Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Балалар біздің істерімізден үйренеді



Pdf көрінісі
бет61/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Балалар біздің істерімізден үйренеді 
Балалар ешқашан біз айтқандай етіп істемейді, бірақ олар біздің жасағанымызды 
айнытпай жасайды. Сондықтан ақыл үйреткеннен гөрі өзіңіз үлгі болыңыз. 
Ажырасу 
Егер әке мен шеше ажырасса, онда отбасы мүшелерінің бірін-бірі қолдауы аса 
маңызды. Егер ажырасып жатқан әке мен шеше бірін бірі жамандап жатса, бала 
адасады. Ата-аналар балаларға өздерінің бұл тірліктерінің оларға еш қатысы жоқ екенін 
түсіндіруі керек. Ешуақытта балаларға ажырасу себебіне біз кінәлі болармыз деген ой 
келмейтіндей болсын. 
Жақсы қартаю 
Біздің көбіміз кәріліктен қорқамыз. Біз кәрі болып көрінгіміз келмейді. Біз 
қартаю процесін құбыжық секілді көреміз. Дегенмен, кәрілік өмір циклының табиғи 
және ажырамас бір бөлігі. 
Мәселен сіз қартаймадыңыз делік. Өмірден кеткенде жап-жас күйі кеткен қалай? 
Қартайған сәтте өзіңді сүю жас кезде сүйгеннен де бетер керегірек. Өйткені бізге 
өмірдің барлық сатыларынан өту бұйырған.
Адамдар, әсіресе әйелдер, кәрілік жайлы ойлағанда көбірек қобалжып, 
қорқынышқа түседі. Қартая бастағанда бетіндегі жаңа әжімдерді жек көріп
таңертеңгілік байқалған ақ шаштарды жұлып әлектенеді. Жас келе жаңа кеселдер пайда 
болады. Осылардың бәрін бір төбеге үйіп уайымға түсудің не қажеті бар. Мен мәселен, 
қартайған адам аурудан өледі дегенге сенбеймін. 


58 
Шындығында, біз өзгеше өлуге тиіспіз деп ойлаймын. Белгілі бір мерзімге 
келгенде біздердің барлық істеріміз аяғына келеді, сол кезде біз басқа дүниеге көшуге 
әзірленеміз. Ол үшін өлімші жағдайда кеселді болу керексіз. Біз қартайғанда өзімізді 
тың сезінгеніміз жақсы емес пе? 
Сан-Франсисконың бір медициналық мекемесінде адам организмінің қартаюы 
гендерге байланысты емес, ми қабаттарының бірінде жататын «биологиялық сағаттың» 
көлеміне байланысты екені дәлелденіпті. Ол «сағат» біздің қартаю процесіне қалай 
қарайтынымызға байланысты екен. 
Мәселен, сіз 35 жас – орта жас, одан әрі қарай кәрілік басталады деп ойласаңыз, 
солай бола кетеді. Сондықтан, мен 90-ға келгенде қандай әсем қария боламын деп 
ойлаңыз. 
Не ексең, соны орасың. Қария кісілерге қандай қарым-қатынас жасасаңыз сізге 
де солай болады. Өзін жақсы көретін ата-аналар балаларына да осыны үйретеді. Біз 
өзімізді сүю өнерін қаншалықты меңгерсек, біздің балаларымыз да осыны үлгі етіп 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет