Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Тақырыпты пысықтау сҧрақтары



Pdf көрінісі
бет25/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Тақырыпты пысықтау сҧрақтары:
1. Биліктің заңды болуы, легитимділік дегеніміз не? 
2. Биліктің заңды болуы неге байланысты болады? 
12-дәріс. Биліктің ӛз легитимділігін жоғалтуы 
Биліктің легитимділігін жоғалту себептері
 Халықтың билік органдарына сенім жоғалтуына ықпал ететін 
факторлар 
Билік қатынастарында ерекше орын алатын проблемалық жағдайлардың 
бірі – легитимдіктен айырылу немесе делегитимдену болып табылады. 
Делегитимдену
– легитимденуге қарама-қарсы процесс. Негізінен, билік 
басындағы саясаткерлер халықтың үмітін ақтамай, сенімінен шығып қалған 
жағдайда орын алады.
Делегитимденудің, яғни, биліктің халық сенімінен айырылып, ӛз 
легитимділігін жоғалтуының басты себептері:


47 
1) қоғамдағы әмбебап құндылықтар мен билеуші элитаның эгоистік 
мүдделерінің қайшылыққа түсуі. Шенеуніктер қарақан бастарының мүддесін 
ұлттық мүддеден жоғары қойып, сыбайлас жемқорлыққа салынуы қоғамның 
наразылығын туғызады;
2) демократия идеясы мен әлеуметтік-саяси тәжірибенің арасындағы 
қайшылық. Билік ӛзінің легитимділігі азайған сайын жанталасып, биліктен 
айырылып қалмаудың жолдарын іздестіре бастайды, адамның құқықтары мен 
бостандықтарын аяққа таптап, сӛз бостандығын шектеп, оппозицияға қатты 
қысым кӛрсетеді, бӛгде ойдағыларды (диссиденттерді) қатаң жазалауға кӛшеді. 
Демократиялық идеялар мемлекет террорының тасасында қалады;
3) саяси жүйе ауқымында халықтың мүддесін кӛздейтін механизмдердің 
болмауы;
4) сыбайлас жемқорлық пен бюрократияның белең алуы;
5) кӛп ұлтты мемлекеттерде шовинизм, этникалық сепаратизм, эстремизм 
сияқты жағымсыз құбылыстардың туындауы;
6) билеуші элитаның ӛзіндік сенімі жоғалып, кландық, трайбалистік 
жікшілдіктің тереңдеуі;
7) билік тармақтары арасындағы қайшылықтар, ведомство аралық теке-
тірестердің кӛбеюі; 
8) билік органдары мен қылмыс әлемінің сыбайласып, ауыз жаласып кетуі. 
Кротологиямен айналысушы ғалымдар билік легитимділігінің дағдарысын 
туындатушы факторларды былайша кӛрсетеді:
Билік органдары ӛздерінің қызметтерін орындай алмауы немесе саяси 
кеңістікте легитимді емес мәжбүрлеудің орын алуы 
(Ф. Били); 
- әскери конфликтіле мен азаматтық соғыстардың болуы (Д. Яворски); 
- ӛзгерістер толассыз жүріп жатқан қоғамның ӛміріне үкіметтің бейімделе 
алмауы (Э. Циммерман); 
- конституциялық тәртіптің бұзылуы (С. Хантингтон). 
Билік легитимділігінің дағдарысына алып келетін себептер сан-алуан, 
бірақ олардың барлығына халықтың билікке қатысты наразылық (протестік) 
кӛңіл күйі тән. Мысалы, сайлаудың, референдум мен плебисциттің
әділ ӛтпеуі, 
инфляция мен девальвацияның әсерінен болатын қымбатшылықтан тұрмыс 
тауқіметінің қиындауы, жұмыссыздық, қылмыстың ӛршуі, ӛмір сапасының 
тӛмендеуі т.б. саяси, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы түрлі себептер 
халықтың наразылығын тудырады. Билік легитимділігінің ресурстары 
сарқылған сайын халық наразылығы ӛсуімен қатар, оппозициялық күштердің 
қоғамдық қолдауға ие болып, тез күшеюіне ықпал етеді. Наразы халық пен 
оппозицияның мақсат-мүддесі түйіскен кезде ресми билікке талап-тілектер қою 
басталады. Әдетте, «халықтың сенімін ақтамаған билік отсавкаға кетуі тиіс»,
«жалақыны, түрлі әлеуметтік тӛлемдерді кӛтеру керек», «салықтарды 
тӛмендету қажет» т.б. талаптар қойылады. Билік мұндай талаптарды 
қанағаттандыра алмаса, наразылық одан сайын күшейіп, ашынған тобыр 
радикалды іс-әрекетке кӛшеді. Мұның соңы жаппай бұзақылықтар, ереуілдер, 
қарсылық акцияларына ұласып, асқынған жағдайда тӛңкерістер мен азамат 


48 
соғысына дейін ӛршіп кету қаупі бар. Бұған соңғы жылдары әлемнің түрлі 
елдерінде орын алған Қырғызстан мен Грузиядағы түрлі-түсті тӛңкерістер, 
«араб кӛктемі», украиналық майдан мен «гибридті соғыс», Еуроодақ 
елдеріндегі кәсіподақтардың ұйымдастыруымен ӛтетін жұмысшылардың 
жаппай ереуілге шығуы жатады. Енді осыларға қысқаша тоқтала кетейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет