Бекіту сұрақтары: 1.
Интеграцияның шарттары мен факторлары қандай?
2.
Интеграциялық үрдістер толқыны мен кезеңдерін атаңыз?
3.
Әлем елдерінің басты экономикалық бірлестіктері туралы не айтасыз?
Аймақтық интеграциялық бірлестіктер қызметі қандай?
7. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық. Семинар сабақтарын
бағалау критерийлері: Әр семинар жұмысындағы жұмысы үшін балл студенттің белсенділігін, жауаптың
толықтығын, дұрыстығын және жауабының логикалық құрылымының сақталуын, нақты
мысалдар келтіруін, ұсынылған ғылыми әдебиеттерді және өзекті дереккөздерін
қолдануын есепке ала отырып қойылады.
Барлық семинар сабақтары аяқталған соң студенттің орташа балы шығарылады.
Студент кез-келген себеп бойынша семинар сабақтарының 50% және одан да көп жіберген
жағдайда қорытынды бағадан балл шегеріледі.
Әр студенттің жауабы 100% көрсеткішпен бағаланып, қорытынды баға аталған
курстың дәріс сабақтарына қатысуы мен ОСӨЖ сабақтарына жауап беруі ескеріле
отырып, орташа көрсеткіш шығарылады.
№1 практикалық сабақ Тақырыбы: Этикет - адамзат қарым-қатынасының әліппесі
Сағат саны: 1
сабақтың мақсаты: халықаралық қарым-қатынастағы этикет түсінігін ұғыну.
негізгі сұрақтар, тапсырмалар :
1. Дипломатиялық хаттама және этикет түсінігі. Этикет және адамзат қарым-қатынасының
тарихи тәжірибесі.
2. Этикеттің негізгі деректері және ережелері
. 3. Этикет ережелерінің пайда болу тарихы.
4. Этикет ережелері және орта.
5.Этикет, кәсібилік және мансап.
әдістемелік нұсқаулықтар: қарастырылатын сұрақтар бойынша әр студент шағын
конспект дайындауы тиіс.
өткізу формасы: баяндама