Саяси ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет23/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Байланысты:
treatise15701

Сыбайлас жемқорлық 
Осындай жалпықоғамдық жағымсыз құбылыс БҰҰ-ның сыбайлас 
жемқорлықпен күрес туралы құжатында тӛмендегідей анықталған: «Сыбайлас 


41 
жемқорлық – жеке басының мақсатына артықшылықтар алу үшін мемлекеттік 
билікті теріс пайдалану».
Басқаша айтсақ, – мемлекеттік дәрежедегі шенеуніктердің сатқындығы, 
опасыз жемқорлығы. Атап айтқанда, мемлекеттік дәрежедегі, кейде ұсақ-түйек 
қылмыстарды да сыбайлас жемқорлықпен шатастырып, айқайлатып кӛрсетіп 
жатамыз. Сыбайлас жемқорлық, біздің елдегі онымен күрес қылмысқа қарсы 
әрекет ұйымдастырудағы және қылмысты жолмен табылатын капиталды «жуып 
тазартуға» қарсы қолданылатын мемлекеттік шаралар жүйесінің құрамдас 
бӛлігі болып саналады. 
Бұл шаралар бүгінгі таңда кешенді түрде жүргізілуде және оның дәлелі 
ретінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы» заңын алуымызға болады. Оны орындаудың біріңғай тетігін жасау, 
биліктің және қоғамның барлық институттарының күшін үйлестіру үшін 
сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасы жасалды, ол 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 желтоқсанындағы 
Жарлығымен бекітілді. 
Бағдарламада сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық базасын 
жетілдіру, алдын ала сақтандыру, сыбайлас жемқорлықпен күрестің 
тәжірибелік шаралары, құқық қорғайтын органдар мен сот жүйесі қызметінің 
тиімділігін арттыру сияқты басымдылықтар анықталған. 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 
жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңында (2013.03.07. берілген ӛзгерістер мен 
толықтыруларымен) мемлекеттік мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ 
соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық ӛкiлеттiгiн және соған 
байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн 
олардың ӛз ӛкiлеттiктерiн ӛзгеше пайдалануы, жеке ӛзi немесе делдалдар 
арқылы заңда кӛзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол 
сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен 
артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас 
жемқорлық деп ұғынылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық 
субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттік мiндет атқаруға уәкiлеттi ӛзге де 
адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге 
асырушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен 
артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады. Қазақстан 
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жӛніндегі 2011 - 
2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 
наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген. Міндет: Халықаралық 
ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру; Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту жӛніндегі 
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру; Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы кӛзқарасты жоғарылату; Кӛлеңкелі экономика деңгейін тӛмендету.Іс-
шаралар жоспары еліміздің мемлекеттік органдарының барлық құрылымдық, 
аумақтық бӛлімшелерінің назарына жеткізілген. 


42 
«Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жӛніндегі 
Республикалық Қоғамдық кеңесі – жемқорлыққа қарсы тиімді әрекет ету, оны 
туындататын себеп-салдарды жою мәселелері жӛніндегі консультативтік-
кеңесу органы. 
Кеңес жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алуға, 
мемлекеттік билік, жергілікті
мемлекеттік басқару мен ӛзін-ӛзі басқару 
органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет ету жӛніндегі мемлекеттік саясатты 
жетілдіруге, жемқорлықты тудыратын себеп-салдарды жоюға, лауазымдық 
жағдайын теріс пайдаланушылық пен оны пайдаланып құқық бұзушылық 
жасауды 
жоюға, 
қоғамда 
жемқорлық 
кӛріністеріне 
тӛзбеушілікті 
қалыптастыруға кӛмектесу. 
Кеңестің міндеттері: 
1) 
партияның, 
қоғамдық 
ұйымдардың, 
сондай-ақ 
партияның 
консультативтік-кеңесу институттарының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
жӛніндегі бағдарламалық құжаттарының орындалуын жүзеге асыруын 
қамтамасыз ету және мониторинг; 
2) партияның аймақтық және аумақтық филиалдары жанындағы 
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жӛніндегі Қоғамдық кеңестерінің жұмысын 
үйлестіру; 
3) қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру; 
4) жемқорлық жағдайына партиялық және қоғамдық әсер етудің 
механизмін жетілдіру , жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түрлі инновациялық 
қалыптарын, әдістері мен құралдарын қолдану; 
5) 
жемқорлыққа 
қарсы 
іс-қимыл 
жӛніндегі 
азаматтық 
қоғам 
құрылымдарымен ӛзара іс-қимыл; 
6) жемқорлық кӛріністері фактілері бойынша жеке және заңды 
тұлғалардың ӛтініштерімен жұмыс істеу. 
Кезінде «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының бір мұраты - 
кәсіби мемлекетке қол жеткізу болатын, солай бола тұра, әлі күнге дейін 
сыбайлас жемқорлық пен командалық-кландық жағымсыз құбылыстардан 
арыла алмай келеміз. Елбасымыз қаншама рет ескертсе де, әкім-қараларымыз 
командалық психологиядан бас тартпай келеді, билік басында бірнеше кландар 
бар екені де қоғамдық пікірде кӛп айтылады. Соның зардабынан сыбайлас 
жемқорлық ӛршіп тұр, коррупциямен күрескен сайын бұл қоғамдық дерт 
асқынып бара жатқан сияқты.
Transparency International халықаралық ұйымы жыл сайын коррупцияны 
аңғару индексі (Corruption Perception Index) бойынша әлемдегі 180 елдегі 
сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анықтап, нәтижесін жариялайды. 2012 жылы 
Қазақстан коррупция деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 133 орында болса, 2013 
жылы 140 орынға түсіп кеткен. Кӛрсеткішіміздің тӛмендеп кетуінің мәнісі 
мынада: біз коррупциямен күресіп жатырмыз, бірақ басқа елдер де қарап 
отырған жоқ қой, олар да күресуде. Коррупциямен күресте жақсы нәтижеге қол 
жеткізген ӛзге елдер алдымызды орап кетуінен біздің рейтингіміз кері кетіп, 
тӛмен қарай сырғудамыз. Бұдан қандай ой түйімізге болады? Қазақстандағы 


43 
коррупциямен күресу айтарлықтай тиімді емес деген сӛз, себебі, біз 
коррупцияның себептерімен емес, оның зардаптарымен ғана күресіп келеміз. 
Еліміздің коррупцияға қарсы күресу стратегиясын жетілдіру қажет, 
коррупцияға арқау болып отырған себептерді жоймасақ, сыбайлас 
жемқорлықты жеңу жоқ. Ең алдымен командалық-кландық жүйеге ойсырата 
соққы беріп, мемлекеттік биліктің ашықтығына, мӛлдірлігіне, бірізділігіне қол 
жеткізуіміз қажет.
Екіншіден, мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік тапсырыс беру 
жүйелерін қайта қарау қажет. Бұл салада олқылықтар ӛте кӛп, сыбайлас 
жемқорлыққа себеп боларлық кемшіліктер жетіп артылады. Түрлі тендерлер 
мен байқаулардың қалай ӛтетінін, «откат» пен «ставканың» не екенін, 
мемлекеттік тапсырыстың, атқарылған жұмыстарды ӛткізу мен қабылдап алу 
процесі қалай жүретінін білмейтін қазақстандық жоқ шығар. 
Үшіншіден, мемлекеттік шенеуніктердің мәртебесі мен әл-ауқатын кӛтере 
отырып, жауапкершілігі мен адалдығына қол жеткізуді ойластыру қажет. 
Шенеуніктеріміз командалық ауыс-түйіске, күн кӛрістің қамына алаңдамай, 
ӛздерінің атқаратын жұмыстарын уайым-қайғысыз, асқан жауапкершілікпен, 
кәсіби түрде атқаратындай етуіміз керек. Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін 
де жетілдіре түсу қажет. Барлық жағдайы бола тұра сұғанақтық жасап, 
коррупциялық қылмыс жасаса, қайсы «команда мен кланда» екеніне 
қарамастан, аямай жазалап, арам жолмен жинап-терген мал-мүлкін мемлекет 
пайдасына тәркілейтіндей етсек... Шенеуніктің «Біз» дейтін идентификациясы 
команда емес, ӛзінің елі, халқы, ұлттық мүддесі болатындай жағдай жасай 
білсек қана шенеуніктер ұлттық мүддені ойлайды, жұмысын адал атқарып, 
жемқорлықтан аяғын тартатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет