Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет33/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
ДЭП-МО-31

Бекіту сұрақтары: 
1.
Интеграцияның шарттары мен факторлары қандай? 
2.
Интеграциялық үрдістер толқыны мен кезеңдерін атаңыз? 
3.
Әлем елдерінің басты экономикалық бірлестіктері туралы не айтасыз?
4.
Аймақтық интеграциялық бірлестіктер қызметі қандай? 
 
№29, 30 дәрістер тақырыбы: 
Хаттамлық тәжірбиенің және іскерлік қарым-қатынастың 
ұлттық ерекшеліктері.
 
Сағат саны: 
2
 
Дәріс мақсаты: 
Хаттамлық тәжірбиенің және іскерлік қарым-қатынастың ұлттық 
ерекшеліктеріне талдау жасау. 
Дәрістің топтама-тәсімі.
Шет елдердің мәдениетін, салт-дәстүрін білу дипломат кәсібінің 
міндеті. Іс-қимыл стереотипі. Вербалды емес қарым-қатынастың ерекшелігі. 
Кез келген халықтың өз ғұрпы, дәстүрлері, өзінің мәдениеті, мемлекеттік және 
саяси құрылысының ерекшеліктері бар. Бұл, келіссөздер жүргізуге белгілі бір әсерін 
тигізеді. Ұлттық стиль, елдердің бүкіл өкілдері үшін әрқашан да тән бола бермейтін, 
келіссөздер жүргізудің неғұрлым кең таралған ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл – 
келіссөздердегі мінез-құлықтың болуы мүмкін типтері. 
Соңғы жылдары әлемде ұлттық шекаралардың белгілі көмескіленуі жағдайында 
келіссөздердің қарқындылығы орын алуда. Келіссөздер тәжірибесінде ұлттық стильдерді 
өзара пайдалану байқалады. Нәтижесінде әлемде өзінің мінез-құлық ережелері бар, 
келіссөздерге қатысушылардың ерекше субмәдениеті қалыптасуда, бұл қабылданған 
ұлттық нормалардан елеулі түрде өзгешеленеді. Осындай субмәдениет басты түрде, 
кімдер келіссөздерге тұрақты қатысады, соларда, мысалы, дипломаттарда қалыптасуда. 
Америкалықтар бүкіл әлемде келіссөздер жүргізудің әртүрлі стильдеріне маңызды 
түрде ықпал етеді деп санау қабылданған. 
Келіссөздер жүргізудің америкалық стилін жоғары кәсібилік ерекшелеп тұрады. 
Америкалықтар келіссөздер тақырыбы тәжірибесі бойынша әрқашан да аса білікті. 
Шешімдер қабылдау кезінде америкалық делегациялардың жоғары дербестігі назар 
аудартады. Олармен келіссөздерде, америкалықтар өз елінің өте шынайы және жалынды 
патриоттары екенін есте ұстау пайдалы болып саналады. Олар өз атына ешқандай сынды 
қабылдамайды. 
Қандай да бір мақсаттарға қалай жетуге болады деген мәселе, америкалық 
келіссөздерге қатысушылар үшін шешуші, негізгі болып табылады. Утилитаризмге дейін 
баратын, аса прагматиктік, дәстүрлерді елемеу олар үшін тән деуге болады, аталмыш 
сөздің күші – кез келген істің ұйымдастырылуын пысықтауға мұқияттылық, талдауға 
мұқияттылық, орындалуын асқан дәлдікпен тексеру, ұсақ-түйекке баса назар аудару, 
қысқа және анық айту, сындарлылық деуге болады. 
Кез келген мәселелерді шешу кезінде олар, жалпы көзқарастарды ғана емес, 
сонымен бірге келісімді жүзеге асырумен байланысты, оның бүкіл егжей-тегжейін 
талқылауға ұмтылады. Олар өзінің серіктесі үшін қажетті нәтижені тұжырымдауға өте 
ілтипатты және өзінің тұжырымы туралы оған хабардар етеді. 
Америкалықтар барлығына тез әрекет етеді және серіктесінен де соны талап етеді. 
Олар тым қайсар, табанды және тіпті, агрессивті немесе жай түрде дөрекі серіктестер 
деген әсерге әкеледі. Керісінше, жақсы көңіл-күйде болу, ашықтық, жігерлілік және 
тілектестік олар үшін тән болып саналады. Олар келіссөздер жүргізудің тым ресми емес 
жағдайда болуына артықшылық береді. 
Күшті позиция әдетте, америкалықтарға тән және бұл өзін қайсар, аса табанды 
көрсетуге мүмкіндік береді. Олар келіссөздерде өз мақсаттарын жүзеге асыруға табанды 
түрде ұмтылады. Саудаласуды өте жақсы көреді. Шешімді түрде тегін ештеңе жасамайды. 
Кез келген мәселені іс жүзінде шешу кезінде оқиғаның дамуын алдын ала болжауға, 
топшылауға тырысады. 


Кез келген алдын ала болжап білуге болмайтын мән-жағдайларды америкалықтар 
аса жағымсыз түрде қабылдайды. Олар бәрін есептеу-ге, тәуекелдің үлесін ескеруге 
үйренген. Алдын ала болжап білуге болмайтын мән-жағдайларды олар, не серіктестің 
білікті еместігінің нәтижесі ретінде, не адал емес ойын ретінде саралайды. Жоғарыда 
айтылғандардың екеуі де оларға жиіркенішті әсер етеді. 
Егер осы мәселе бойынша келісімге қол жеткізілсе, америкалықтар келіссөздерді 
баспасөзде көрсетуге үлкен мән береді.
Әлемде, олардың америкалық әріптестері сияқты, ағылшындық келіссөздерге 
қатысушылар, ең біліктілердің бірі болып саналады. Оларды өте жоғары кәсіби деңгей 
өзгешелеп тұрады. Олар тауарлар мен қызметтер көрсету нарығындағы жағдайды мұқият 
талдап, қысқа мерзімді және орта мерзімді болжамдар жасай біледі, бірақ экономикалық 
факторлардан өзге әлеуметтік, саяси және жалпыәлемдік факторлар аса зор маңызға ие, 
ұзақмерзімді болжамдар жасау бойынша америкалықтарға жол береді. 
Олар – аса жоғары дайындыққа ие, білімді, көп оқыған (эрудициялы) кәсібилер. Әрі 
қате жіберуге және білімсіздікке жол бермейтін, байқағыш, тамаша психологтар 
(әлеуметтік психология – оқыту бағдарламасындағы аса маңызды пәндердің бірі). 
Іске конъюнктуралық көзқарас, процессуалдық эмпиризм, келіссөздерге қатысатын 
ағылшындарға тән болып саналады. Олар істің мән-жайы тез арада келетін пайда туралы, 
жылдам пайда әкелетін мәмілелер жасау туралы болып отырған кезде, аса табандылық, 
қайсарлық көрсетеді және кем дегенде, 5-10 жылдан кейін қайтарымы болады деп 
күтілетін салымдарға (қаржы жұмсауға) өте ықылассыздық танытады. Бұл ретте 
серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға аса позитивті көзқарас білдіреді. 
Олар келіссөздерге дайындық мәселелеріне аз дәрежеде назар аударады. 
Келіссөздерде серіктестің позициясына қатысты ең жақсы шешім табылады деп 
жорамалдай отырып, оған көбірек прагматикалық көзқарас танытады. Бұл ретте олар өте 
икемді. 
Келіссөздерді ауа райы, спорт, балалар проблемаларын талқылаудан бастау, 
ағылшындарға тән болып саналады. Келіссөздерде «өгіздің мүйізінен ұстауға» 
артықшылық беретін америкалықтардан өзгешелігі, ағылшындармен келіссөздер 
жүргізуді, талқыланатын тақырыптан емес, таза күнделікті өмірде толғандыратын 
мәселелерден бастаған ең дұрыс болады. Таза адами факторлардың олар үшін аса үлкен 
маңызы бар. Сондықтан осы минуттарда оларды өз жағына аударып алу және олардың 
серіктестері үшін жалпыадамзаттық құндылықтар, егер коммерциялық мүддеден жоғары 
болмаса да, оған тең екенін оларға көрсете білу өте пайдалы болып саналады. Соған 
қарамастан, америкалықтар сияқты олар келіссөздерде негізінен, қатаң позицияны 
ұстанады. Өз мүдделерін тиімді көрсете біледі және өз мүдделерін табанды қорғай алады. 
Олар қабылдайтын шешімдердегі тәуекел дәрежесі негізінен, өте аз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет