Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет26/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
ДЭП-МО-31

Телфон арқылы тілдесу. 
Телефонның мағынасын асыра бағалау қиын – бір-
бірінен алыстағы адамдардың байланысуына арналған бұдан қарапайым әдіс әлі табылған 
жоқ, ал телекстер, телетаспалар, факс оны толықтырады. Телефон көптеген мәселелерді 
шапшаң шешуге, байланыстарды бекітуге, барынша мҥмкіндік береді. Сонымен қатар, 
серіктестер арасындағы кеңістік қашықтығы тілдесудің бұл түрін ерекшелейді. 
Тілдесушілер бір-бірін көрмегендіктен, бірінші орынға олардың әңгімесінің мазмұны 
емес, яғни маңыздылыққа ие сөйлеу екпіні алға шығады. Телефон арқылы серіктестер 
жігерсіздік, ашуланшақтықты, қатерді, аяушылықты, қызығушылықты сөйлесу арқылы 
тез сезініп қояды. Сонымен қатар, психологтардың ойынша, сөздің мағынасы мен 
дыбыстың арасындағы айырмашылықта адамдар әңгіменің мазмұнына қарағанда дауыс 
ырғағына көбірек мән береді. Әсіресе сұқбат басы мен аяғындағы дауыс екпіні маңызды, 
өйткені ол сезімтал фонды нығайта түседі. Әңгіменің басындағы және соңындағы дауыс 
ырғағы ерекше маңызды болып келеді – ол тиісті эмоционалды дыбысты бекітеді.
Жоғарыдай айтылғандар келесідей нұсқаулар береді: 
Егер телефон байланысы қабылдау бөліміндегі хатшы арқылы жҥзеге асатын 
болса, онда жетекші өзінің көмекшісінің мәдениеті оның басқарып отрыған мекемесінің 
маңызды бөлігі болатынын естен шығармаған жөн. Кей кезде өзіңіздің қабылдау бөлімінің 
нөмірін теріп, телефонның арғы жағындағы сөздер қаншалықты жайдарлы, игілікті 
естілетініне көз жеткізіп және осыған сәйкес қорытынды жасаған артық етпейді.
Шетелдік кітаптарда хатшыға арналған ұсыныстар бар: «Қоңырауға жауап беру 
кезінде сіздің дауысыңыз «Сізге қызмет көрсеткеніме қандай бақыттымын!» деп айтқыңыз 
келіп тұрғандай болып шығу керек. Хатшы телефон арқылы сөйлесуде сұхбаттасушы 
үшін маңызды жәйттердің барлығы яғни кездесу күнін, телефон номерін, тегін бірнеше 
қайталап сұрап алып нақтылап алған өте дұрыс. Ұйым туралы теріс түсінік қалыптасып 
қалмауы үшін өзімшілдік пен кері әрекетерді жиыстырып, бір уақыт қана болсын 
сыпайлық танытып қонақ үшін барлық жағдай жасаған орынды.
Қарсылық ретінде келесідей сөздер атау орынсыз, мыс: «Мен білмеймін», «Ешкім 
жоқ» деген сияқты сөз тіркестері. Хатшының міндеті өз орнын білу, қиын жағдайға тап 
болғанда ол: «Мен мұны сіз үшін нақтылап беремін, өтінем, кейінірек қайта 
хабарласыңыз» деген сөздермен жұмсақ жауап берген дұрыс. Мұнда телефон шалған адам 
әңгімені бірінші болып аяқтайды. 
Абонентті қабылдау бөлімімен байланыстыруда хаттамалық субординацияны 
сақтаған маңызды. Этикетке сәйкес үлкен адам телефон соққан кезде күтіп қалмауы керек, 
ал егер теңдей дәрежеде болса онда инициатордың өзі қоңырауды күтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет