49
«Араб кӛктемінің» нәтижесінде халық толқуынан тӛрт елдің билігі
құлады:
Тунис президенті 2011 жылғы 14 қаңтарда Зин әл-Абидин Бен Али бас
сауғалап Сауд Аравиясына қашты. Египетте 2011 жылғы қаңтардың ортасынан
бастап 18 күнге созылған халықтың қарсылық акцияларынан соң 2011 жылғы
11 ақпанда 30 жыл ел президенті болған Хосни Мубарак отставкаға кетті.
Ливиялық лидер Муаммар Каддафи 2011 жылы 23 тамызда билігінен
айырылып, сол жылы 20 қазанда ӛзі дүниеге келген Сирт қаласында Ұлттық
ӛтпелі кеңестің сарбаздары қолынан қаза тапты. Йемен президенті Али Абдалла
Салех 2012 жылы 27 ақпанда ӛзінің билігінен айырылды. Сонымен қатар, Оман,
Марокко, Иордания, Судан, Мавритания, Джибути, Ливан, Батыс Сахара,
Кувейт, Сауд Аравиясында билікке қатты қарсылық кӛрсеткен халық
толқулары болды. Иордания, Кувейт, Сауд Аравиясы сияқты кейбір
экономикасы күшті, бай араб елдері халыққа қаржылай кӛмек беру, қомақты
ӛтемақылар тӛлеу арқылы бұқара араб наразылығының бетін қайтарды. «Араб
кӛктемінің» зардаптары әлі күнге дейін жойылған жоқ, араб елдері дағдарыс
пен азамат соғысы жағдайын бастан ӛткеруде.
Достарыңызбен бөлісу: