Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет28/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
 
Тақырыпты пысықтау сҧрақтары: 
 
1. Қазіргі қолданыстағы билік бӛлінісі теориясын ең алғаш ұсынған кім? 
2. Қанша билік тармағы бар және олардың қызметі мен органдарын атаңыз. 
 
14-дәріс. Бюрократия және билікті бҧзушы ӛзге де факторлар 
 
Бюрократияның билікке ықпалы
Саяси билікті іштен бұзушы себептер 
 
Саяси тәртіптің тұрақтылығы мен жүргізіліп отырған мемлекеттік 
саясаттың тиімділігі кӛп жағдайда әртүрлі әлеуметтік және саяси мүдделердің 
қақтығысуының, заңшығарушы және атқарушы билік арасындағы, атқарушы 
биліктің әртүрлі органдары арасындағы құзыреттің бӛлінуі үшін болатын 
күрестің, саясаткерлер мен тағайындалған басқарушылар, мамандар мен кәсіби 
шенеуніктердің арасындағы ӛзара қарым-қатынасын ескеруін міндеттейтін 
мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне тәуелді. Бұл тәртіп кӛптеген жылдар 
бойы тек қана заңшығарушы-құқықтық база мен әкімшілік ресурстар ғана
емес, халықтың дәстүрі мен мәдениетінің негізінде қалыптасады. 
Бюрократия – 
(лат. bureau – бюро, канцелярия және грекше kratos – күш, 
билік, үстемдік; канцелярияның билігі)
– атқарушы билік орталықтарының 
қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалауына негізделген саяси, әлеуметтік және 
экономикалық жүйе; қоғам мен мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-
мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік 
байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бұл байланыстар тұйықталған, иерар-
хия заңдылықтарына сай жүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін 
белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін 
қалыптастырады. 
Бюрократия – кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару 
құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа біткен қасиеті. Кез келген 
мемлекеттің аппараты бюрократиялық ӛзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде 
бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық 


52 
қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдардың үстіне қондырылған 
басқару түрі болып шығады. 
Бюрократияның қоғамдық-экономикалық құрылымымен, демократиялық 
процестердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік 
деңгейімен, қоғамның ӛнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік 
ерекшелігі бар. «Канцелярия билігі» мемлекеттік билік жүйесінен, оның 
табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау 
мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей ӛзара 
тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған – Гегель. Оның теориясын 
К. Маркс дамытты. Бұл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. 
Мертонның және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді. 
Мысалы, Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі 
үшін тӛрт жағдай керек, соның бірі – бюрократия: 
1. Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай 
білікті, маман ӛкілдер тобы болуға тиіс. Мысалы, Англияда олардың тобына ең 
алдымен ақсүйектер жатады. 
2. Саяси органдарды халық жақсы қабылдауы үшін билік халықтың мұң-
мұқтажы мен кӛзқарастарын қамтитын шешімдер жасауы керек. Олай болмаса, 
шешімдердің легитимділігі дұрыс болмайды, сондықтан елдегі саяси тәртіптің 
тұрақтылығына нұқсан келеді. 
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары 
бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. 
Себебі ол маман емес ынталы адамдарға карағанда мемлекетті кӛш ілгері 
басқарады. Ол ӛз құрамын орта таптың ӛкілдерімен толықтырғаны жӛн. 
4. Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып 
табылатын демократиялық ӛзін-ӛзі бақылау болғаны ӛте маңызды. Саяси 
процеске әрбір қатысушы ӛз еркімен ӛзін-ӛзі тежемесе, қандай демократия 
болмасын алысқа кете алмайды. Билеуші топ болсын, оппозиция және басқа 
дау-жанжалға қатысушы топтар болсын, ең алдымен, ұлттық мүддені бірдей 
түсініп, жоғары қоюлары абзал. 
Саяси бюрократия – тиімді құқықтық биліктің қажетті элементі, еуропалық 
ӛркениеттің әлеуметтік және саяси дамуының нәтижесі. Бюрократиялық ұйым 
белгілері: 1) ұйым мүшелері арасында міндеттерді бӛлу арқылы қол 
жеткізілетін тиімділік, бұл жетекшілік қызметтерде жоғары білікті мамандарды 
пайдалануға мүмкіндік береді; 2) биліктің қатаң сатылығы жоғарыда тұрған 
лауазымды қызметкерге тӛменгі сатыдағы қызметкерлер жұмысын бақылауға 
мүмкіндік береді; 3) қатаң белгіленген ережелер жүйесі; 4) әкімгершілік 
қызметтің бет-бейнесі болуы және қарым-қатынастардың эмоциялық 
бейтараптығы. 
Бюрократиялық жүйеде, сонымен қатар қатаң иерархиялық тәуелділік пен 
волюнтаризм орнайды. Саяси иерархия – (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет