Бекіту сұрақтары:
1.
Дипломатиялық корпус дегеніміз не?
2.
Дипломатиялық корпус құрамына кімдер кіреді?
3.
Дипломатиялық қатынастар қандай жағдайларда үзіледі?
4.
Дипломатиялық қатынастарды үзу тәртібі қандай?
№13 дәріс тақырыбы:
Көпжақты дипломатия хаттамасы
Сағат саны:
1
Дәрістің мақсаты
Көпжақты дипломатия хаттамасының ерекшеліктерін ашып көрсету.
Терминдер мен анықтамалар.
Жаңа мүшелерді қабылдау. Тұрақты өкіл, қызметке
кірісуі. БҰҰ-ғы хаттамалық ағалық. БҰҰ Туының регламенті.
Дәрістің топтама-тәсімі.
БҰҰ-ң қызметіндегі хаттамалық шаралар. а) БҰҰ-на жаңа
мемлекеттерді қабылдау тәртібі. б) мемлекеттің тұрақты өкілін тағайындау. в) БҰҰ-ғы
хаттамалық ағалық. г) БҰҰ-ның жалауы және оның регламенті. Халықаралық
конференцияларды ұйымдастыру және жүргізу хаттамасы.
Дипломатияның қазіргі заманғы үлгісі ең алдымен, көпжақты дипломатияның
үлгісі ретінде пайда болды. Мемлекеттер арасында көпжақты құқықтық қарым-
қатынастарды орнатуда көпжақты дипломатияның рөлі маңызды. Оның пайда болу
себептері – жаһандық мәселелер, олардың шешімінде барлық немесе барлық елдер дерлік
мүдделі және олардың шешімі бір-екі мемлекеттерге емес, барлық немесе барлық дерлік
елдерге тәуелді. Мысалға, олардың қатарына азық-түлік, энергия ресурстары, қоршаған
орта, Әлемдік мұхит, ғарыш, ядролық қарусыздану, теңіз шекаралары мен экономикалық
аймақтардың шекаралары, қарудың жаңа түрлеріне тыйым салу және т.б. жатады.
Көпжақты дипломатияның форумдары халықаралық қатынастардың басты қағидаттары
расталып, заңды нормаға ресімделетін орын болып табылады. Егер көпжақты
дипломатияның мақсаттар санына мемлекеттер арасында ынтымақтастықты дереу немесе
жанама түрде орнату кірмесе, ол мүмкін емес болушы еді.
Көпжақты дипломатияның факторлары көпжоспарлы сипатқа ие. Бұл әр
алуандықта мемлекеттер мүдделерінің көптігі көрінеді де халықаралық саясаттың үнемі
қалыптасуы орын алады. Саяси факторлар мемлекеттің аса қажеттіліктерін (қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, жалпы қарсыласқа қарсы бірлескен әскери күш салу, бейбітшілікті
орнату, сауданы дамыту және дүниежүзілік ресурстарды үлестіру) көрсетеді. Сонымен
бірге, идеялық факторлар осы тарихи сәтте халықаралық қатынастарда үстем болып
тұрған құндылықтар тұжырымдамасын діни сенімдер мен жалпы қағидаттарын, идеоло-
гиясы мен ескішілдігін суреттейді.
Тарих бойына көпжақты дипломатияға дем беретін жалпы қағидаттардың шығу
көзі әртүрлі. Көпжақты дипломатияның көне қағидаты – бір сенім-нанымдағы адамдарды
біріктіретін киелі қағидат. Аполлон Делфий шіркеуінің етегінде абыздар шақыратын көне
грекиялық амфиктионияларды мысал ретінде келтіруге болады.
Еуропадағы күштердің тепе-теңдігін іздеу және сақтау сонымен бірге көпжақты
келіскендікті талап етті. Жаңа заманның көпжақты дипломатиясының мысалы ретінде
бірнеше жылға созылған 1648 ж. Вестфаль бітімінің дайындығын санауға болады. Осы
кезеңге қарсы Еуропада, әдетте, бір-бірін білетін білікті тәжірибелі дипломаттардың
бірлестігі қалыптасты. Соғысып жатқан елдердің дипломаттары көп жылдар бойы бір-
бірімен жасырын кездесіп, Мюнстер мен Оснабрюкенде бітім конгрестің дайындығын
жүргізді. Осы дайындықтарда ең тәжірибелі еуропалық дипломатиялардың (Ватикан мен
Венециялық) өкілдерінің рөлі орасан зор болды. Дәл осылар бейтарап делдалдардың
міндеттерін өздеріне алып, қарсы тұрған бірлесімдердің дипломаттарымен бірге құжаттар
мәтіндерін келісіп шешіп отырды. Осылай олар келешек еуропалық тепе-теңдіктің
негіздерін қалауға әрекет жасады.
Тепе-теңдік қағидатын үдемелі де, статикалық та тұрғыдан қарастыруға болады.
Бірінші жағдайда сөз бұзылған күштердің тепе-теңдігі туралы, бұл көпжақты
дипломатиялық форумдарының шақыруын ынталандырады. Олардың мақсаты – тепе-
теңдікке жету жолдары туралы келісу. Екінші жағдайда сөз жеткен тепе-теңдікті сақтау
жөніндегі мәселеде итальяндық дипломат Маресктің пікірі бойынша, бұл мәселенің
шешімін әртүрлі көпжақты дипломатияның статикалық түрлері – одақтар, лигалар,
шарттар мен келісімдер арқылы табуға болады.
Жаңа және ең жаңа заман еуропалықтардың теориялық ойы көпжақты
дипломатияға тұрақты, барлық өркениетті елдерді біріктіретін, халықаралық тұрғыдан
танылған институтының сипатын беру мәселесінде жұмылдырылды.
Осындай жобалардың үлгісі ретінде бавар королі Антуан Маринидің 1462 жылы
әзірлеген «Сызбасын» айтуға болады. Бұл құжатта егеменді патшалардың Еуропалық
лигасын құру туралы жазылған. Лига төрт секциялардан тұруға тиісті: француз,
итальяндық, герман және испан. Орталық орган – Бас ассамблея, яғни елшілер конгресі.
Секцияның әр мүшесіне бір дауыс беріліп, дауыс беру рәсіміне ерекше назар аударылады.
Бірлескен армия құрылып, оған деген қаражат мемлекетке салынған салықтардан алынуға
тиісті. Лиганың өз ақшасын шығаруға мүмкіндігі, өз елтаңбалық мөрі, мұрағаттары мен
көптеген шенеуніктері болды. Лига жанында Бас Ассамблея тағайындайтын соттары бар
Халықаралық соттың қызметі ұйғарылды.
Бірақ көпжақты дипломатияның тәжірибесі ұзақ уақыт бойы бірлестіктерді
құрумен, сонымен бірге, конгрестердің дайындығы мен өткізуімен шектеліп отырды.
Конгрестер жиналыстардың аса сая-си сипатын ұйғарып отырды, олардың мақсаты – бітім
шартына қол қою немесе жаңа саяси-аумақтық құрылымды әзірлеу. Конгрестерде
мемлекеттер басшыларының қатысуы оларға ерекше салтанат қоса береді. Осындай
конгрестер; Вестфаль бітіміне қол қоюмен аяқталған Мюнстер мен Оснабрюк конгрестері
(1648 ж.), Людовик XIV Аугсбург лигасы елдерімен жүргізген соғыстың
қорытындыларын шығарған Рисвик конгресі, түріктермен соғысты аяқтау мәселелерін
шешкен Карловиц конгресі (1698-1699 ж.) және т.б.
Бұл жолда Наполеонға қарсы бірлестіктің жеңісін көрсеткен Вена конгресі (1814-
1815 ж.) белес болды. Вена конгресінде Ұлыбритания, Австрия, Пруссия мен Ресей
араларындағы келісім мен достық туралы Шартында «дүниежүзінің бақыты үшін» өзара
мүдде туғызатын сұрақтар бойынша кеңес беру мақсатында мемлекет басшылары, шетел
істері министрлер деңгейінде мезгіл-мезгіл өз кездесулерін өткізуге талап қойылды.
Сонымен бірге, жақтар «Еуропада бейбітшілікті сақтау және ұлттардың өркендеуін»
қамтамасыз ету үшін қажетті бірлескен әрекеттер жөнінде де келісті. Сонымен, Вена
конгресінің арқасында бұрынғы ескі дәстүрлер жаңа тәжірибеге орын берді: оның
негізінде көпжақты дипломатия дамып, ұлт мемлекеттер өкілдерінің кездесулер жүйесі
пайда болды.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бірінші жартысында күрделі халықаралық
қатынастар көпжақты келісулердің тұрақты үдерісінде және барлық мемлекеттер
тарапынан бақылау үдерісінде мұқтаж болды. Бұл дүниежүзілік саясатқа ықпал жасаудың
жаңа құралдарын іздеуді талап етті.
XX ғасырдың басында Бельгияда дүниежүзілік үкімет пен парламент жобалары
әйгілі болып кетті. Дүниежүзілік парламенттің жоғарғы палатасының құрамына
халықаралық ұйымдармен, бірлестіктермен және экономикалық, әлеуметтік, зияткерлік
қызмет аяларының басқа органдарымен тағайындалған өкілдер кіретіндігі ұйғарылды.
Сонымен бірге, халықаралық соттың құрылуы да қарастырылды. Саны жалпы белгіленген
деңгейден аспайтын қарулы күштерді бақылауға қою қажеттілігі идеясы ұсынылды.
Экономикалық байланыстардың дамуы Дүниежүзілік банк туралы жобада кедендік
кедергілерді жою көрсетіліп, білім беру және мәдени қызметінің барлық түрлеріне
міндетті халықаралық қолғабыс ету туралы көп айтылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тепе-теңдік қағидатының беделін біржолата түсірді.
Соғыс біткеннен кейін бейбітшілікті сақтау кепілі тепе-теңдікті нәтижесіз іздеудің орнына
тұрақты негізде жайғасымдардың келісуімен айналысып, сонымен міндетті құқықтық
нормаларын іздестіріп туғызатын көпжақты ұйым болуға тиісті еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Ұлыбританияда лорд Брайстің
басшылығымен ғалымдар мен саясаткерлер тобы Ұлттар Лигасы қоғамын құрды. АҚШ
президенті Тафт осы лиганың американдық баламасын тағайындауына қатысты.
Атлантиканың екі жақтарындағы ұйымдардың қойған мақсаты: қоғамдық пікірді
дүниежүзілік саясаттың жаңа бағытының қажеттілігіне сендіру.
1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы әмбебап сипаты бар жаңа тұрпатты ұйым болды.
Дипломатия саласындағы жаңалық Лиганың саяси және әкімшілік тетігі – Кеңесін,
Ассамблеясын және Секретариатын құрумен ерекшеленеді. Ұлттар Лигасы көпжақты
дипломатияның жаңа форумына айналды.
Ұлттар Лигасының мүше-елдері өздерінің қайшылықтарын бітім жолымен шешуге
тиісті болған. Жарғы арбитраж (төрелік сот) пен ымырашыл (келісімшіл) рәсімдерді
қарастырып отырды. Осы ережелерді бұзушы автоматты түрде «барлық мүше – елге
қатысты соғыс актісін жасаған жақ» ретінде қарастырылды. Басқыншы экономикалық
айыптауға ұшырап, оған барлық елдердің әскери машинасының қарсы тұруы төніп тұрды.
Басқыншылықты осылай, әртүрлі одақтарды құруынсыз және қымбат тұратын, қауіпті
қару-жарақ бәсекесіз болдырмады. Мемлекетаралық келіспеушіліктер (қайшылықтар)
1922 жылы тағайындалған Халықаралық сотта қаралып отырды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гитлерге қарсы бірлестік бойынша
одақтастардың көпжақты дипломатиясы соғыстан кейінгі дүниежүзілік саяси және
экономикалық тәртіптің негіздерін қалады. 1945 жылы Сан-Францискода конференцияға
келген мемлекеттердің өкілдері жаңа әмбебап халықаралық үкіметаралық ұйымды –
Біріккен Ұлттар Ұйымын құрды. Оның шеңберінде халықаралық ынтымақтастықтың
әртүрлі жақтарын қамтыған халықаралық үкіметтік көптеген ұйымдар пайда болды. БҰҰ
бағдарламалары қарусызданудың, дамудың, халық санының, адам құқықтарының,
қоршаған ортаны қорғаудың мәселелерін шешуіне бағытталды.
Көпжақты дипломатияның тиімді форумдары ретінде БҰҰ органдары – Бас
Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі, Халықаралық сот пен секретариат болды. БҰҰ жүйесіне
сонымен бірге жиырма шақты біріккен ұйымдар, бағдарламалар, қорлар мен
мамандандырылған Агенттіктер: МОТ (халықаралық еңбек ұйымы), ЭКОСОС (БҰҰ-ның
экономикалық
және
әлеуметтік
кеңесі),
ФАО
(БҰҰ-ның
азық-түлік
және
ауылшаруашылық ұйымы, ЮНЕСКО – (Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және
Мәдениет жөніндегі Ұйымы), ИКАО – (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы), ДДҰ –
(Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), ДМҰ – (Дүниежүзілік метерологиялық ұйым),
ДЗМҰ – (Дүниежүзілік зияткерлік меншікті қорғау ұйымы), ХВҚ – (Халықаралық валюта
қоры), ТСБК – (тарифтер мен сауда туралы бас келісім), ХЖДБ – (Халықаралық жаңғыру
және даму банкі) және т.б. кірді.
Халықаралық аренада белсенді түрде өңірлік ұйымдар: ЕҚЫҰ – (Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым), ЛАГ – (Араб мемлекеттерінің Лигасы),
ЕC – (Еуропа Кеңесі), АСЕАН – (Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер қауымдастығы),
АТЭС – (Азия-Тынық мұхит экономикалық кеңесі), ОАГ – (Америка мемлекеттерінің
ұйымы), ОАЕ – (Африка бірлігі ұйымы) және т.б. ХХ ғасырдың екінші жартысында
мүдделер бойынша көпжақты ұйымдар пайда болды. Бұлар: ОПЕК – (Мұнайды сыртқа
шығарушы елдер ұйымы), ДН – (блоктарға қосылмау қозғалысы), «С-7» және «С-8»
қызмет жасайды.
Халықаралық ұйымдардың көпжақты дипломатиясы өкілдіктер түрін пайдаланды.
Мысалы, БҰҰ жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің көлемі мен құрамы бойынша
әдеттегі елшіліктерден айырмашылығы аз.
Бүгінгі
таңда
көпжақты
дипломатияға,
оның
сипатына
халықаралық
қатынастардың жағдайы, жаһандану үдерістері, бірігу, ықпалдасу үдерістері, өңірлердің
қажеттіліктері, жанжал ахуалдарын болдырмау және шешу қажеттілігі, құқықтық
нұсқаулар ықпал жасайды. Дүниежүзілік қоғамдық пікір, БАҚ, мүдделер топтарының
қысымы да көпжақты дипломатияға үдеме ықпал жасайды.
30-жылдардың ортасында мемлекеттер саны 50-ден астам болып, қазіргі таңда 200-
ге дейін өсуімен байланысты халықаралық қатынастар мен дипломатия күрделеніп
қымбат іске айналды. Тек қана Кеңес Одағы мен Югославияның құлауы күтпеген жерден
20-дан астам жаңа мемлекеттердің құрылуына және дипломаттар санының көбеюіне
әкелді. Мысалы, Лондонда бүгінгі таңда 17000 шетел дипломаттары мен олардың
отбасыларының мүшелері тұрады.
Сонымен, қазіргі заманғы жағдайларда халықаралық байланыстар айтарлықтай
кеңейді. Енді бір халықаралық мәселені шешу үшін дүниежүзінің көптеген немесе барлық
мемлекеттерінің қатысуы керек. Әртүрлі пікірлерді бір қорытындыға келтіру күрделі және
ұзақ үдеріс болып кетті. Мәселелердің күрделілігі мен маңыздылығына байланысты
мәселенің шешілуі, әдетте, бірнеше: сараптамалық, министрлік, жоғары және ең жоғары
деңгейлерден өтеді. Осындай қазіргі заманғы келісімдер мысалы ретінде Хельсинкиде
өткен үдерісті, қару-жарақты шектеу және қарусыздану бойынша конференцияларды,
Босния, Герцеговина бойынша конференцияларды, үлкен «сегіздік» кездесулерін, БҰҰ
және басқа халықаралық ұйымдардың қызметін келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |