p.r.(pour remercier) – алғыс айту, игілікті білдіру. Қандай да бір көрсеткен көмегіне,
көңіл айтумен, құттықтауы үшін ризашылығын білдірген жағдайда
қолданылады;
p.f. (pour feliciter) – құттықтау, тілек білдіру.
p.c. (pour condoleance) – көңіл айту.
p.p. – жаңадан келген дипломатиялық тұлғаның сырттай таныстырылуы (жаңадан
келген дипломаттың визит карточкасы дипломатиялық өкілдік басшысының визит
карточкасымен қоса жіберіледі).
p.f.c. – таныстырылғанға қанағат ету.
p.p.c. – сырттай қоштасу (қабылдаушы мемлекеттен мүлдем кеткен уақытта жеке
кездесудің орнына).
p.f.N.A. – Жаңа жыл мерекесімен құттықтау.
Ресми жағдайларда әсіресе отандастармен қарым-қатынастарда іс-шараға
байланысты толықтай жазу қарастырылады. Мысалы, «мерекемен құттықтайды»,
«назарыңыз үшін ризашылығын білдіреді», «шынайы ниетпен» (гүл, сыйлық, кәде-сый
жібергенде).
Кейде визит карточкасымен бейресми, достық қабылдауға да шақырады.
Сондықтан келесі бетінде шақырылатын қонақтың толық аты-жөні жазылады және
қабылдау түрі мен орыны, уақыты, мерзімі көрсетіледі. Ал осылардың ішінде
сыпайылықты білдіретін осы шараға арнайы дайындалып шақыру қағазын жіберу
әдептілікті білдіреді.
Мекен-жайы немесе статусы өзгерген жағдайда карточка иесі жаңа
реквизиттерімен визит карточкасын жаңартып қайта жібереді. Егер визит карточканы
иесінің өзі визит жасамай басқа адам арқылы жеткізіп берсе, онда оның оң жақ бұрышы
бүктеліп беріледі.
Карточка иесі өзі жеке жеткізіп берген жағдайда, онда оның сол тұлғаға деген
құрметін білдіреді бірақ оны тікелей қолына тапсыруға болмайды. Шабарманмен
жіберілетін визит карточканы аты-жөні мен лауазымның мекен-жайын көрсетіп арнайы
конвертке салып жібереді. Онда бірнеше сөздер жазуға болады. Бір конвертке бірнеше
тұлғалардың визит карточкаларын салуға болады. Визит карточкаға жауап оны алған
кезден бастап 24 сағат ішінде беріледі.
Ерлі-зайыптылар үйінде үйленбеген ер адам екі визит карточка тастап кетеді,
біреуін еріне, екіншісін жұбайына ұсынады. Ерлі зайыптылар қонаққа барғанда сол үйдің
қожайындарына өз визит карточкаларын еріне және жұбайына береді. Ал әйел адам
бойдақ ер адам үйіне қонаққа барғанда визит карточкасын тастамайды.
Ұлттық немесе басқада мерекеге байланысты ұйымдастырылған іс-шараларда
визит карточкалармен бірінші болып қабылдаушы елде қызмет атқаратын дипломатиялық
тұлғаларды құттықтайды. Танысуда ресми статусы мен лауазымы төмен адам бірінші
болып визит карточканы береді. Ал егер серіктестер теңдей дәрежеде болған жағдайда
жасы кішісі карточканы бірінші болып ұсынады. Сонымен қатар танысуда серіктес танысу
карточкасын (мекен-жайы, телефоны мен қызметтік жағдайы көрсетілмеген) берсе, онда
ол байланыстың жалғасуын қаламаған болып саналады. Ол адамнан қосымша
координаттарын жазып беруді өтіну әдепсіздік.
Визит карточкасын қабылдай отырып оған сыйластықпен қарап толықтай оқып
шыққан дұрыс. Тұрмыстағы әйел адаммен танысқаннан кейін ер адам бір апта ішінде оған
және оның зайыбына өзінің визит карточкасын жіберуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: