Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет20/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Байланысты:
ДЭП-МО-31

Бекіту сұрақтары: 
1.
Халықаралық конференцияның қандай түрлері бар? 
2.
Халықаралық конференцияны ұйымдастыру жұмыстары қалай жүргізіледі? 
3.
Халықаралық конференцияның жұмыс тәртібі қалай анықталады? 
4.
Халықаралық конференцияның делегация мүшелерін отырғызу тәртібі қалай 
анықталады? 
 
№15, 16 дәрістер тақырыбы: 
Қонақжайлылық мәдениеті. Қонақ күту этикеті. 
Сағат саны: 
2
 
Дәрістің мақсаты: 
қонақжайлылық мәдениеті мен қонақ күту этикетіне сипаттама беру.
Терминдер мен анықтамалар.
Шетелдік делегацияны шақыру. Қабылдау бағдарламасы. 
Жалпы бағдарлама. Жұмыс немесе ішкі бағдарлама. 
Дәрістің топтама-тәсімі.
Шетелдік делегация сапарын ұйымдастырушылық-хаттамалық 
қамтамасыз ету. Шетелдік қонақтардың келу бағдарламасын даярлау. Делегацияны күтіп 
алу. Қонақтарды тұру мекен-жайына орналастыру.
Көптеген халықтың қонақ күтуге арналған дәстүрлері бар. Мәселен, сізді 
Жапонияда қонаққа шақырса, бұл үлкен құрмет. Себебі бұл елде үйлер өте кіші. 
Сондықтан да тек белгілі бір маңызды жағдайларда ғана қонаққа шақыру әдеті сақталған. 
Жапондықтарға қонаққа бара қалсаңыз, ас ішуге емес, салтанатты оқиғаның куәгері 
боласыз десек болар. Үйге кіре берісте ағаштан жасалған аяқ киім беріледі, оны шығарда 
ғана шешетін боласыз. Қонаққа сыйлық апару міндет. Жапондықтарда «Қонаққа қол - 
сыйлық әкелу үшін берілген» деген салт бар. Сыйлықтың да дұрыс болғаны жөн. Мейлі, 
сыйлық қандай болмасын, «Аз да болса көптей көріңіз» деп берсең құба-құп. Онда сізге де 
сыйлық дайындалып қоюы мүмкін. Сіз жәй ғана басыңызды изеп, сыйлықтың тым 
«қымбат» екенін айтып, алмауға шара жасайсыз, ал егер үй егесі сонда да қоймай 
алуыңызды талап етсе, алуыңыз керек. Мәселен, Иранда үй егесі қонаққа үш рет тамақ 
ұсынуы керек. Ал қонақ үш рет те бас тартуы тиіс. Малайзияда қонаққа міндетті түрде 
кофе, шәй және тәтті-пәтті ұсынылады. Мұнда үй иесі арнайы ұсынып айтпаса 
дастарханға қол тигізу - мәдениетсіздік. Боливияда қонақ күту салты тіпті қызық. Қонақ 
болып барсаңыз, сіз жалғыз тамақ ішесіз. Ал ортақ дастарханға тек жақын адамдар ғана 
отырады екен. Бұл қонақты тіпті де ренжітпеуі тиіс, себебі бұл дәстүр қонаққа деген 
ерекше құрметті көрсетеді-мыс. Ал Еуропаның көп бөлігінде қонаққа барғанда тамақты 
өзіңізбен бірге апарсаңыз дұрыс-ақ. Себебі Еуропада бірінші, екінші тамақ берудің 
орнына қолыңызға чипсы ұстатып, теледидар көргізіп қоюы да мүмкін. 
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық арналар 
бойынша сапардың басталуына дейiн кемiнде үш ай бұрын сапар мерзiмдерiн келiсудi 
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында шетелдiк делегацияның болу мерзiмi үш күнтiзбелiк 
күннен аспайды. Мерзiмдердi келiсу барысында делегацияның демалыс және мереке 
күндерi, сондай-ақ жарық күннен тыс уақытта келуi кездесу деңгейiнiң төмендеуiне әкелiп 
соғатынын ескеру қажет. 
Сапардың басталуына дейiн кемiнде екi апта бұрын Сыртқыiсминi мен мейман 
елiнiң тиiстi мекемелер жүйесi делегация мүшелерiнiң қызметiн көрсете отырып, 
делегацияның ат-атымен түпкiлiктi құрамын анықтайды. 
Қазақстан Республикасының есебiнен қабылданатын делегация мүшелерiнiң 
барынша көп саны - 12 адам. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы 
орналасуды, тамақтануды, көлiкпен қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi. 
Мұнымен қатар әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасы өзаралық 
принциптi негiзге алады. 
Сапар басталғанға дейiн кемiнде 15 жұмыс күнi бұрын Сыртқыiсминi Қазақстан 
Республикасы 
Президентiнiң 
Әкiмшiлiгiне 
шетелдiк 
делегацияның 
Қазақстан 


Республикасына сапары бағдарламасының жобасын, келiссөздердегi қазақстандық 
делегацияның кеңейтiлген құрамы тiзiмдерiнiң жобаларын, хаттамалық және өзге де iс-
шаралардағы құрамның жобаларын жолдайды. 
Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк хатшысымен кемiнде 10 жұмыс күнi бұрын келiсiлгеннен кейiн болудың 
толық бағдарламасы мен сапарды дайындау жөнiндегi хаттамалық-ұйымдастыру iс-
шараларының жоспары бекiтiледi. Iс-шаралардың бекiтiлген жоспары атқару үшiн 
Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, ведомстволары мен өзге де қызмет 
орындарына жiберiледi. 
Сапарды дайындау жөнiндегi iс-шаралар жоспары әдетте мыналарды қамтиды: 
- әуежайда қарсы алудың (шығарып салудың) хаттамалық-ұйымдастыру мәселелерi 
(жауаптылар: Сыртқыiсминi, астана әкiмшiлiгi); 
- Президент Сарайындағы қарсы алудың ресми рәсiмiнiң хаттамалық-ұйымдастыру 
мәселелерi (Хаттама қызметi, Iс Басқармасы, Республикалық ұлан ; 
- келетiн Мейманның жеке басының қауiпсiздiгi мәселелерi (Президенттiң Күзет 
қызметi); 
- жүру маршруттарын пысықтау (Сыртқыiсминi, Президенттiң Күзет қызметi, 
астананың IIБ МАИ-ы); 
- шетелдiк делегацияның сапарын қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар сметасы (Iс 
Басқармасы); 
- делегацияны орналастыру жоспары (Сыртқыiсминi, Iс Басқармасы); 
- мемлекеттер Басшылары арасындағы оңаша әңгiменi хаттамалық-ұйымдастыру 
мәселелерi (Хаттама қызметi, Iс Басқармасы); 
- кеңейтiлген құрамдағы делегациялар арасындағы келiссөздердiң хаттамалық-
ұйымдастыру мәселелерi (Хаттама қызметi, Сыртқыiсминi, Iс Басқармасы); 
- мемлекетаралық және үкiметаралық құжаттарға қол қою рәсiмiнiң хаттамалық-
ұйымдастыру мәселелерi (Хаттама қызметi, Сыртқыiсминi, Iс Басқармасы); 
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан ресми қабылдауларды (таңертеңгi 
ас, қонақасы) хаттамалық-ұйымдастыру мәселелерi (Хаттама қызметi, Iс Басқармасы); 
- тост мәтiндерiн дайындау (басу, аудару), (Хаттама қызметi, Сыртқыiсминi); 
- Даңқ Мемориалына гүл шоқтарын қою рәсiмiнiң және мәдени бағдарламаның 
хаттамалық-ұйымдастыру мәселелерi (Сыртқыiсминi, Республикалық ұлан, астана 
әкiмшiлiгi, болу бағдарламасына қатыстырылған өзге де ұйымдар мен мекемелер); 
- мемлекеттер Басшыларының атынан сыйлықтармен алмасу мәселелерi (Хаттама 
қызметi, Iс Басқармасы); 
- Мейман зайыбының (жұбайының) болу бағдарламасына байланысты iс-шаралар 
кешенi (Сыртқыiсминi, бағдарлама бойынша қатыстырылған өзге де ұйымдар мен 
мекемелер). 
Мейман 
зайыбының 
(жұбайының) 
Президент 
Сарайында 
болу 
бағдарламасының iс-шараларын Президенттiң Хаттама қызметi мен Iс Басқармасы 
қамтамасыз етедi. 
Сапардың басталуына дейiн кемiнде екi апта бұрын Қазақстан Республикасының 
Сыртқыiсминi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Хаттама қызметiне Мейман елi 
гимнiнiң партитурасы мен магнитофондық жазбасын, сондай-ақ туының үлгiлерiн (үлкен, 
автомобильдiк, үстел үстiне қоятын) және, егер ондай бар болса, Мейманның байрағын 
жiбередi. 
Сапардың басталуына дейiн кемiнде бiр апта бұрын Қазақстан Республикасының 
Сыртқыiсминi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен бiрлесiп, 
Мейман елiнiң қауiпсiздiк қызметi қызметкерлерiнiң арнайы радиожиiлiктерiн пайдалану, 
қару-жарақты алып кетуi мен алып жүруi мәселелерiн пысықтайды. 
Мемлекеттік деңгейдегі салатантты шараларды (мемлекеттік маңызы бар іс-
шаралар) жоспарлау және өткізу хаттама бөлімі басшысының құзырына кіреді. 
Церемониялар тәуелсіздік күнінен бөлек нақты даталарға байланысты өткізіледі. Мәселен, 
инаугурация (ұлықтау), ресми іс-сапарлар, мемлекеттік маңызы бар мерекелер және 


қайғылы жағдайлар жоғарыда аталған іс-шаралардың жоспары алдын-ала бірнеше апта 
немесе бірнеше ай бұрын жасалынады. Маңызды іс-шаралардың басым бөлігін 
ұйымдастыру барысында түрлі мекемелер арасындағы қызметті үйлестіру аса маңызды 
мәселе. Осы бағытта жоспарлау және үйлестіру мақсатында арнайы комитеттер құрылады. 
Әдетте, оларға полицияның (парковканы бақылау және жол жүру қозғалысын реттеу 
үшін). Армияның оркестр мен құрметті қарауылды құру үшін, баспасөздің, азаматтық 
биліктің, кеден қызметінің, миграциялық қызметінің, әуежайдың және басқа да маңызды 
құрылымдағы өкілдері кіреді.
Шет мемлекет басшысының, үкімет мүшелерінің немесе өзге де жоғарғы дәрежелі 
меймандардың іс-сапары кезінде сол мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің басшысы 
барлық ресми жиналыстар мен кештерге шақырылады.
Қазақстан Республикасының және іс жүзінде барлық егеменді елдердің 
мемлекеттік хаттамасы қалыптасқан дипломатиялық практика мен дәстүрлерге сәйкес 
мемлекет басшылығының қатысуымен өткізілетін ресми іс-шаралардың процедуралық 
ережелерін реттейді.
Мемлекеттік хаттама мемлекеттің ішінде және халықаралық деңгейдегі іс-
шараларды өткізу барысында біртұтас хаттамалық-ұйымдастырушылық нормаларды 
орнатады, хаттамалық ағалық рет қағидасын бекітеді. Өз кезегінде жоғарыда аталғандар 
хаттамалық іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру барысында барлық мемлекеттік 
органдар мен ұйымдар бірдей міндетті болып, осы шаралардың жүзеге асыруға 
тартылады. Мемлекеттік органдардың Мемлекеттік хаттаманы сақтауы мен орындауын 
қадағалау Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі. 
Іскерлік келіссөздер - мүдделі тараптар арасындағы қарым-қатынас процесінде 
келісілген шешім қабылдаудың негізгі құралы, іскерлік келіссөздер - бұл кездесудің 
ерекше формасы. Бірқатар ерекшеліктері бар: 1) әрқайсысы өз мүдделерін көздейтін 
іскерлік келіссөздерге кемінде екі тарап қатысады; 2) мүдделер келіссөздерінің 
нәтижелерін келісу – олардың басты мақсаты; 3) Келіссөздер аяқталғаннан кейін нәтиже 
міндетті түрде заңды құжатта жазылады. 
Сыртқы iстер министрлiгi сапарға дейiн кем дегенде 12 жұмыс күнi қалған 
мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне (бұдан әрi - Президент 
Әкiмшiлiгi) 5-қосымшаға сәйкес сұхбаттар мен келiссөздерге қатысты материалдарды 
жiбередi. Қазақстандық тараптан келiссөздерге қатысушылардың құрамы жөнiндегi 
ұсыныстарды Сыртқы iстер министрлiгi енгiзедi және Президент Әкiмшiлiгi бекiтедi. 
Президенттiң келiссөздер жүргiзу тәртiбiн Президенттiң Протоколы анықтайды. 
Шағын топтағы келiссөздер (тараптардың келiсуi бойынша бiрге бiр кездесуi өткiзiлуi 
мүмкiн) әрбiр тараптан 2-3 ресми адамдардың қатысуымен өткiзiледi (олардың қатарына, 
әдетте, екi мемлекеттiң сыртқы iстер министрлерi, мемлекеттер басшыларының 
көмекшiлерi, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы елшiсi және Қазақстан 
Республикасының мейман елiндегi елшiсi кiредi). Келiссөздердiң ұзақтығы 30 минуттан 
бастап 1 сағатқа дейiнгi уақытты құрайды. Протоколдық суретке түсу көзделедi (2-3 
минут). Келiссөздер барысында шай, кофе, сусындар берiледi. 
Кеңейтiлген құрамдағы келiссөздер 1+10 үлгiсi бойынша өтедi (тараптардың, 
келiсуi бойынша қатысушылардың ауқымы өзгертiлуi мүмкiн) және 30 минуттан 50 
минутқа дейiн созылады. Протоколдық суретке түсу көзделедi (3-5 минут). Келiссөздер 
барысында шай, кофе, сусындар берiледi (келiсiм бойынша). 
Әуежайда мейманды шығарып салу рәсiмiне Сыртқы iстер министрi (Министрдiң 
орынбасары), бекiтiлген лауазымды тұлға, мейман елiнiң Қазақстан Республикасындағы 
елшiсi, Қазақстан Республикасының мейман елiндегi елшiсi және қала әкiмi (әкiмнiң 
орынбасары) қатысады. 
Мейман әуежайға келiсiмен қысқаша сұхбаттасу үшiн Сыртқы iстер министрiмен 
(Министрдiң орынбасарымен) бiрге VIР бөлмеге өтедi. 
Осы уақытта мейман елi делегациясының мүшелерi ұшу алаңына өтедi және екiншi 
басқыш бойынша ұшаққа көтерiледi. 


Қысқаша сұхбаттасудан кейiн мейман Қазақстан Республикасы делегациясының 
мүшелерiмен қоштасады, кiлемше жол бойымен басқышқа өтедi, аталған жол бойында 
құрметтi қарауыл сап түзеп тұрады. Басқыш жанында қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз 
мейманға гүлдер тапсырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет