Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет9/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Байланысты:
ДЭП-МО-31

Бекіту сұрақтары: 
1.
Этикеттің қандай түрлері бар? 
2.
Этикет талаптары қандай? 
3.
Дж.Ягердің іскерлік этикеттің қандай қағидаларын білесіз? 
4.
Адаммен қарым-қатынас құралдары қандай топтарға бөлінеді? 
№5, 6 дәрістер тақырыбы: 
Қазақстан Республикасындағы хаттамалық қызмет. 
Мемлекеттік хаттама
 
Сағат саны: 
2
 
Дәрістің мақсаты:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасына сипаттама 
беру. 
Дәрістің топтама-тәсімі.
Хаттамалық қызметтің заңнамалық негізі. Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік хаттама қызметі мен міндеттері. Мемлекеттік іс-сапар. 
Мемлекет басшысының қатысумен болатын шаралардың хаттамалық ұйымдастырлуы. 
Президенттің шетелдерге іс-сапары. 
Дипломатиялық протоколдың көптеген қызметтерін орындау үшін барлық елдерде 
арнайы қызмет құрылады. Бұл қызметтердің құрылымдары әртүрлі болуы мүмкін. 
Бүгінгі күні әлемде осындай екі жүйе қалыптасқан: 
1. Орталық тәуелділігінен ажыратылған немесе бөлінген. Осы жүйе бойынша 
протоколдық бөлімше әртүрлі мемлекеттік институттарда, мемлекеттік басқару мен 
биліктің әртүрлі деңгейлерінде қатысады. Бұл, аса кең таралған жүйе (АҚШ, 
Ұлыбритания, ГФР, Жапония). 
2. Орталықтандырылған жүйе, соған сәйкес елде әртүрлі деңгейдегі лауазымды 
тұлғалардың халықаралық байланыстарын протоколдық қамтамасыз етуде бірыңғай 
мемлекеттік саясатты жүргізетін, негізгі үйлестіруші орган құрылады. Франция мен 
Италияның протоколдық қызметтері осы жүйенің мысалдары болып пайдаланылады. 
Алайда, осылай болу аса шартты болып саналады. Нақты бір елден, екіжүйенің де 
элементтерін жиі байқауға болады. 
Қазақстан, мемлекеттер қоғамдастығында бола отырып, ынтымақтастықты жүзеге 
асырып, сондай-ақ жаңа ынтымақтастық орнату арқылы, шет мемлекеттермен бұрын 
белгіленген қарым-қатынастарды ұстап тұру жолымен, өзінің халықаралық тәжірибесінде, 
оны Қазақстанға ғана тән өзіндік ережелермен, оның бекітілген нормативтік-құқықтық 


құжаттарымен толықтыра отырып, жалпыға бірдей қабылданған халықаралық протокол 
нормаларынан ұстанады. 
1992 жылы ҚР СІМ Протокол бөлімі Қазақстан Республикасындағы 
дипломатиялық протоколдың ережесін реттейтін құжат жобасын әзірледі. Содан кейін 
тұңғыш негізгі құжат – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 
Республикасының бірыңғай протоколдық тәжірибесін бекіту туралы» Жарлыққа қол 
қойылды. 1992 жылға дейін халықаралық іс-шаралар өткізу кезінде протоколдық 
рәсімдер, бұрынғы КСРО СІМ тәжірибесі негізінде жасалған, ҚР СІМ протоколдық 
тәжірибесінің Негізгі ережесімен реттелді. 
Қазіргі қолданыстағы Жарлыққа, ҚР-да мемлекеттік протоколдың бірыңғай 
нормаларын сақтау мақсатында, бұрынғы құжатқа қосымша өзгерістер енгізгеннен кейін, 
1999 жылы қол қойылған болатын. 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
протоколын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, елдің бүкіл аумағындағы мемлекеттік 
органдардың бірыңғай протоколдық тәжірибесінің сақталуын бақылауды, Сыртқы істер 
Министрлігінің мемлекеттік протокол қызметі, Президенттің Протокол қызметі жүзеге 
асырады. 
Мемлекеттік Протокол Қызметінің қызметі Қазақстан Республикасының сыртқы іс-
шараларының мемлекеттік протоколын құралдармен және нормалармен қамтамасыз етуге, 
біздің елімізде ресми шетел өкілдерін қабылдау және қазақстандық басшылар мен ресми 
тұлғалардың шетелдерге сапарларын жүзеге асыру кезінде бірыңғай протоколдық 
тәжірибені қолдану мен сақтауға бағытталған. 
Қазақстан Республикасында бірыңғай протоколдық тәжірибені қамтамасыз ету 
мәселелері бойынша мемлекеттік протокол Қызметі Президент Протоколымен, Премьер-
Министрдің Протоколдық қызметімен, Сенат аппаратының парламентаралық және 
ақпараттық байланыстар бөлімімен және Парламент Мәжілісі аппаратының халықаралық 
байланыстар және протокол бөлімімен тығыз және тұрақты байланыста жұмыс жасайды. 
Сондай-ақ, оның құзыретін екі ретін мәселелер бойынша, бүкіл мемлекеттік басқарудың 
орталық органдарымен, ведомстволарымен және Қазақстанның облыстарымен тұрақты 
жұмыс жүргізеді, протоколдық мәселелер бойынша ҚР СІМ шетелдердегі мекемелерінің 
қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, шет мемлекеттердің мемлекеттік туларының
әнұрандарының және елтаңбаларының құжаттамасы жүргізіледі. 
Мұнан өзге, мемлекеттік протокол Қызметі шетелге Президенттің, Премьер-
Министрдің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің сапарына орай 
ұйымдастыру сипатындағы іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асуына қатысады, 
шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты жұмыс 
байланысын іске асырады, оған протоколдық жұмысқа қажетті көмек көрсетеді. 
Мемпротокол қызметі тұрақты негізде, оның құзыреттеріне қатынасы бар 
мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің 
дипломатиялық өкілдіктерімен байланысты жасап тұрады. 
Жүргізілетін протоколдық іс-шаралар тізбесінің ауқымы аса кең. Бұл – елдің 
басшылығына шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің сенім 
грамоталарын тапсыру рәсімдік салтанатын ұйымдастыру; ҚР Президентінің, Қазақстан 
Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпуспен жыл сайынғы кездесуін 
дайындау; ел Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің арнайы отырыстарында және өзге де 
салтанатты іс-шараларда дипломатиялық корпустың қатысуын ұйымдастыру. Бұл тізбеге 
сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрінің және оның орынбасарларының шетелдер 
елшіліктерінің 
басшыларымен, 
шет 
мемлекеттердің 
саяси 
және 
қоғамдық 
қайраткерлерімен кездесулері мен келіссөздерге дайындық; шетелдердің дипломатиялық 
миссияларының басшылары мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерін аккредитациялаудан 
өткізу, сондай-ақ олардың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен байланысты республика 
басшылығымен қоштасу кештерін ұйымдастыру; шетелдердің дипломатиялық және 
әкімшілік-техникалық 
қызметкерлерінің 
дипломатиялық 
артықшылықтары 
мен 


иммунитеттері мәселелерін реттеу; дипломатиялық корпус қызметкерін тіркеу және тиісті 
құжаттар беру кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет