Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет31/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
ДЭП-МО-31

Бекіту сұрақтары: 
1.
Іскерлік киім үлгісінің ерекшеліктері қандай?
 
2.
Іскерлік киім үлгісі қашаннан бастап қалыптасты?
 
3.
Іскерлік киім үлгісіне қандай факторлар ықпал етеді?
 
4.
Іскерлік костюмнің қандай түрлерін ажыратуға болады?
 
 
№26 дәрістің тақырыбы: 
Дипломаттың киім үлгісі
 
Сағат саны: 
1
 
Дәрістің мақсаты: 
Дипломаттың киім үлгісіне сипаттама беру.
 
Терминдер мен анықтамалар.
Сыртқы бейне. Келбеті. Киім үлгісі.
Дәрістің топтама-тәсімі.
Ресми тұлғаның сыртқы бейнесі. Дипломаттың киім үлгісі 
(күнделікті және хаттамалық). Ресми шараларға қатысушыларға қойылатын хаттамалық 
талаптар. 
Күнделікті қызметтік қызмет шеңберлерінде дипломатиялық қызметкерлер 
саясатқа араласады, саясатпен айналысады. Олар халықаралық және мемлекетаралық 
қатынастардың белсенді қатысушылары болып саналады, олардың жеке әлеуметтік-саяси 
бағдарлары бүкіл шешімдер мен олардың қылықтарынан көрінеді. Соған қарамастан, 
дипломатиялық аппарат қызметкерлерін, дипломатиялық қызмет қызметкерлерін толық 
мағынасында саясаткерлер деп санауға болмайды. Дипломатиялық қызметкер, ең 
алдымен, дипломатия мен халықаралық қатынастар, осы қатынастарды қалыптастыру 
және реттеу аясындағы кәсіби-менеджер. Ол өз мемлекетінің сыртқы саясатының 
қағидаттары мен ерекшеліктерінің нәзік қырларын білуі, халықаралық істерде кәсіби 
болуы, келген елдің тілін білуі, конференцияларда және қабылдауларда сөз сөйлей білуі, 
әртістермен, жазушылармен, ғалымдармен ортақ тіл табыса білуі тиіс әрі ақпаратты 
талдай білуге, әңгімелесулер жазбасын дұрыс ресімдей білуге міндетті. Оның жұмысы – 


мемлекетаралық келіссөздерге қатысу ғана емес, кездесулер, әңгімелесулер мен 
қабылдаулар ғана емес, ең алдымен, оның жұмысы – талдау және ұйымдастыру жұмысы, 
ақпараттар іздеу және оны жинақтау, ұсыныстар дайындау және белгіленгендердің 
уақытылы және сапалы орындалуына жедел бақылауды жүзеге асыру. Алынған 
ұсыныстар мен осы ақпараттар базасында, шешімді «А» санатындағы мемлекеттік 
лауазымдағы саясаткерлер қабылдайды. 
Дипломатиялық қызметтегі қызметкер – мемлекеттік шешімді әзірлейтін және 
жүзеге асыратын нақты үдерістің қатысушысы, ол қолданыстағы заң және мемлекеттің 
сыртқысаяси доктриналары, алынған ұсынымдар, қолданыстағы ережелер мен 
нұсқаулықтар шеңберлеріндегі міндеттерді атқарады. Оның әрбір әрекеті халықаралық 
құқық пен қазақстандық заңнама нормаларына сәйкес келуі, елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуы үшін ең жақсы жағдайлар жасауға оң ықпал етуі тиіс. 
Дипломатиялық жұмыстың, адам қарым-қатынастарының ең күрделі, өзгермелі 
және жауапты салаларының бірі саналатындығы, әрқашанда қоғамдық-саяси негізгі 
назарда болатындығы, дипломатиялық қызметкер мамандығының ерекшелігі болып 
табылады. Ол көптеген арнайы ғылымдардың – тарих пен экономиканың, халықаралық 
қатынастар мен мәдениеттің, құқық пен информатиканың, демография мен 
әлеуметтанудың, логистика мен экологияның, елтану мен тілтанудың пәні болып 
саналатын, адам қызметінің көптеген түрлерін өзінде біріктіреді. Бұл дегеніміз, 
дайындығы нашар қызметкерлер, дүмшелер сыртқысаяси істермен айналыса алмайды 
және айналысуға тиіс емес дегенді білдіреді. Дипломатиялық қызмет – бұл білікті және 
сауатты мамандардың, терең ғылыми даярлығы, өмірлік көп тәжірибесі бар, халықаралық 
аренада Қазақстанның мүдделерін лайықты және беделді түрде көрсете алатындай, соған 
дайын адамдардың ісі. 
Әрбір дипломатиялық қызметкер, оның қызмет орнына (өз елінің астанасы, 
шетелдегі құрылым), уақытқа (қызметтік немесе жұмыстан тыс), қызмет сипатына (ресми 
сөйлеген сөз, протоколдық қабылдау, дипломатиялық әңгімелесу немесе спорттық іс-
шаралар) қатыссыз, төңірегіндегілердің көз алдында мемлекет өкілі, сыртқы 
ведомствоның жауапты қызметкері болуын тоқтатып қоя алмайды. 
Өйткені оның кәсіби-іскерлік қана емес, сонымен бірге азаматтық, дүниетанымдық, 
моралдық сапалары да соншалықты маңызды. Бірінші кезекте, олардың қатарына: 
1. Қазақстанның сыртқысаяси бағытының мақсаттарын, міндеттерін және 
ерекшеліктерін терең түсіну, өз елінің ұлттық мүдделерін табандылықпен қорғаудағы 
саяси және азаматтық сенімнің жоғары деңгейі; 
2. Оқиғалардың дамуын стратегиялық тұрғыдан топшылай білу, қолданылатын 
әрекеттердің салдарын көре білу, ахуалдың даму үрдісін дәл болжай алу, оны қажетсіз 
бағытқа өзгеруге ескерту жасай білу қабілеті; 
3. Жазбаша түрде, сол сияқты ауызша түрде, ойын сауатты, тапқырлықпен және 
сендіретіндей етіп жеткізе білу, қызметтік міндеттер шеңберіне кіретін мәселелер 
бойынша білікті ұсынымдар әзірлей білуге қабілеттілік; 
4. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды білу, оларды күнделікті жұмыста 
пайдалана білу; 
5. Зеректік, қырағылық, ең бастыны және айқындаушыны көре білушілік, алынған 
мәліметтерді сыни бағалай алуға, оқиғалар мен фактілердің жасырын байланысын 
анықтауға қабілеттілік және соның негізінде дұрыс қорытындылар жасау және сындарлы 
ұсыныстар тұжырымдау; 
6. Есеңгіретуге беріктік, өзін-өзі ұстай білуін жоғалтпай, төтенше жағдайларда 
жұмыс жасай білу; 
7. Басымдықтарды анықтау, мақсаткер болу, шығармашылықпен жұмыс жасау 
қабілеті; 
8. Жинақылық, ұйымшылдық, берілген тапсырманы жедел және сапалы орындау 
үшін, берілген уақытты ұтымды пайдалана білу;


9. Жауапкершілік, проблемаларды өз бетімен объективті талдай білу, шешімді 
көбінесе, өзінің жеке жауапкершілігімен қабылдау (Бұл сапа, әсіресе қиын, өзгеше 
жағдайларда құнды) жатады. 
Дипломатиялық қызметке тұру кезінде қызметкер, мектептегі, жоғары оқу 
орнындағы алған білімі, жастар арасындағы белгілі бір қоғамдық-саяси белсенділігі 
нәтижесінде қандай да бір шекте ілгеріде айтылған сапаларға ие болуы тиіс. Алайда, 
дипломатиялық қызметтің өзінде тәжірибеден өту үдерісінде ғана оларды нағыз 
тәрбиелеуге болатыны анық болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет