57
кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге
сайлайды.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпы
халықтық Президент сайлауы ӛткізіліп, Н. Назарбаев сайлаушылардың 98,78
пайыздық дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып
сайланды.
1995 ж. 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент
Н. Назарбаевтың ӛкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды (сайлауға
қатысушылардың 91,26 %-ының 95,46 %-ы дауыс берді).
1999 жылдың 10 қаңтарында ӛткен ҚР Президентінің кезекті сайлауының
қорытындысы бойынша Н. Назарбаев 79,78 % дауысқа ие болып, жеңіске қол
жеткізді.
2005 жылдың 4 желтоқсанында кезекті президенттік сайлау ӛткізілді.
Кандидат Н. Назарбаевқа сайлаушылардың 91,15 пайызы дауыс берді.
2010
жылдың
15 маусымында «Қазақстан
Республикасының
Тұңғыш
Президенті – Елбасы қызметін қамтамасыз ету заңнамасын жетілдіру
бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына
ӛзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне Елбасы
мәртебесі бекітілді.
2011 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен
тыс сайлауы ӛтті. Н.Ә. Назарбаевқа сайлаушылардың 95,5 %-ы дауыс берді.
Достарыңызбен бөлісу: