Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Тақырыпты пысықтау сҧрақтары



Pdf көрінісі
бет22/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
Тақырыпты пысықтау сҧрақтары: 
1. Клептократия дегеніміз не? 
2. Жария және кӛлеңкелі биліктің айырмашылығын ашып кӛрсетіңіз. 
3. Клан, команда, мафия деген ұғымдарды түсіндір. 
4. Сұр кардинал деген кімдер? 
10-дәріс. Билік және қысым жасаушы топтар 
Қысым жасаушы топтардың саясатқа әсері 
Лобби және билік
Сыбайлас жемқорлық 
 
Саясаттағы психологиялық қысым – үкіметтік органдарға, саяси және 
әлеуметтік құрылымдарға тікелей немесе жанама ықпал ету әдістері мен 
тәсілдер жиынтығы. Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері –
 формальды немесе формальды емес топтар, ұйымдар, қозғалыстар т.б. Дж. 
Магдвик пікірінше, саясаттағы психологиялық қысым субъектілері – «үкімет 
саясатын, оның негізгі және әкімгершілік аспектілерін әртүрлі ықпал етуді 
қолдану арқылы ӛзгертуге ұмтылатын әрі үкіметтік билікті қолына алғысы 
келетін топтар». 
Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері тұрақты, белгілі бір 
құрылымы бар. Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері ӛкілетті 
және атқарушы билік институттарына ықпал етіп, саяси партиялармен, 
қоғамдық ұйымдармен, жергілікті билік органдарымен одақтаса немесе күресе 
алады. Қандай билікке мүдделі топ болмасын, ӛз мақсаттарын, мүдделерін 
саясат арқылы қоғамдық қатынастарға енгізеді. Саясат мүдделі топтардың 
мақсаттарын іске асырудың ең сенімді және универсалды құралы болып 
табылады. Ал ресми мемлекеттік саясат сол елдің алдындағы ең ӛзекті мақсат- 
міндеттерді қамтиды. Ресми билік саясатын мемлекет басшысының, патшаның, 
корольдың, президенттің мемлекет тұтастығын сақтауға, ӛзінің жеке билігін 


40 
нығайтуға, ішкі және сыртқы қатынастардағы мәселелердің және ӛз пайдасына 
шешуге бағытталған мақсаты, міндеті және әрекеті деп бағалауға болады. 
Демек, саясатта шешуші рӛлге мемлекеттік билікті иемденіп отырған мүдделі 
топ ие. 
Билікке қол жеткізген кейбір мүдделі топтар халықтың ортақ мемлекеттік 
мүдделеріне қызмет жасамай, ел байлығын, табиғат ресурстарын жеке топтық 
мүддеге немесе отбасылық
клан мүддесіне қызмет етеді. Олай болғанда, 
басқарушы топ елді алдау, ӛтірік уәде беру, жасанды шараларды уағыздау 
арқылы қате қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысады немесе ӛз халқына 
қарсы қорқыту, репрессия саясатын жүргізеді. Мұндай мемлекеттерде 
қарапайым халық ӛтірік пен алдаудың, қорқыту мен зорлық-зомбылықтың 
құрбаны болады. 
Демократиялық, құқықтық мемлекетте саясат халықтың басым бӛлігінің 
мақсат-мүдделеріне сәйкес, мемлекеттің күш-қуатын арттыруға халықтың 
материалдық әл-ауқатын жақсарту мақсатында іске асырылады. Мұндай 
саясатты электорат қолдайды. Халықты ӛз жағына тарту үшін әртүрлі 
позициясы бар мүдделі топтар саяси салаға ӛз бағытын жүргізуге ұмтылды. 
Олардың түпкі мақсаты – билікке қол жеткізу немесе билікті басқа топтармен 
бӛлісу. Осы себепке байланысты саяси процесс парменентті, үзіліссіз 
мемлекеттік билікке талас болып табылады. Билікке талас демократиялық 
елдерде Президент, Парламент сайлаулары кезінде тіптен күшейе түседі. 
Лоббизм 
ұғымы (ағылшынша lobby – кулуар, сахна пердесі, французша - 
дәліз) мүдделі топтардың немесе жеке тұлғаның ашық хат, үндеу, петиция, 
депутатты «сатып алу» сияқты түрлі жолдармен парламентке талап-тілектерді 
білдіре отырып, қысым жасауды білдіреді. Лоббизмнің түпкі мақсаты – 
парламетке қандай да бір заң жобасын қабылдауға немесе қабылдамауға қысым 
жасау арқылы ықпал ету. Демократиялық дамыған елдердің бірқатарында 
лоббизм заңдастырылған. Бұл лоббизмен арнайы айналысатын ұйымдардың 
туындауына, лоббистік қызметтің салық тӛлейтін кәдімгі кәсіпкерлік қызмет 
кӛрсету сияқты дамуына мүмкіндік беріп отыр. Шетелдердегі лоббилік 
қызметтің заңдастырылуы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бір амалы 
саналады.
Саясаттың қызметі мен іске асуы тек қоғамды біріктіруші, топтастырушы 
рӛл атқармайды. Саясатта мүдделердің теке-тіресі, дағдарыс пен конфликтілер 
үнемі орын алып отырады. Басым топтың саясатының ӛзіне күдік келтірушілер 
мен қысым жасаушылар әрқашан да табылады. Саясаттың ерекшелігі – билік 
үшін күреспен қат-қабат жүруі. Саясат, билік, мемлекет, басқару, лоббизм 
құбылыстары бірінен бірі туындап, біріне бірі себеп болып, ұдайы ӛзара тәуелді 
байланыстағы қозғалыста болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет