде) бiр рет қана
жүзеге асырылады. Мемлекеттiк сапар уақытында мейманды қарсы алу мен шығарып
салудың айрықша жоғары деңгейi қамтамасыз етiледi. Сапар бағдарламасы барысында,
сондай-ақ ол елдi ықтимал аралаған кезде Шетел мемлекетi басшысымен бiрге жүру
деңгейi арттырылады.
Мемлекеттiк сапардың бағдарламасы бойынша өткiзiлетiн рәсiмдiк, ресми iс-
шаралар ресми сапарлардың ауқымына сәйкес келедi.
Жұмыс бабындағы сапарларға: келiссөздер, консультациялар өткiзу, көрменi
немесе қандай да бiр объектiнi ашу; көп жақты кездесулерге, халықаралық кеңестер мен
конференцияларға қатысу, мерейтой күндерiн мерекелеу, анағұрлым жоғары деңгейдегi
сапарларды және басқа да осыған ұқсас iс-шараларды әзiрлеу сияқты нақты мақсатқа
арналған сапарлар жатады. Жұмыс бабындағы сапарлар барысында мейманды қарсы
алу, шығарып салу және бiрге жүру деңгейi ресми сапарлардан төмен.
Президенттiң жеке мейманы ретiндегi сапарлар Мемлекет басшысының жеке
шақыруы бойынша жүзеге асырылады және ұйымдастыру тұрғысынан тараптардың
уағдаластығына сәйкес ресiмделедi.
Мұндай сапарларды протоколдық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Протоколына жүктеледi.
Бейресми
сапарларға
шетел
мемлекеттiк
қайраткерлерiнiң
Қазақстан
Республикасына жеке iстерi бойынша (демалысқа, туризм мақсатында және басқа да)
келуi жатады.
Жол-жөнекей сапарлар Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жол жүретiн аса
жоғары немесе жоғары деңгейдегi ресми делегацияның Қазақстан Республикасында
қысқа уақыт болуына байланысты.
Меймандардың өтiнiшi бойынша және тиiстi уағдаластыққа қол жеткiзiлген
жағдайда, Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарымен кездесулер және
сұхбаттасулар ұйымдастырылады.