Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Байланысты:
2 5285234098434998812

Оқырманның қалыптасуы
[ 23 ]
болған дәуірге де жетіп, қай үңгірде мекендегенімді 
де анықтар ма едім? 

БҰРЫН СҮЙІКТІ ШЫҒАРМАҢДЫ ІЗДЕП ТАБУ 
НАҒЫЗ КВЕСТ ЕДІ
Бір күні Райхан тәтем «Орбита» ықшамауда-
нындағы ескі кітаптар сататын жерден Марк 
Твеннің «Том Сойер мен Гекльберри Финнің басынан 
кешкендері» туындысын 120 теңгеге сатып алып бер-
ді. Саудаласып көріп едім, қырықтар шамасындағы 
еркек сатушы кісі көнбеді. 2000 жылдардың басында 
бұл аз ақша емес еді. Оқушының қоғамдық көліктерде 
айлық жүру билеті, мәселен, 50 теңге ғана тұратын. 
Ал енді бүгінгі бағаммен салыстырып санай беріңіз. 
Мен Твеннің осы екі туындысын бірнеше қайтара 
оқыдым.
Артур Конан Дойлдың Шерлок Холмс туралы хи-
каяларын түгел оқып шықтым. Бірақ сол кезде үлкен 
қиыншылық болды. Интернет жоқ, керек нәрсені 
қас қағым сәтте іздеп таба алмайсың. Әдебиеттегі ең 
әйгілі детектив жайындағы шығармалар елу алты 
әңгіме мен төрт повестен тұрады. Олар өз кезегінде 
бірнеше кітапқа бөлінген. Мен олардың барлығын 
түрлі кітапханалардан іздедім. Ақырында төрт 
повестің бәрін тауып оқыдым, тек екі-үш әңгімесін 
ғана таба алмадым. Бірнеше жылға созылған ізденіс 
нәтижесінде соңғы повесін Қаскелең қаласының 
орталық кітапханасынан таптым. Иә, ол кезде 
сүйікті шығармаларыңды тауып оқу нағыз роман-
тика еді!


[ 24 ]
Бірінші тарау
Қазір Шерлок Холмс туралы хикаялардың толық 
жинағы бөлек кітап болып шыққан. Үйімдегі кітап 
сөремде тұр.
СУҒА КЕТКЕН ТАЛ ҚАРМАЙДЫ
Мектепте оқу үлгерімің үздік болса, сыныптаста-
рыңның есеп шығарып беруді сұрап мазаңды қа-
шыратыны бар. Оқушы болсаң да бос уақытың бола 
бермейді. Есесіне, алдымен өзіңнің жағдайыңды 
ойлайсың, бақылау жұмыстарында төмен баға алғың 
келмейді. Оларға «жоқ» десең, ренжитіні бар. Қай жас-
та болмасын адам ренжігіш келеді ғой. Мен бұл мә-
селенің шешімін тауып, бартер негізінде жәрдем-
дестім.
Бастауыш сыныптарда есебін шешіп беруді сұрап 
келгендер менің «оққағарым» болуға көнсе («ер 
шекіспей бекіспейді» деген бар, бала болған соң 
төбелесіп қаласың, бірақ оның барлығына уақыт пен 
денсаулық керек), жоғары сыныптарда оқығанымда: 
«Есеп шығарып бергенім үшін кітап әкеліп беріп 
отырыңдар», – дейтін болдым. Сөйтіп бірнеше мәрте 
айтқан кітаптарды әкеліп бергендері бар. Олардың 
кітаптарды мектеп кітапханасынан ұрлағандарын 
кейін білдім. «Суға кеткен тал қармайды» дейді ғой, 
бақылау жұмысынан төмен баға алып қалмау үшін 
ұрлыққа баратынын білгенімде, кітап емес, түскі 
асымды алып беріңдер деп сұраймын ғой. Кітаптар-
дың ұрланған екенін білген бойы кітапханашы апай-
ға қайтып апарып бердім. Бұл да бір қызық, есте 
қалатын оқиға.


Оқырманның қалыптасуы
[ 25 ]
БІР НӘРСЕГЕ ҒАНА ӨКІНЕМ
Бастауыш сыныпта жетекші ұстазымыз: «Келесі 
күні 20 килограмм макулатура алып келіңдер», – 
деп міндет қойды. Бұл тапсырма, шамасы, сол кез-
де жоғары жақтан келген болар. Бұл екінші не үшінші 
сыныпта болған әңгіме. Кеңес заманында қалыптас-
қан әдеттер мен тәртіптен әлі арыла қоймаған ке-
зең ғой. Мен, негізінде, кез келген тапсырмаға үлкен 
жауапкершілікпен қараймын. Бірақ осы жолы мұ-
ғалімнің тапсырмасына салғырт қарағаным әлде-
қайда дұрыс болған болар еді. 
Үйге келіп, атам мен әжеме осы туралы айттым. 
Бала болған соң көңілімді қиғысы келмегендіктен бо-
лар, үйдің кітапханасының бір бөлігін құрбан етіп, 
20 килограмм кітапты буып-түйіп берді. Таразыға са-
лып өлшегеніміз есімде. Содан атам туысқанымыз ба, 
әлде көршіміз бе, қазір есімде жоқ, бір кісіге көмекте-
суді өтініп, ертесіне сол кісі әлгі кітаптарды жеткізіп 
берді. Мектепке дейін жаяу жүрсең, жарты сағаттық 
жол. Сыныпта 30 шақты бала болса, апайдың тапсыр-
масын бұлжытпай орындаған тек мен болдым. Бір сы-
ныптасым екі-үш кітап алып келіпті. Болды. Апарған 
кітаптарымды әлі күнге дейін макулатура деп айтуға 
тілім бармайды. Еске алсам, ішім күйеді. Балалық 
қой. Қазір апарғаныма қатты өкінемін, ішінде қандай 
құнды кітаптар болғанын бір Құдай біледі. Бүгін қалай 
екенін білмеймін, бірақ сол жылдары мектепте жасыңа 
қарамай этикаға жат міндеттер жүктей беретін. 
Кеңес заманында макулатура өткізгендерге сирек 
кітапты алуға мүмкіндік беретін талон сыйлайды 
екен. Ал тапсырманы орындаған екеумізге бір мақтау 


[ 26 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет