№24 дәрістің тақырыбы:
Сыйлықтар мен кәдесыйлар
Сағат саны:
1
Дәрістің топтама-тәсімі.
Екі мемлекеттің басшылары арасында сыйлықпен алмасу
– ертеден қалыптасып келе жатқан дәстүр. Осылайша, африкалық мемлекеттерде пілден
және асыл тастардан жасалған бұйымдарды, Иранда – әлемге әйгілі кілемдерін, араб
мемлекеттері мен Орталық Азия елдерінде – асыл тұқымды аттарды сыйға тарту етеді.
Барлық елдерде де алтын және күміс бұйымдары сыйға жүрген. Батыс мемлекеттерінде
тұрақты қалыптасқан дипломатиялық дәстүр негізінде сыйлық қоры бар. Италиялық
басшылар өздерінің атақты мүсіншілері Микеланджело
Буаноротти және Бенвенуто
Челлини жұмыстарының күміс көшірмелерін сыйға тартады. Ал ағылшын премьер-
министрлерінің меймандары үшін арнайы британдық символикамен ыдыс шығарылған.
Ежелгі Қытай нақыл сөзінде «Кімде кім сыйлай білсе – сол өмір сүре біледі» дейді, сол
арқылы адаммен қарым-қатынастағы сыйлық алмасу мәдениетінің айрықша
маңыздылығын бөліп көрсетеді. Хаттамалық қызметте мұндай іс-шараларға сылтай
ретінде мерейтойлар, еске алу күндері, шет елдік делегациялардың іс-сапары, туылған
күндер мен үйлену тойларын айтуға болады. Кәдесыйлармен
алмасу қандайда бір
маңызды жұмыс, келісім-шарт немесе келісім-шартқа отырудың сәтті аяқталғанын
білдіреді. Көптеген елдерде Рождество және Жаңа лы мерекесіне орай кәдесыйлар жіберу
(құттықтау ашық-хаттарымен бірге) дәстүрі қабылданған.
Сыйлық – бұл әр уақытта құрмет көрсету символы, өзінің құрмет сезімін білдірудің
өзіндік формасы. Сыйлықты таңдауда серіктеспен қарым-қатынас қандай деңгейде
екендігі, сонымен бірге оның кәсіптік және жеке қызығушылықтарының сипатына қарай
таңдаған жөн. Шет елдіктермен қарым-қатынаста олардың елдерінің мәдени дәстүрі
назарға алынады.
Сыйлық таңдаудың ең ерекше сәт оның құнының қандай мөлшерде болуы.
Серіктесіңізге қымбат тұратын сыйлық алып берсеңіз, оны ыңғайсыз жағдайға
қалдыруыңыз мүмкін. Мәдениетті адам жауап ретінде сіздің сыйлығыңызға тең
келетіндей дәрежеде сый көрсетуге тырысып бағады, бұл ол үшін
кейде қиындық
туғызады деуге де болады. Оған қоса бірқатар елдерде лауазымды тұлғаларға белгіленген
соммадан асқан бағада сыйлықтарды қабылдауға заң тиым салады. Бұл мәселеде әсіресе
АҚШ өкілдері сақтық танытады. Бұл елде Л.Джонсон президенттігі кезінен бастап-ақ
мемлекеттік шенеуіктердің мінез-құлық этикасының кең спектрін реттейтін
«Қызметкерлердің этикалық кодексі» қабылданған. Бұл кодекс бойынша қабылданатын
сыйлықтардың бағасы шет елдіктерге 225 доллар, отандастарға 20 доллардан аспауы тиіс.
АҚШ мемлекеттік департаменті дәстүр бойынша жыл сайын ел президенті алған
сыйлықтар тізімінінің есебін жариялайды. Егер Ақ үй қожайыны президенттік мерзімінің
аяқталуы бойынша ол осы сыйлықтарды естелікке өзіне қалдырғысы келсе, ол американ
қазынасына сыйлықтардың толық құнын төлеуі қажет. Осыған ұқсас құжатты 1997 жылы
Ұлыбританияның премьер-министрі Т.Блэрдың ұсынысымен қабылдаған болатын. Онда
ағылшын шенеуігі жеке өзіне 140 ағылшын фунтынан аспайтын келісілген сыйлықтың
бағасы шеңберінде сыйлық ала алады.
Ал Ресей Федерациясында жоғарыда көрсетілгендей арнайы заң актілері жоқ. Бірақ
заңдарда қарастырылмаған қалыптасқан дәстүр бойынша Б.Ельциннің
президенттік
тұсында сыйлық бағасы 150 доллардан аспауы тиіс болатын. Барлық президенттік сыйлар
хаттама қызметінің құрамындағы арнайы сыйлық қорына беріледі. Дегенмен де қазіргі
таңда қымбат сыйлықтарды қазынаға тапсыру не болмаса басқада бөлімдерге тапсыру
өзгеріп келеді және хаттамалық қызметтің салтанатқа қатысты сыйлық алмасуы жайлап
өзгеруде.
Жоғарғы деңгейдегі іс-сапар кезінде жоғары қонақтарға қымбат сыйлықтар беру
өткеннің өзегінде қалып барады. Оның орнына қазіргі уақытта белгілі жағдайға
байланысты арнайы мағыналы кәде-сый алмасу орын алуда. Мысалы, АҚШ президенті
Б.Клинтон президенттігі тұсында Мәскеуге келген іс сапар
барысында Гжель шеберлері
жасаған «саксафонда ойнап тұрған Клинтонның» кішкентай мүсінін алғанда өте таң қалып
қуанғанын білдірген.
Белсенді халықаралық байланысты ұстанатын ұйымдар сыйлықтар ұсынуда белгілі
нормаларға сүйенеді. Мысалы, олардың қатарына төмендегілерді жатқыза аламыз:
жазуға қажетті құралдар, шыныдан жасалған бұйымдар, хрсуталь, былғары, металл
(әмиян, кітап қабы, қобдишалар, вазалар және т.б.) темекі шегуге қажетті заттар
(трубкалар, портсигарлар, тұтандырғыш), спиртті сусындар,
тәттілер;
құнды сыйлықтар: шығармашылық өнер туындылары, халық өнер туындылары.
Сыйлықтың бағасы емес мұнда көңіл бөлгендік ескеріледі және сыйлық бағасы
алынып тасталынады. Сонымен бірге кәде сый де сол елдің немесе ұйым мен
фирманың ұлттық белгісін білдіретін элементтердің болуы маңызды мәнге ие және
сыйлықтардың қайталанып берілуінен аулақ болған жөн.
Біздің ғасырымызда қызметтік қатынастарда ақшалай сыйлық беру үрдісі кең
тарауда. Ақша ашықхатқа салынып қасына конфет қорабшасы немесе гүл қосылып
беріледі. Ал шет елдіктермен қарым-қатынаста ақшалай сыйлық берген дұрыс емес.
Әрқашанда қолайлы сыйлық бұл әйелдер қауымына берілетін – гүл. Қапталған
гүлдер шабарманмен беріледі: мұндай жағдайда букетке визит карточкасы қоса салынады.
Ресми қатынаста неше гүл және қандай түс екеніне мән берілмейді. Сонымен қатар кейбір
елдерде белгілі бір гүлдердің символикалық мәні бар екендігін білу артық етпейді.
Мысалы, хризантемалар Венгрияда – қайғыны білдірсе, Қытайда –
жетістік пен ұзақ
өмірді білдіреді; Латын Америкасы елдерінде қызыл түс – қан мен өлімді, Германияда,
керісінше, отты-қызыл раушангүлдер – махаббат гүлі; көптеген еуропалық елдерде
қалыңдық күлі деп есептелген калла гүлдерін Финляндияда қазаға ғана әкеледі. Сол
себептен де букеттің түстік құрамына да назар аудару маңызды: жапондықтар үшін ақ түс
– өлім түсі; қытайлықтар үшін ақ түс пен көк түстің бірігуі – бақытсыздықтың символы,
арабтар үшін – израильдық туды, ал түріктер үшін – грек туын еске түсіреді. Солып
қалған гүлдерді сыйлауға жол берілмейді.
Шетелдік серіктестерге сыйлық таңдау кезінде қонақтар
делегациясының ішінде
қалыптасқан ресми және хаттамалық ағалықты есепке алу қажет. Жетекшісіне басқа
делегация мүшелері, аудармашыға қарағанда неғұрлым қымбаттырақ сыйлықтар мен
кәдесыйлар беру тиіс. Бұл ережені қожайындарға сыйлық беру кезінде қонақтар да
басшылыққа алуы тиіс.
Кейбір заттар мен символдарға қатысты ұлттық түсінікті де білу пайдалы.
Батыстағы да, Шығыстағы да көптеген елдерде сыйлыққа сағат алу жаман ырым ретінде
қабылданады (Қытайда сағаттың иероглифтік таңбалануы өлім суретін еске түсіреді).
Жапондықтарға арналған сыйлықта жапон тілінде «өлім» сөзімен бейнеленетін «төрт»
сөзі болмауы тиіс. Спирттік сусындарды мұсылмандық мемлекеттер өкілдері мен
ханымдарына сыйлау әдепсіз. Барлық сыйлықтар (гүлден басқа) қорапта беріледі.
Этикет сыйлықты алу кезінде (ол ұнаса да, ұнамаса да) ол үшін жылы
ризашылығын білдіруді талап етеді. Бұл, ереже бойынша, екі рет жасалады –
басында
беру кезінде, ал кейіннен қағазын ашып, ондағы сыйлықпен танысқан кезде.
Шетелдік делегацияның сапары барысында сыйлықты бірінші болып қабылдаушы
тарап әдетте қонақтың кетуіне аз уақыт қалған кезде береді.
Достарыңызбен бөлісу: