Саяси ғылымдарының докторы, профессор


Қазақстан Республикасының Президенті



Pdf көрінісі
бет31/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
treatise15701

 
Қазақстан Республикасының Президенті 
 
Қазақстан Республикасының Конституциясынан ҥзінді: 
 
III бӛлім ПРЕЗИДЕНТ
40-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi – мемлекеттiң басшысы, 
мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел 
iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан ӛкiлдiк ететiн ең 
жоғары лауазымды тұлға. 
2. Республиканың Президентi – халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, 
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен 
бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. 
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп 
жұмыс iстеуiн және ӛкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн 
қамтамасыз етедi. 
41-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес 
жалпыға бiрдей, тең және тӛте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың 
кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге 
сайлайды. 


58 
2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып 
табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi 
Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана 
алады. 
3. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi 
жексенбiсiнде ӛткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң 
жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. 
3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің 
шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен 
мерзімде ӛткізіледі. 
4. алып тасталды 
5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының 
дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-
бiрi кӛрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған кӛп 
дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 
ең кӛп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. 
Ескерту. Қазақстан Республикасының 1998.10.07. №284 заңымен 41-
бапқа ӛзгерту енгізілді.
 
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 
1998.10.09. №9/241-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді. 2005.08.19. №5 
қаулыларымен 41-баптың 1 және 3-тармақтарына түсініктеме берілді. 
Қазақстан Республикасының 2007.05.21. №254 заңымен ӛзгерту енгізілді. 
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы № 403-IV заңымен 41-
бап 3-1-тармақпен толықтырылды.
42-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал 
қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң 
сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ӛзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн 
адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», – деп халыққа ант берген сәттен 
бастап қызметiне кiрiседi. 
2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда 
Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот 
судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң 
қатысуымен ӛткiзiледi. Конституцияның 48-бабында кӛзделген жағдайда 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ӛкiлеттiгiн ӛзiне қабылдаған адам 
Республика Президентiнiң ӛкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде 
ант бередi. 
3. Республика Президентiнiң ӛкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика 
Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен 
мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда 
тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен 
кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi 
деген атағы болады. 
4. алып тасталды 


59 
5. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып 
сайлана алмайды. 
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне 
қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет