Дәрістің топтама-тәсімі.
Диппломатиялық этикет. Қызметтік қарым-қатынас этикасы.
Өін-өзі ұстау мәдениеті және мәнері.
Лауазымды тұлғаның сыртқы келбеті сол жағдайдың сипатына, орнына, уақытан
сәйкес болуы керек. Бұрынғы кездері адамның сыртқы келбеті әлеуметтік статусына қарай
сәйкес анықталатын. Бұл талап лауазымды тұлғалардың да
жұбайыларына қатысты
болатын. Мысал ретінде Турин сарайындағы француз елшісі маркиз де Рюминьнің әйелі
сардин этикеті бойынша тек қана патша әулетінен шыққан ханшайымдар киетін бас
киіммен келген. Мұнда француз елшісі әйелінің бұл әрекетін соғыс ашуға сылтау белгісі
деп бағалаған. Сондықтан жағдай ушықпас үшін француз сарайы өз дипломатын кері
шақыруға мәжбүр болды.
«Әрбір шенеуік өзінің қызметтік жағдайына сәйкес ешкімнен кемде емес артық
емес лайықты киінуі тиіс» деген талапты І Петр «Рангілер туралы табель» енгізіп
жетілдірген. Кейінірек бұл ережелер шенеуіктердің әйелдеріне де таралған болатын. Ресей
үкіметінде 1742 ж жарлық шығарды, онда «алғашқы бес топтағы ерекше тұлғаларға» ғана
жібектен, паршадан, өрнектен жасалған киім үлгілерін киюге рұқсат берілді. Оның үстіне
Батыста қатаң тәртіп сақталған: егер адам клерк болып орналасса,
ол клерк сияқты киінуге
тиіс. Керісінше жоғарғы қызметке үміттенсеңіз, онда жұмысқа алушы алдында қымбат
костюмде келуге тырысыңыз.
Тағы бір айта кететін жайт бағынушының гардеробы басшысына қарағанда қымбат
киімдерден тұрмауы тиіс. Бұл жазылмаған ережелер шет елдік әріптестердің
түсінбеушілігін туғызуы мүмкін. Әрбір мекеме мен ұйымда және әрбір кәсіпте қызмет
барысында қалай киініп тұру, жүру керектігі жөнінде
ережелер мен ой пікірлер
қалыптасады. Ресми тұлғаның костюмін реттеу моральды-этикалық жоспар арқылы
баяндалады. Лауазымды тұлға жалпыға бірдей ережелерді сақтай отырып, хаттамалық іс-
шаралар мен қоршаған ортасына деген құрметін көрсетеді. Осындай шарттарды елемей
оларды өз деңгейінде орындамау әдепсіздіктің белгісі. Мұндай әрекетке мысал болатын
Ресейдің саяси тәжірибесінде 1998 жылы Мәскеуге Әзірбайжанның президенті Г.Алиев
ресми іс-сапармен келгенде оны әуежайда Ресейдің үкімет төрағасының бірінші
орынбасары Немцов күтіп алған. Ол хаттамалық
қызмет нұсқауларына қарамастан,
әуежайдағы кездесуге клубқа киетін пиджак пен ақ шалбармен келген, сонда қарсы алушы
ресей шенеуіктерімен қатар қонақтарды да таң қалдырып, келген делегация тарабы реніш
білдірген деседі.
Әрине сыртқы көрініс мәдениеті киім мәдениетімен шектелмейді. Дегенмен де
орынды таңдалынған ресми-іскерлік костюмге кез-келген жерде орын беріліп және сіз
туралы жақсы ой-пікірлер қалыптасып «ол адам маған бір көргеннен ұнады» деген сияқты
бағалауларға қол жеткізесіз. Сондықтан ресми тұлға өз гардеробын реттеуде жетекшілік
ететін бірнеше негізгі ережелерді есте сақтаған жөн.
Ресми-іскерлік қарым-қатынас үшін киілетін костюм жоғары сапасымен қатар
консервативтілігімен
айрықшалануы
тиіс.
Костюмнің
элеганттығы
оның
қарапайымдылығында. Дрэс-этикет мамандары киімнің
қандайда да бір ұсақ
элементтерінің өзі көзге түспейтіндей көрініс беруі қажет дейді. Егер сіздің
галстугыңызды мақтаса, онда бұл галстук әдемірек болғаны. Костюм қожайынның жалпы
орнықтылығын білдіреді.
Әрине ресми және зайырлы костюмде этникалық белгілері байқалады. Әсіресе бұл
африкандық, шығыс саясаткерлері мен бизнес өкілдерінің киімінде көзге түседі.
Киімдегі ескішілдік мүлдем сән үлгілерін елемегендік емес. Бірақ оның ықпалы
функционалды болып келеді. Ресми тұлға үшін оның костюмінің сән үлгісіне сәйкестігі
емес керісінше оның шаш түсімен үйлесіп, денесіне қонымды болғаны маңыздырақ. Егер
ол соңғы сән үлгілеріндегі киім болса, тіпті жақсы болады.
Жазғы және күндізгі уақыттарда ашық түсті
костюм және көйлектер қолайлы, ал
кешкі уақыттарға қара тҥсті киімдер үйлесімді. Ұлттық мереке және мемлекет, үкімет
басшысы немесе министр құрметіне ұйымдастырылатын кештен бөлек кешкі 20:00-дейін
ұйымдастырылатын ресми қабылдауларда ер адамдарға кез-келген ашық түсті емес
костюмдер киюге рұқсат етіледі. Ал кешкі 20:00-ден кейін ұйымдастырылатын кештерге
қара және қою көк түсті костюмдерді киюді ұсынады. Жейде ақ түсті және галстук
костюм түсіне сәйкес келу керек, яғни түстердің өзара үйлесімдігін сақтаған жөн. Қара
галстукты әдетте қаралы күндері тағады.
Кейде қабылдауға шақырғанда «Black tie» - «қара галстук» және «White tie» «ақ
галстук» деп қыстырып жазып жібереді. Біріншісі кешке смокинг түріндегі костюмде келу
керек болса, екіншісі фрак түрінде киіну керек деген. Шет елде жұмыс жасайтын
дипломаттардың гардеробында
осы аталған киімдер болуы тиіс, өйткені бұл костюмдер
жұмыс барысында әйтеуір бір қажеттілікке асады.
Смокинг –
салтанатты қабылдауларға арналған. Атласты жағалы пиджактан және
атласты лампасты шалбардан тұрады. Бұл костюм Англияда темекі шегу үшін клуб
костюмі ретінде пайда болған. Жұмсақ матадан тұратын жағасы мен өңіріне темекі күлі
жабағыланып түсу үшін арнайы атластан жасалады. Негізгі атрибуттары атласпен
көмкерілген түймелер және қара кең белбеу. Смокингке көбелек-галстук тағылады немесе
галстуксыз қара түймемен киеді. Көбелек галстукпен әдетте тік жағалы жейде киеді. Жең
ілгектер тастардан жасалады, смокингті кигенде түймелерін
іліп те қоюға болады немес
ілмей-ақ киюге де болады. Смокингтің классикалық түсі ақ және крем түсті ақ болып
келеді.
Фрак –
ерекше салтанатты қабылдауларға арналған. Оған қолмен байланылған,
крахмалданған манишка, тік жағалы, ақ жилет, ақ көбелек-галстукпен және қара лакталған
туфли, ақ биялай киеді. Фрак жилетінің түймелері әрдайым ілініп тұрады. Кеудедегі
қалтада қол орамал болады және алқаға ілінген қалта сағаты жүреді.
Халықаралық хаттамалық тәжірибеде соңғы уақытта фракты Нобель сыйлығын
алатын кезде
және король қабылдауларында, Ла-Скалада қойылым премьерасында және
елшілер грамота тапсыратын кезде киеді. Отандық хаттама бойынша ресми іс-шараларға
әдетте классикалық костюм кию ұсынылады. Ресми жағдайда ер адамның пиджак
түймелері ілулі болуы тиіс, тек түймелеріңізді қабылдау кезінде дастархан басында және
креслоға отырған кезде ағыта аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: